Екінші деңгейдегі банктер және оның операциялары курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ    3

1 ҚАЗАҚСТАНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙ БАНКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ    5
1.1 Екінші деңгей банктерінің дамуы    5
1.2 Екінші деңгей банктерінің Ұлттық банкімен қарым – қатынасы    9

2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙ БАНКТЕРІНДЕГІ АКТИВТІК ЖӘНЕ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАР    10
2.1 Банктерде жасалатын операция  түрлері    10
2.2 Актив және пассив операциялары    12
2.3. Екінші деңгейдегі банктердің активтері    17

3 БАНКТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ    27

ҚОРЫТЫНДЫ    32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ    33

КІРІСПЕ

Банктік жүйенің аумақты дамуының бір қалыпты еместігін ескергенде, Қазақстанның үлкен аумағында банктік инфрақұрылымының дамымауындағы мәселелерді шешудің мүмкін болатын бірден-бір әдісі — пошта, мемлекет немесе басқа да банктер тарапынан бақыланып отыратын банктік қызметтің жеке түрлерін көрсететін пошталық бөлімшелердің желілерін қолдану болып табылады.
1998 ж. Қазақстан Республикасының ¥лттық банкі «Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшуі туралы» ережесі қабылданады. Осыған сәйкес екінші деңгейдегі банктердің отызы бірінші топқа кірді әрі олар 1998 ж. соңына дейін халықаралық стандартгарға өтуі тиіс, ал қалған отыз банк екінші топқа кіреді, оларға 2000 ж-ға дейін халықаралық стандарттарға өту жүктеледі. Қалған 17 банктер несиелік серіктестіктерге, не олар ірі банктермен қосылуына болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасығы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес ¥лттық банкке банктік аудитті лицензиялау қызметі жүктелген. Ұлттық банк банктік аудитті лицензиялауға байланысты нормативтік құжатты жасады, онда банктік аудиторлардың жауапкершілігі анықталады және жоғары талаптар қойылады.
Екінші деңгей банктері қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады.
Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Соңғы уақыттарда коммерциялық банктер белсенді түрде өздеріне дәстүрлі  операцияларды жүзеге асыра отырып, үнемі қызмет аумағын кеңейтеді және клиенттерте көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын арттырадьі.  Бұл, әмбебап несиелік мекемелер. Сондай-ақ, жоғарыда айтып өткендей өз клиенттеріне бір-екі қызмет түрін көрсетуге бағытталған маманданған банктер бар. Банктердің мамандануының басқа типі белгілі бір клиенттер категорияларына ғана (мысалы, биржалық, коммуналдық банктер) қызмет етуге, яғни салалық тұрғыдан мамандануы тиіс. Банктердің функционалдық мамандануы біршама анық бейнеленеді, себебі ол міндетті түрде банк қызметінің сипатына ықпал ете отырып, активтер мен пассивтерінің қалыптасу ерекшеліктерін, клиенттермен жұмыс  жасауды  ұйымдастыру  ерекшеліктерін  анықтайды. Ондай типтерге инвестициялық және инновациялық, ипотекалық жинақ банктері және т.б. жатады.
Курстық жумыстын мақсаты мен міндеттері: Осы курстық жұмыста мен екінші денгей банктерінің актив және пассив операциялар қарастырамын. Бірінші бөлімде мен Қазақстаның екінші денгей банктері және олардың операциялар қарастырамын оның дамуы және Ұлттық банкімен қарым-қатынасы. Екінші бөлімде екінші денгей банктің актив және пассив операциялар оның ішенде банктердің жасалатын операция түрлері,актив және пассив операциялар және оның графиктер. Үшінші бөлімінде банктерінің басқару принципі талдау жасаймын. Осы курстық жұмыста міндеті екінші денгей банктерін актив және пассив қалай жасау түсіну және оның дамуы.

курстық жұмыс / 33 бет