Қазақтың салт-дәстүріне байланысты қолданылатын фразеологизмдердің сөз табына қатыстылығы
Фразеологиялық единицалардың лексикалық единицалармен арақатынасы олардың қай сөз табына қатысты екендігіне байланысты. Тұрақты тіркестерге тән ортақ қасиет бұлардың құрамындағы сөздер дараланбай мағынаның тұтстығы мен бірлігіне бағынышты, әрі тәуелді болады да, бір сөздің орнына жүреді.