Жоспар
Кіріспе……3-4
I. «Директ-костинг» жүйесінің теориялық негізі.
1.1. «Директ-костинг» жүйесінің пайда болуы, мәні, ерекшелігі және дамуы….5-11
1.2. «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығындарды классификациялау….11-17
II. «Директ-костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығын есебін ұйымдастыру.
2.1. «Директ-костинг» бойынша өндірістік есепті ұйымдастыру….18-21
2.2. Елдегі сыра өндіретін кәсіпорындардың өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау….21-25
2.3. Елдегі сыра өндіретін кәсіпорындардың өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау және шығын есебін жетілдіру….25-30
III. «Директ-костинг» жүйесінің аналитикалық мүмкіндіктерін басқару шешімінің негізіне пайдалану.
3.1. Кәсіпорынның зиянсыздығын талдау….31-35
3.2. «Директ-костинг» жүйесі негізінде басқару шешімін қабылдау….35-37
Қорытынды….38-40
Қосымшалар..….41-43
Қолданылған әдебиеттер…44
Кіріспе.
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың құрылу шарттары және басқаруды жетілдіру, кәсіпорынның дамуында жаңа стратегияларды жасауда бухгалтерлік есептің мағынасы мен рөлі күшейе түсуде.
Бухгалтерлік есеп көптеген ауқымды аймақтардың бірі — өндірілетін өнімнің , орындалатын жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және өндірістегі шығындар есебі болыт табылады. Нарықтық экономикасы бар елдердегі кәсіпорындар мен фирмалар практикасында бұл аймақтар бухгалтерлік есеп жүйесіндегі өндірістік есеп жүйесінде көрсетілген.
Әсіресе қазігі біздің елдегі нарықтық қатынастардың құрылуы шарттарында бухгалтерлік есепті жетілдіру, оның ішінде өндіріске кететін шығындар есебі және өзіндік құнды калькуляциялаудың маңызы өте зор. Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге кәсіпорындардың дербестігі өсті, соның ішінде нарықтағы сұраныс пен ұсынысты есепке ала отырып өз өнімінің бағасын қалыптастыру нәтежесінде бухгалтерлік есеп және оның жүйесі — калькуляциялаудың мәселелері өзгерді.
Калькуляциялаудың осы шарттардағы мәселелері нарықта жұмыс істейтін кәсіпорындарды белгілі бір табыспен қамтамасыз ететін өзіндік бағаны есептеу. Есептелген өзіндік құн деңгейін тұрақты төмендету мүмкіндігі және тиімді деңгейін қамтамасыз ету үшін өндірісті дұрыс ұйымдастыру керек.
Осы кезге дейін өндірістік есепті және өзіндік құн сияқты негізгі түсініктерге ортақ ой айтылмаған. Шығындарды 2 бөлімге элементі бойынша және калькуляция баптары бойынша топтау жайындағы дебаттар әл де басылатын емес. Теорияда өндірістік есеп жоқ. Ал соңғы жылдары көп талқыланған проблема — өзіндік құнды калькуляциялау. ТМД елдері ғалымдарының назарын аудартқан толық емес өзіндік құнды есептеу әдісі, толық өзіндік құнды калькуляциялаудың альтернативті әдісі болды.
Бұл әдіс АҚШ-та «директ-костинг» деген атау алса, Ұлыбританияда — «маржиналькост», Германияда – «шектік шығындар есеп жүйесі», ал Францияда — «маржиналдық бухгалтерия» деп аталды.
«Директ-костинг» жүйесінің негізгі идеялары Шет елдердің Дж. Фостер, К. Друри, Дж. Риса, Р: Энтони және т.б. ғалымдардың еңбектерінде ашылып жазылған. Ал ТМД елдерінің
М.А. Вахрушкина, К.Ш. Дюсембаева, Т.П. Карпов, В.Э. Керимов еңбектерінде қарастырылған .
«Директ-костинг» жүйесі негізіндегі басты принцип – айнымалы және шығындарды бөлек есептеу және тұрақты шығындырды есеп беру кезеңінің зияны ретінде қарастыруы.
Осы жүйе бойынша өзіндік құнды калькуляциялау технологиясы өндірістің кез келген көлемінде тұрақты шығындарды өзгермейтін көлем деп белгілейді.
«Директ-костинг» жүйесінің бірнеше айрықша ерекшеліктері бар:
§ өндірістік есепті айнымалы және тұрақты деп бөлуі;
§ өнімнің өзіндік құнын шектелген шығын бойынша калькуляциялау;
§ табыс туралы есеп берудің көп кезеңдерден тұруы;
Жүйе өткізуге негізделген. Өткізудің көлемі қаншалықты көп болса, кәсіпорын пайданы соғұрлым көп алады. Дайын өнімді және аяқталмаған өндіріс айнымалы шығындар бойынша есептеледі. Айнымалы шығын бойынша өзіндік құнды калькуляциялау өнімнің баға деңгейіне үлкен әсер етеді, бизнестегі өндірістің басқа да сегменттерін ынталандырады.
Сонымен «директ-костинг» — айнымалы шығындар категориясына негіздеоген басқару есебінің жүйесі. Бұл жүйенің жетіспеушіліктеріде бар, бірақ шығындарды тарату және толық есеп жүйесіне қарағанда артықшылықтары бар.
Курстық жұмыс / 41 бет