МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе…..3
1.1. Қазіргі аралас экономикадағы мемлекет пен экономиканың өзара қатынасы…..4
2. Экономиканың дамуы және оның мемлекеттік реттелуі……6
2.1. Экономиканың өсуі, экономикалық өсудің типтері, факторлары….6
2.2. Экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу объектісі, ғылыми-әдіснамалық негіздері, мақсаттары және міндеттері..10
2.3. Экономика дамуын мемлекеттік реттеудің әдістері мен ұйымдастыру негіздері……15
2.4. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау, бағдарламалау және болжау…23
3. Қорытынды..30
Пайдаланылған әдебиеттер тізім…33
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы егеменді ел болып өзінің ұлттық экономикалық даму стратегиясын қалыптастыра бастады. Еліміз мемлекеттік меншікке ғана негізделген жоспарлы экономикадан меншіктің аралас нысандары әрекет ететін нарықтық экономикаға өту жолын таңдады. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайына өтуді мемлекеттің ешқандай дайындық жұмыстарынсыз және қысқа мерзімде жүзеге асыруы өнеркәсіптік кәсіпорындарды ауыр жағдайға әкеліп соқтырды. Ескі әдістермен жұмыс жасаудың мүмкін еместігі және жаңа әдістерді меңгеру деңгейінің төмендігі олардың қызметіне қатты әсер етті. Көптеген кәсіпорындар нарық жағдайында өз бетінше жұмыс істеуге дайын еместігін көрсетті және өз қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болды. Кәсіпорындардың көпшілігі дағдарыс жағдайында тұрды. Мұндай жағдайда өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысын оңтайлы түрде жүргізу үшін түбегейлі өзгерістер енгізуді талап ететіні белгілі. Сондықтан туындаған мәселелерді шешу жолдарының бірі ретінде әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарды құру мен олардың тиімді қызмет етуін ұтымды ұйымдастыру, бәсекелік ортаны қалыптастыру қажеттілігі туындады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін өзінің ұлттық экономикасын дамыту жолында экономикалық реформалар жүзеге асырылып, елімізде нарықтық экономиканың қызмет етуінің құқықтық негізі құрылып, бірқатар негізгі заңдар мен Үкімет қаулылары, Президент жарлықтары және әртүрлі арнайы Бағдарламалар, экономикалық даму Стратегиялары қабылданды. Бұлардың бәрі экономика дамуын мемлекеттік реттеу іс-шаралары болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – экономикалық өсудің теориялық және практикалық аспект жетістіктерін, экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу ұғымы, экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу объектісі, ғылыми-әдіснамалық негіздері, мақсаттары және міндеттерін жете зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыс үш бөлімнен: кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыс / 34 бет