Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру туралы қазақша реферат
Қылмыстық кодекс денсаулықтың қысқа уақыттық бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жауаптылық белгіленген. Ұзақтығы 6 күннен 21 күнге дейінгі уақыт аралығындағы денсаулыққа келтірілген зиян ден-саулықтың қысқа уақытқа бұзылуы, ол жалпы еңбек қабілетінің 10% дейінгісін
жоғалту айтарлықтай емес тұрақты жоғалту деп танылады. Осы көрсетілген белгілердің әрқайсысы аяқталған жеке қылмыс құрамдары болып танылады.
Қылмыс субьективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен істе-леді. Қылмыстық ниет әртүрлі болуы мүмкін. Егер жеңіл зиян бұзақылық ниет-пен қоғамдық тәртіпті бұзумен ұштаса отырылып келтірілсе, онда кінәлінің әре-кеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 257-бабы бойынша са-раланады.
Қылмыстың субьектісі 16-ға толған кез-келген есі дұрыс адам.