Есептеу машиналары мен желілері курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…..4

ЖОБАЛАУҒА ТАПСЫРМА

1 АВТОМАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІН ЗЕРТТЕУ…..5
1.1 Объекттің функционалды құрылымын суреттеу…..5

2 ЛЕЖ-ге ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІН ТАҢДАУ…..8
2.1 ЛЕЖ-дің топологиясына және архитектурасына қойылатын талаптар……8
2.2 ЛЕЖ-дің технологиясын таңдау……10
2.3 Компьютерлік, телекоммуникационды жабдықтардың спецификациясы, құрылымдастырылған кабельдік жүйенің жабдықтары….11

3 ЛЕЖ ЖОБАСЫН СИПАТТАУ……..13
3.1 ЛЕЖ-дің функционалды-логикалық сызбасын талдау…….13
3.2 ЛЕЖ-дің желілік логикалық мекен-жайларын үлестіру сызбасы….14
3.3 ЛЕЖ-дің қорғау жүйесін ұйымдастыруға нұсқаулар….15
3.4 Экономикалық талдау….16

Қорытынды……..17
Пайдаланылған әдебиеттер……..18
Графикалық беттер…….19

КІРІСПЕ

Компьютерлік желі — бұл көптеген компоненттерді, түйіндерді қамтитын күрделі құрылым. Осы күрделі механизмді құру үшін арнайы бағытталған дағды мен білім қажет. ЛЕЖ құрастыратын қарым- қатынастың басты принципін, сондай-ақ кейбір жағдайлардағы компоненттердің мінез- құлқын түсіну маңызды. Компьютерлік желімен жұмыс істеу үшін қатаң тәртіпте дайындық жұмыстарын жүргізу қажет, оған деген мұқтаждық болу керек, қандай функция мен міндет атқару қажет екенін анықтау керек, желінің топологиясын, ортасын және деректердің берілу хаттамасын айыра білу керек.

Жалпы желі деп — бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз [2].

Жұмыстың мақсаты — локалды есептеуіш желіні жобалауда практикалық дағды алу.

Жұмыстың міндеті. Локалды есептеуіш желіні жобалаудағы негізгі желі құрылымдарымен танысып, желіні, топологияны және технологияны дұрыс таңдай білуді үйрену.

  Курстық жұмыс / 20 бет