Еңбек ақының мәні мен ерекшеліктері туралы қазақша реферат
Қазіргі кезде әлемнің өркениетті елдерінің тәжірибесі нақтылы экономиканың тепе-теңдігін қамтамасыз етуде және оны ұтымды пайдалануда экономикалық әдістің тиімді екендігін дәлелдеп отыр. Халық шаруашылығының барлық салаларын алып қарастырсақ та еңбекақы негізгі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Кез келген еңбектің тиімділігі белгілі бір операцияны орындау мерзіміне, жұмыс сапасына тағы басқа факторларға байланысты ауытқып отырады. Қоғам мүшелері арасында материалдық игіліктерді бөлу, оның еңбекке қарай бөлудің объективтік экономикалық заңы негізінде жүргізіледі.
Қызметкерлердің еңбекақысы алынған нақты өніммен тығыз байланысты болуын қамтамасыз ететін еңбек ақы төлеу жүйесі бұл заңға неғұрлым сай келеді. Еңбек адам мен табиғат арасында мақсаткерлікпен жасалатын тоқтаусыз процесс. Сонымен қатар әрбір тіршілік иесінің табиғат берген күш жігері, табиғатты өзгерту арқылы қоғамның және жеке тұлғалардың қажетін өтеуге жұмсалатын процесс. Әрбір тарихи кезеңнің еңбек процесінің қоғамдық дамуы мен өз әдіс-тәсілдері қалыптасуына материалдық негіз қаланған.
Жалпы еңбек ақының мәні мен ерекшеліктерін ашып көрсететін болсақ бұған байланысты экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар: біріншіден, еңбек ақы еңбектің бағасы яғни еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді, оның дәрежесі мен динамикасы нарықтық факторлар – сұраныс пен ұсыныспен анықталады; екіншіден, еңбек ақы жұмыс күші яғни тауардың құнының ақшалай көрінісі бірақ еңбектің бағасы емес өйткені еңбек тауар бола алмайды, еңбек ақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), нарықтық факторлар сұраныс, ұсыныспенде анықталады. Еңбек ақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономиясының классиктері А.Смит пен Д.Рикардоның теорияларында негізделген. Осы терияға байланысты еңбек ақының ерекшеліктерін былай көрсетеміз: еңбек табиғи бағасы бар немесе “табиғи жалақы” деп саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептеледі. Яғни еңбек ақы тарихи және рухани элементтерді қамтиды, осыған байланысты А. Смит еңбек ақы мөлшерінің ұлттық ерекшелігі болатынын түсіндіреді. Қазіргі батыстық экономика ғылымында еңбек ақыны еңбектің бағасы деген көзқарас кең орын алуда. Өйткені экономикалық теорияда еңбек ақының анықтамасы мен мәніне әртүрлі тұжырымдамалар беріледі. Еңбек ақы дегеніміз – бұл нарықтық бағаның маңызды категориясы, өйткені ол еңбектің бағасы.
Жалпы еңбек және оған еңбекақы төлеу қай кезде болмасын күрделі мәселе. Өйткені еңбекақы мөлшері әрбір еңбекшінің тағдыры. Мысалға, Интерфакс, ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетінің деректеріне қарасақ ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы мөлшері төмендегідей: (2005-2006ж.ж.). 1-ші сүретте ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы көрсетілген.
Сүрет 1. ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы. (АҚШ долларымен)
ТМД елдерінің салыстырмалы диаграммасы
Қазақстандағы орташа айлық жалақы графиктегі 9 елдің ең жоғарғысы. Әрине, бұл цифрлар еліміздің күн көріс жағдайы біршама жоғары екендігін көрсетеді. Мұнда ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы көрсеткіштері АҚШ долларына шағып алынған.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының үкіметі қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттен қаржыландыратын мекемелер қызметкерлерінің жалақысын 2006 жылы шілдеде 30% өсіруді қабылдады. Тұтыну бағасының өсу темпі еңбекақы темпінің өсуіне байланысты өсіп отыр. Нәтижесінде нақты еңбекақының базалық индексі, сатып алу қабілеттілігі нақты оның деңгейімен сипатталатын деңгейден төмен. Мысалға егер 2006 жылы Республикада өнеркәсіптегі жұмысшылардың нақты орташа жалақысы 120% өссе, онда осы мерзімдегі нақты еңбекақы индексі 102,2%-ке ғана көтерілді. Өнеркәсіптің машина жасау, электроэнергетика, құрылыс материалдары өнеркәсібі, жеңіл, орман немесе тамақтандыру өнеркәсіп салаларында ол бірліктен төмен болып отыр. Осы кезеңде тауарларға және қызмет көрсетілуде тұтыну бағасының индексі 117,4%-ке дейін өскен. Мысалы тұтынушылар үшін ақылы қызмет көрсету өрісінде баға және тарифтер 38,8%-ке ғана өсіп отыр, сондай-ақ балаларды мектепке дейінгі жасқа күтіп қарау мекемелерінің төлемі 42%, байланыс қызметтері 46%, көліктік тұтынушыларды, денсаулық сақтауда және мәдениетте 18%. Нәтижесінде үй коммуналдық реформа жүргізуде электр энергиясын қолдану төлемі 60,5%, суық су 48,9%, ыстық су 42,1%, көгілдір отын 28,4%-ті қамтиды және т.б. Ендігі үш бөлігі пәтердің міндетті тұрғын үй коммуналдық төлемінің шығыны 26,5%-ке жетіп отыр. Бұның бәрі нақты жағдайда болуда, егер орташа бір адамның айлық ақшалай табысы, еңбек табысының құрамында 70% яғни 2848 теңгеге теңесті немесе 37,7$, төменгі орташа айлық күн көріс мөлшері, тұтыну деңгейінің төменгі мөлшерінен есептеп алынған – 3505 теңгені құрайды (46,4$). Еңбекақының ең төменгі нақты мөлшері 2005 жылға 7000 теңге, зейнетақы – 6200 тенгені құрап, өндірістегі жұмысшылардың орташа айлық нақты мөлшерінен 6,2 рет және Республиканың бір адамға шаққандағы күнкөрістің төменгі мөлшерінен 39,9% төмен. (Баспасөз материалдарынан алынды). Кез-келген мемлекеттің ішінде әрқилы мамандықтағы қызметкерлердің жалақысы әртүрлі болып, экономика жағдайына байланысты өзгеріске ұшырап отырады. Өйткені еңбек ақының динамикасы күрделі, ол тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің баға динамикасымен байланысты бірде жоғары, бірде төмен өзгерісте болады. Еңбек ақы табыстың көзі әрі тұрмыс дәрежесінің көрсеткіші болғандықтан, оның мөлшері мен динамикасы адамдардың ең бір мүдделі мәселесі болып табылады.
Еңбек ақы өндіріс жағдайымен нарықтық конъюнктураға тәуелді. Еңбек ақы дәрежесіндегі ерекшеліктер алдымен өндіріс мөлшерінде анықталады. Экономикасы дамыған елдердегі жоғары еңбек ақы өндіріс пен еңбек өнімділігі саласындағы жетістіктерге байланысты. Еңбек ақының мөлшері мен динамикасына ықпал ететін маңызды факторларға табиғи ресурстар, қолдағы капитал, жұмыс күштерінің саны мен сапасы, техника мен технология дәрежесі, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру жатады.