«Coca-Cola» зауытының тарихы туралы қазақша реферат
Мифсыз бренд – аспанға шашқан ақша, “Кока-кола” осы қағиданы тамаша көрсетуде. Клиенттерге осы салқындататын ішімдік түрлері ғана емес, бәсекелестермен болатын соғыс пен жанжалдар да қызық. Компания тарихының сыры ашылмаған фактілері, жасыру және лезде теріс жорамалданатын, ұқыпты түрде жоққа шығарулар – тамаша жарнамалық әдіс.
1886 жылдың 29-наурызында Атланталық фармацевт Джордж Пембертон кока жапырақтарынан және кола тропикалық ағашының жаңғақтарынан тәтті сироп жасап, ішінде сусыны бар құтмыраны сату үшін дәрханаға алып барады. Сиропты сумен араластырып, сата бастайды, бірақ оншалықты табысты болмайды.Артқы аулада тұрған мыс таздағы сироп . Аңыз бойынша, ішімдіктен кейін бас ауруынан қиналып жүрген келушілердің бірі сусынды газбен араластыруын өтінеді және нәтижесіндегі эффектке қатты көңілі толады. Енді кока-кола мидың жұмыс істеуін ынталандыратын керемет тоник, жүйке бұзылуына, бас ауруына, невралгия мен меланхолияға қарсы арналған дәрі ретінде сатыла бастайды.Пембертон, конфедераттар армиясының бұрынғы офицері, оңтүстіктегілердің жеңілуінен кейін, аштан өліп қалмау үшін күн көріс амалымен бір нәрсе жасауға мәжбүр болды. Оның медициналық білімінің болуы біршама күмәнді еді. Бірақ сол кездері фармацевтика саласында тәртіптің болмауы оған жұмыс істеуге мүмкіндік берді. О’Генридің бір әңгімесі бар еді. Ол әңгімеде екі алаяқтың адамдары аңғал, шағын қала тұрғындарына барлық дерттен емдейтін әртүрлі «сиқырлы» дәрі-дәрмектерді сатқандығы туралы айтылады. Міне, осы жағдай аясында кока-кола пайда болды.Пембертонның өз үйінің сыртқы ауласында мыс тазда сироп қайнатуының мәні қарапайым. Өздерінің әдебі қатал болып келетін оңтүстік адамдары алкогольға қарсы шыға бастады, ал Пембертон шарапқа араластырылған кока жапырақтарынан спиртті тұндырма арқылы жақсы ақша тауып жүретін еді. Ол бұл рецептті француз Марианидан алған болатын. Енді, алкогольдің орнын бір нәрсемен ауыстыру керек болды. Бұл проблеманы кока жапырақтарында болатын кокаин шешті. Ал, кокиан сол кездегі дәрі-дәрмектердің көбісінде болатын еді. Әрине, өте жабайы естіледі, алайда, бір кездері герион да жөтелге қарсы дәрі ретінде дәріханада сатылатын.Сонымен бірге, осының барлығынан тыс, кока-кола морфинизмге қарсы құрал ретінде пайдаланылды, ал, Пембертонның анаша қабылдайдынтармен араласу тәжірибесі бар еді. Ал, сусында кокаин бар екендігін ескеретін болсақ, бұл тамаша ой еді. Тәуелді болудың орнын ауыстыру – релксанттардан ынталандырушыларға өту – ең жақсы «демалыс». Мұндай рецепттер қазргі американдық нашақорлыққа қарсы адуынының аясында өте қызық болып көрінеді.1903 жылы New York Times газетінде кокаин мастығымен қақтығысқа шыққан негрлар туралы мақала шыққан кезде, ынталандырушыларға толығымен тиым салуға көше бастады, және «Кока-кола» өз бағытын тез арада өзгертіп жіберді. Себебі, кока-коланың сатылу орындарын суық допинг нүктелері деп атай бастады. Компания Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді бақылау жөніндегі федералды басқармамен не туралы уағдаласқандығы әлі күнге дейін белгісіз. Белгілі болғаны, жаңа кока жапырақтарын «сығылған» жапырақтармен алмастырды, сол себепті ол жерде енді кокаин жоқ болды.
Кока-кола формуласын жариялауға әлі күнге дейін тиым салынған. Пембертон өз қолымен жазып кеткен рецепт бар екендігі айталады. Ол ерекше бір сейфта сақтаулы, оған тек компанияның жоғары басшылығы ғана қол жеткізе алады, және бәрі бірге болған жағдайда ғана сейфті аша алады. Бір жағынан, қазіргі заманда түрлі ұйымдардың тағамға және сусындарға деген жіті назары мен қатаң талаптары аясында рецепттің әлі күнге дейін ашылмауы бір түрлі күмәнді. Екінші бір жағынан рецептті біліп алудың түрлі жолдары бар. Атақты 7Х деген ингридиент лимон, апельсин, даршин майынан, жұпар жаңғағынан, ащы апельсин, кориандр және лайм гүлдерінен тұратындығын айтады. Бірақ, құпия әлі күнге дейін бар. Зауыттарды компоненттерді кодты нөмірлермен араластырып, ал, банка сыртында көп нәрсені білдірмейтін «табиғи хошиістендіргіштер» деген атау ғана бар. Бір нәрсені ғана сенімді түрде айтуға болады – қазір оның құрамында кока да, кола да жоқ.
Дегенмен де, “Кока-колы” тарихы – бұл газдалған сусынның өмірбаяны ғана емес, ол – брендты танымал ету, стандарттарды енгізу, жарнамалық шеру және басқару әдістерінің тарихы. Бұған зерттеудің сан мыңдаған парақтары арналған және ол кез-келген қаржыгер үшін қызықты детективтан да қзықты болып табылады.
Газдалған сусындармен күрес Жаһандануға қарсы адамдардың трансұлтты корпорациялардың саясатымен күресі сол компаниялардың өнімдерін шайтандастыруға да алып келеді. “Кока-Кола” бұл жерде де соттар мен даулар бойынша бірінші орында, тіпті, бұл компания McDonald’s-ты газдалған сусындармен жабдықтайтын жалғыз жабдықтаушы да болып табылады. Еріп кететін полиэтилен мен бұзылатын тістер мен ішкі органдар туралы әгімелер. Үндістанда егін алқаптарына себу үшін пестицидтер ретінде газды сусындарды пайдалануы. Сусынды унитаздар мен автомобиль моторларын тазартатын құрал ретінде қолдану. Қытайда спермицидті құрал ретінде қолдану. Бұл сусынды ішетін адамдардың әлі күнге дейін тірі жүргендігі бір түрлі қызық …
Шындығында, “Кока-Кола” әдетте Олимп ойындарының демеушісі болатын, ал, КСРО-да жағдай мүлдем өзгеше еді, тіпті, “Пепси” 70-ші жылдардың аяғынан бастап батыста кең тараған бренд болып табылатын «Столичная» арағын тарату құқығына ие бола отырып, кеңес нарығында бар болатындығын айтпағанда. Шешімі табылды: идеологиялық қарсыласпен ынтымақтасу арқылы газды сусынның жарқын атына «кір» келтірмеу үшін, Мәскеуде фанта сата бастады Дегенмен де, 90-шы жылдардың басынан бастап “Кока-Кола” бәсекелесін тез басып озды.
“Кока-Кола” барлық жерде бар. Онымен жұлдызжорамал жасайды. Ол армияда да, космоста да бар. Ол тіпті Санта-Клаусты да өз қолына алып алды –1931 жылы американдық Аяз Ата үшін қазір көзіміз үйреніп қалған қызыл-ақ костюмның жобасы жасалды. Ол – Демократиялық партияның бейресми спутнигі (республикалықтар “Пепсиді” таңдайды).