Category: Іс қағаздарын жүргізу

Өкімдік құжаттар

Ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың атқарушылық-басқарушылық қызметінің бір нысаны — өкімдік құжаттар шығару. Осы құжаттардың негізінде басқарудың маңызды міндеттері шешіледі. Қолданыстағы заңдарға сәйкес басқару органдары өз құзыретіне қарай бұйрықтар, шешімдер, өкімдер секілді өкімдік құжаттар шығарады.

Лауазымдық нұсқаулық

Лауазымдық нұсқаулық ­– кәсіпорын қызметкерінің функциялары, міндеттері мен құқықтары айқындалатын құжат. Лауазымдық нұсқаулық еңбек қатынастарында даулар, келіспеушіліктер пайда болған жағдайда қажет. Лауазымдық нұсқаулық негізінде қызметкермен еңбек шарты жасалады.

«Қызметкерлер туралы» ереже

Ұйымның «Қызметкерлер туралы» ережесінде кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру мәселелері, қызметкерлердің еңбекақысы, демалыс беру тәртібі, қызметкерлер мен басшылықтың құқықтары мен міндеттері, жұмыс режимі көрсетіледі. «Қызметкерлер туралы» ереже ұжымның жалпы жиналысында талқыланады, оған заң кеңесшісі  бұрыштама соғады,...

Штаттық кесте

Кез келген заңды тұлғаны (компанияны, кәсіпорынды, ұйымды, фирманы) құрарда әуелі оның ұйымдық құрылымы мен штатын айқындап алу керек. Бұл мәселені дұрыс әрі дер кезінде шешу заңды тұлға (бұдан әрі – компания) құрылтайшыларына, олардың қандай...

Жарғы

Жарғы ұйымның құрылтай құжаттарының бірі болып табылады. Ол ұйымның құқықтық мәртебесін, меншік нысанын, қызметінің мақсаты мен міндеттерін, басқару, тарату және қайта құру тәртібін анықтайды. Бұл құжатты кәсіпорынды ұйымдастырушы адамның өзі немесе тапсырыс арқылы арнайы...

Ұйымдық-құқықтық құжаттар

Кез-келген мекеменің қызметі ұйымдық-құқықтық құжаттар дайындаудан басталады. Ұйымдық-құқықтық құжаттарға: жарғы, ереже, штаттық кесте, жұмыс тәртібі, лауазымдық нұсқаулық және т.б. жатады. Ұйымдық-құқықтық құжаттардың басты мақсаты ­– ұйымды құру, құрылымын, штаттық кестесі мен құрамын белгілеу, құрылымдық...

Құжаттардың деректемелерін ресімдеу

Іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік нормативтік актілерде-стандарттарда белгіленген іс құжаттарын ресімдеуге қойылатын бірыңғай талаптар мен ережелер бар. Стандарттарда іс құжаттарының мазмұнына, құрылымына және ресімделуіне қойылатын талаптарды белгілейтін ережелер жазылған.

Мекемелер мен кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізу ерекшеліктері

Мекемелер мен кәсіпорындарда құжаттар мынадай функцияларды орындауы тиіс. 1. Процестер мен оқиғаларды құжаттау (негізгі функция). Бұл бірінші кезекте, кәсіпорындар мен ұйымдарды құруды және оның өндірістік-шаруашылық қызметін құжаттау.

Басқаруды құжатпен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі және құжаттау

Бүгінгі күні еліміздегі құжаттамалық қамтамасыз ету ісін бақылауға өкілетті орган Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі – Комитет) болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы №...