Даргомыжскийдің вокалдық шығармашылығы

   30 – 40 жылдары романтикалық өнерге құмарлылық Ресейде бірте – бірте азая беріп, «табиғи» мектеп қалыптаса бастады. Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларында оқырман нағыз орыс адамын «көрді»; Гоголь, Гончаров, Герцен, Григорович, Тургеневтің шығарамаларында үйреншікті емес жаңа кейіпкерлер пайда болды – еңбекші шаруа, ұсақ  атқамінер, әділетсіздікке қарсылық ашық түрде білдірілді. Музыкада да Алябьев, Гурилев, Даргомыжскийдің шығармашылығында өзгерістер болды.

   Бұл кездегі композиторлардың сүйікті жанры романс болатын, себебі оны ірі формадан гөрі орындау оңайырақ болатын. Романс патриоттық ұмтылыс, романтикалық шалқыма, меланхолялық түңілушілікті білдігуге де, халық әні рухындағы көңілді би үшін де оңды болатын.

Даргомыжскийдің бірінші шыққанынан бастап жақсы пианист және романстарды жақсы шығарушы атағына ие болды. Ол сол кезде кең жайылған әдемі, сүйкімді әуенді, қарапайым ырғақты вокалдық миниатюралардан бастады. Музыканы бағалағыштарға француз сөзіне жазылған романстар арналып жазылды.

Даргомыжский романстарды өмір бойы жазды. Бізге жүзден артық ән мен романстар және вокалдық ансамбльдері жетті. Бұл шығармаларда композитор шығармашылығының даму жолы көрінеді. Романстар мен әндер Даргомыжский үшін шығармашылық лаборатория болатын: бұл жерде стиль негіздері мен музыкалық тіл қалыптасты.

Даргомыжскийға Глинка романстарының көп әсері тиді. Бірақ жалпы оның шығармашылығы глинканыкіне параллель, мүлдем басқа жолмен кетті. Даргомыжский романстарының тамырлары – оның уақытындағы қала музыкасында — «орыс әнінен», водевильдік шумақтардан фантазия, балладаларға дейін.

30 жылдары Даргомыжскийдің вокалдық пьесалары енді басқа масқамда жазылатын болды: орыс халық музыкасы стилінде «В тёмную ночь», «Ты хорошенькая», «Тучки небесные» романстары пайда болды. «Каюсь, дядя, черт попутал» әнінде және «Ведьма» балладасында авторға тән мысқыл және құбылысқа сыни көзбен қарауы көрінеді. Тимофеев сөзіне жазылған әнде комедиялық, водевильдік бастау басым болса, «Ведьма» балладасы 30 жылдарда Ресейдің музыкасы мен әдебиетін жаулаған рыцарьлық рухтағы романтикалық – құпия  балладалармен әуеске келеке.

Бұнда гогольдік бастау байқалады. Балладаның музыкасы да «украиндік». Егер «Ведьмада» романтикалық балладаға күдікшілдік көрінсе, бірнеше жылдан кейін Даргомыжскийдің өзі бұрын өзі күлген жанрдың ықпалына тиіп, баллада жазады.

Даргомыжскмйдің басқа балладалары — «Мой суженый, мой ряженый» және «Свадьба» — «Эсмеральда» операсымен бірге, композитор романтикалық өнермен құмартып жүргенде, пайда болған вокалдық миниатюралар. Бірінші баллада – мыстан кемпір гүлге айналдырған ғашық болған қыздың жалынуы. Екіншісі бір-біріне ғашық болған адамдардың еркін сезімдеріне арналған.

«Свадьба» балладасында Даргомыжский бірінші рет жаңа дәуірде басым болған екіжүзділік пен ескішілдікке қарсылық пен адам баласының сезім еркіндігін бекітеді.

Бұл жерде адам қапалануын табиғат кейіптерімен салыстырудың романтикалық принципі байқалады. Еркіндік сүйгіш, намысшыл сезімдер бұл жерде түнде орман ішіндегі боран мен арайлы таңмен бейнеленген.

