Экономикадағы мемлекеттің рөлі курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ——-3

І НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ
1.1 Нарықтық экономика дамуындағы мемлекеттің негізгі рөлі——5
1.2 Макроэкономикалық реттеу тәсілі ————8

ІІ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1 Экономиканы қаржылық реттеу ерекшелігі————12
2.2 . Экономиканы бюджеттік реттеу маңызы————15
2.3 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі салықтың орны——19

ҚОРЫТЫНДЫ———25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР—-26

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасында  макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелеріқұрайды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен —мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын — мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады.. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысаңдар — бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық айналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысаңдары мен әдістерін пайдаланады.

Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:

1) түсімдерден: кірістерден; алынған ресми трансферттерден (гранттардан); бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борыш-ты өтеуден;

2) шығыстардан және кредит беруден: шығыстардан кредит беруден;

3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);

4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.

Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер бөлігімен (және бір уақытга санатымен) яғни тауарларды немесе қызметтер көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы «оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады». Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.

Зерттеу жұмысының мақсатына – экономиканың дамуындағы мемлекеттің рөлі мен негізгі қызметтерін зерттеу болып табылады.

         Курстық жұмыстың міндеттері. Жоғарыда қарастырылған зерттеу жұмысының мақсатына байланысты мына міндеттер қойылды:

—         Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлін анықтау;

—         Экономикадағы мемлекеттік реттеу нысандарының түрлерін, нысанын, сипаттамасын зерттеу;

—         Мемлекеттің экономикалық мазмұнын зерттеу т.б.

Курстық жұмыс құрылымы. Курстық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

  Курстық жұмыс / 26 бет