Еңбек социологиясы – еңбекті әлуметтік процесс, әлуметтік еңбектің қарқындылығын арттыру факторлары, техника және технологиялық, қызметтің, жағдайлардың, адамның еңбекке деген көзқарасына әсері түріндегі еңбектің мәселелерді зерттейтін әлеуметтанудың бір саласы. Еңбек социологиясының үш басты аспектісін бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, еңбек социологиясы – бұл адамдардың еңбек құралдарымен және заттарымен өзара әрекеттестік заңдылықтары және сол заңдылықтардың еңбек ұжымдарында және жеке адам қызметіндегі әрекеті және көріну белгілері. Мұнда адамның ұжымның жаңа технологиялық үрдістерінің даму жағдайындағы және экстремалды еңбек жағдайындағы (шахтерлар, атомдық электростанциялар және тағы да басқа жұмысшылар) қызметімен байланысты мәселелер жиынтығы талданған.
Екіншіден, еңбек социологиясы – бұл адамның және ұжымның еңбекке, оның сипатына, мәніне, жағдайына деген көзқарас жиынтығы. Мұнда адамның және ұжымның еңбекке байланысының материалдық мүддесі, еңбектің мәні, еңбектің бүтіндей мағынасының себептері талданады.
Үшіншіден, еңбек социологиясы – кәсіпорын, ұжымның әлеуметтік ұйымы, яғни позициялар, рөльдер, құндылық және ұжымдағы жұмысшылар арасындағы байланыс жиынтығын тудырушы ерекше қатынастар жүйесі. Мұнда еңбек социологиясының зерттеу саласына әртүрлі еңбек құрылымына байланысты, оның функцияларына байланысты (ұжымның әлуметтік-психологиялық мәселелеріне, ондағы қақтығыстар, ұжымдағы басқару тәсілдері, басқарушылар мен лидерлер арсындағы қатынас және т. б.) мәселелер кіреді.