Даргомыжскийдің ең сүйікті ақыны Пушкин болатын. Пушкин поэзиясымен жанасу Даргомыжскийдің музыкалық жазу стиліне үлкен асылдық белгілерін енгізді, оны әуен сұлулығы мен иілгіштігіне, гармония бояуларының ашық болуына итермеледі.

40 жылдары, орыс біртума ақынының поэзиясы қандай әуенді екенін әлі түсіне қоймаған композиторлардан бұрын оның сөзіне жаза бастаған: «Я вас любил», «Ночной зефир», «Юноша и дева», «Ветроград» — композитор, ақын, тәжірибелі мастер-музыкант,  үлкен мәдениет шеберінің табиғи дарынын көрсететеін керемет романстар. Пушкин поэзиясының әуенгділігі Даргомыжскийдің поэтикалық музыкасында таң қаларлықтай сәйкестілік тапты.  Пушкиннің  «Ночной зефирі» музыка үнімен бірге жарқырап, гүлдене түседі. Айлы түн одан да жарық, намысты жас қыздың сұлулығы арта түскендей, гитараның үні оданда ашығарақ, Гвадалквивирдің суы одан да шулы аққандай болады. Бұл енді тек серенада, романс емес, бұл – қызығарлықтай аяқтың иегері – испан қызының — балконының астында болатан тетралды көрініс.

Глинка сияқты, Даргомыжский өлеңнің формасына сүйеніп, романсты музыкалық – контрастты эпизодтарды қарама-қарсы қою негізінде құрады. Түнгі пейзажды, гүрілдеп жатқан өзеннің кейіптерін музыкада өмірге келтіру үшін колористтік құралдарды қолданып, жас испан қызының  назды кейпін мінезді халық би музыкасымен суреттейді.

«Я вас любил» романсында Даргомыжский стилінің ерекшеліктері одан да айқынырақ көріне бастайды. Бұл жерде композитор кемелденген шақтағы лирикалық монологтар формасының алдын болжап қояды.

Пушкиннің «Я вас любил» өлеңі – жай  ғана махаббат сөздері емес. Бұл – бір кезде ғашық болған әйелге деген терең сабырлылық пен үлкен адами достыққа, сыйласттыққа  толы үндеу.

Даргомыжский поэтикалық ойдың ерекшелігін дәлдікпен романста іске асырады. Ол романсқа элегияға ұқсаушы келбт берді. Байыпты арпеджиоланған сүйемелдеуде нұрлы әуен құйылады. Бүкіл шумақтағы әуен бір демде, бірте-бірте дамиды. Ең төмен дыбыстан басталып, бара-бара кеңірек диапозонды қамтиды.  Шумақтың соңына қарай ең жоғарғы нотаға жетеді.

Бірақ бұл әуенде  әндерде сияқты декламациялық бастама бар. Әуеннің ырғағы сөз интонацияларына тән еркіндікпен ерекшеленеді.

Бірінші шығармашылық кезеңі аяқталуына қарай композитордың кейбір шығармаларында музыкалық портрет жасауды жасау ынтасы байқалады.

Бұл  романстың ойлы, сабарлы сөздерінде естілетін суып бара жатқан сезімдердің мұңды байсалдығы қандай керемет. Мейірбан даналық жанды мазалайды да, тербтеді де.

Лермонтовтың «Отчего» өлеңін Даргомыжский «Мне грустно» деп атады. Онымен ол ақынның алты жолды миниатюрасының элегиялық көңіл-күйін айрықша көрсетті. Романс үлкен емес – лирикалық тәубе, әншінің қайғылы монологы. Композитор әуен дыбыстарын ақын сөздерінің артынан жүргізеді. Олардың қызуы күшейсе, әуен де кеңірек, дыбысы да күшейеді. Бұл романста артық эмоция жоқ. Бәрі де түсінікті.