Еңбек құқығының субъектілері туралы қазақша реферат
Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субъектілер ретінде еңбекке қабілетті азаматтар, ұйымдар, еңбек ұжымдары, кәсіптік одақтар және мемлекеттік органдар қатысады. Еңбек құқығының субъектісі болу үшін еңбек құқығының аталған барлық субъектілері заңға сәйкес арнайы қасиетке – құқықтық мәртебеге ие болуы тиіс.
Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мәртебесі келесі негізгі элементтерден тұрады
Еңбекке құқық қабілеттілігі;
Негізгі (статуттық) еңбек құқықтар және міндеттер;
Осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы және арнайы кепілдіктері;
Еңбек құқық бұзушылықтары үшін заңда көзделген жауапкершілік;
Еңбекке құқық қабілеттілік – бұл еңбек заңнамасында танылған еңбек құқықтары мен міндеттерін иелену қабілеті, яғни еңбек құқығы қатынастарының қатысушысы болудың теориялық мүмкіндігі және қабілеті.
Еңбекке әрекет қабілеттілік – бұл нақты құқықтық қатынастардың мазмұның құрайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді әрекеті арқылы иелену қабілеті және өз әрекеті.
Негізгі статуттық еңбек құқықтары мен міндеттері;
Міндеттері;
а) Еңбек тәртібін сақтау міндеті;
б) Еңбек нормасын орындау міндеті;
в) Сеніп тапсырылған мүлікті сақтау міндеті;
Заңды жалпы және ерекше кепілдіктері:
Олар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен кепілденген
Заңдар еңбек құқығы субъектілерінің құқық бұзушылықтарының алдын — алады
Міндетті тұлғалардың әрекет ету шектерін белгілейді
Аталған құқықтарды бұзатын әрекеттерге шағымдануға мүмкіндік береді
Кінәлі тұлғалардың құқық бұзушылықтарының нәтижесінде келген материалдық зиянды өтеуді қамтамасыз етеді.
Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде жалданбалы еңбек қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, жұмыс істейтін меншік иелеріне бөлінеді. Жалданбалы еңбек қызметкерлері, өз кезегінде, жұмысшыларға, инженерлік – техникалық құрамға, қызметшілерге, жұмыс ісиейиін зейнеткерлерге және т.б. бөлінеді.
Азаматтардың еңбек құқығының субъектілері ретінде еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеті болуы тиіс. Азаматтарда еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеттілік пайда болған сәттен бастап қана оларды еңбек құқығының субъектілері ретінде ғана таниды. Еңбек заңнамасына сәйкес он алты жасқа толған азаматтарды ғана жұмысқа алуға болады. Жекелеген жағдайларда он бес жастағы, кейде он төрт жастағы жасөспірімдерді де жұмысқа алуға рұқсат етіледі.
Жұмыс берушілердің құқықтық мәртебесі.
Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жұмыс берушң ретінде қызметкермен еңбек шартын бекіткен және оған жұмыс берген жеке немесе заңды тұлға табылады.
Еңбек құқығынң субъектілері ретінде жұмыс берушілерді жеке тұлғалар, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар және мемлекетті кәсіпорындар деп бөлуге болады.
Еңбек ұжымының құқықтық мәртебесі.
Еңбек ұжымы ретінде жеке еңбек шарттарының негізінде белгілі бір ұйымның шегінде бірлескен еңбек қызметін жүзеге асыру барысындағы адамдардың бір жұмыс берушімен ерікті түрде бірігуін атауға болады.
Кәсіптік одақ ұйымдары еңбек құқығының субъектілері ретінде. Олар еңбек құқығының ерекше субъектілері болып табылады. Кәсіптік одақ ұйымдарының мәртебесі белгіленген заңнамада кәсіптік одақтардың жалпы құқықтары мен әрекет қабілеттілігі, олардың негізгі құқықтары мен міндеттері сонымен қатар, оларды жүзеге асырудың кепілдіктері бекітілген.
Мемлекеттік органдар еңбек құқығының субъектілері ретінде. Мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындайтын мемкемелер мемлекеттік органдар деп аталады. Олар белгіленген тәртіп бойынша құрылады. Мемлекеттіәк органдар республикалық, аймақтық және жергілікті болуы мүмкін.