Бюджет түсімдерін болжамдау

Бюджеттік кірістері ол мемлекеттік функциялардың орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді. Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады. Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайындаған белгілі мөлшерде және тағайындарған мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті төлемдер түсініледі.

Бюджет түсімдерінің негізін салықтар мен алымдар түрлерінде жұмылдыратын төлемдер құрайды. Республика аумағында орналасқан меншік және шаруашылық формаларынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар мен азаматтар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті төлемдер төлеуге тартылады. Салықтар, алымдар мен төлем төлеушілер, яғни заңды және жеке тұлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден  басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды уақытымен және толығымен төлеуге жауапкершіліктері тағайындалады.

Бюджет түсімдерін болжау. Салық түсімдері контингентінің есеп әдісінің сипаттамасы. Корпарациялық табыс салығының болжауы бірнеше есептеу нұсқаларымен анықталады. Бірінші нұсқа бойынша есептік кезеңде тапсырылған салық декларацияларының мәліметтер жиынтығы пайдаланады. Бұл мәліметтер арқылы ең алдымен болжамдау мезіміне салық салынатын табыс анықталады. Сонымен бірге шешімдер көлемінің өзгерістері де     есептеледі, яғни есепті мерзімі бойынша анықталған салық салынатын табыс ағымдағы жылғы инфляция деңгейі мен келесі салық жылына болжамдап отырған инфляция деңгейіне коррекцияланады. Сондай ақ, осыған қоса зияндар көлемінің өзгерістері мен оларды ауыстыру мерзімі есептелуге тиісті.

Бірінші вариант бойынша корпорация табыс салығының сомасы келесі формула арқылы анықталады.

Тб = Де*Ia /100%* Iб/100%* Сор., мұнда

Тб – корпорациялық табыс салығының болжамы;

Де – есепті жылға салық салынған табыс көлемі;

Іа-ағымдағы жылғы тұтынушылық бағалар индексі;

Іб-жоспарлаушы жылға тұтынушылық бағалар индексі;

Сор.-Есепті жылғы салықтың орташа мөлшерлемесі.

Екінші вариант бойынша әрбір аймақтағы ірі салық төлеушілер бойы корпорациялық табыс салығының есептелген және төленген сомасы мен салық декларациялар бойынша жылдық артық – ауыс нәтижесі және алым – салық қалдықтары сомалар өзгерістері жөніндегі ақпарат пайдаланады. Мұндай есептеуде күтілетін түсімдерден тұрақты сипатта емес және өндірістік  іс — әрекетпен   байланысы жоқ  біржолғы   төлемдералынады   да  салықтың күтілетін сомасы жоспарлап отырған тұтынушылық бағалардың индексіне корреляцияланады. Болжамдап отырған түсімдер сомасы бұл арада келесі формула арқылы анықталады.

Тб = Со*Iб/100%*Ik/100%*Cop.

Дивиденттерден, сый берулерден, резидент еместердің қызмет көрсету бойынша қазақстандық көздерден түскен табыстарына түсетін салықтарды божамдау негізінде олардың ақырғы екі жыл боый түсімдерінің динамикасы мен болжамдап отырған мерзімдегі экономика дамуының макроэкономикалық параметрлерінің өзгерістері бойынша жоспарланады. Төлем көзінен салынатын жеке табыс салығын болжамдау үшін салық органдарының тапсырылатын салық декларацияларының мәліметтері пайдаланады. Ең алдымен есептелген салық салынатын табыс сомасы мен жеке табыс салығының мөлшері пайдалана отырып, аймақтар бойынша өткен жылмен есепті жылды қалыптасқан салық алуының орташа пайызын келесі формула арқылы анықтау қажет:

Оа = Сж / To * 100%,

Оа – салық алудың орташа пайызы;

Сж – есепті жылдағы төлем көзінен салынатын  жеке табыс сомасы;

То – есепті жылдағы салық салынатын табыстың есептелген сомасы.

Осы пайыз бен табыс сомасының негізінде ағымдағы жылдағы түсетін салықтардың сомасы анықталады. Төлем көзінен салынатын жеке табыс салығының болжамы келесі формула арқылы есептеуге болады:

Сж = Тк*I / 100% * Oa / 100%

Төлем көзінен  салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу үшін салық салуға жатпайтын табыс сомасы мен салықтық шегерімдер сомасына азайтылған төлем көзінен салық салынбайтын табыс сомасына орташа мөлшерлемені қолданылады. Бұл арада аймақ бойынша қалыптасқан орташа мөлшерлеме мөлшері әсер ететін факторларға коррекцияланған есепті мәліметтер арқылы анықталады.

Біржолғы талон бойынша қызмет атқаратын жеке тұлғалардың жеке табыс салығын болжамдау үшін аймақ аумағында осындай тәртіппен іс әрекет атқаратын жеке тұлғалардың саны жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері мен жергілікті өкілетті органдардың шешімімен бекітілген біржолғы талондардың құны пайдаланады.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығын болжамдау үшін ақырғы есепті мезгілдегі жеке тұлғалардың негізгі құралдары мен материалды емес активтерінің құны жөніндегі статистикалық мәліметтер пайдаланады. Есептеу маңында жалпы құнынан салық салынбайтын объектілер құны, мүлік салығын төлемейтін жеке тұлғалардың негізі құралдары мен материалды емес активтерінің құны алынады. Негізгі құралдардың салық салатын құны болашақ қайта бағалау коэффициентіне түзетілімделіп, Салық кодекснде бекітілген салық мөлшерлемесі негізінеде келесі формуламен есептеледі:

См = (Қнқ*К/100%)*Сс/100%

Жеке тұлғалардың мүлік салығының болжамы жеке тұлғаның меншік құқығында жеке кәсіпкерлік іс әрекетте пайдаланбайтын мүлігінің құны жөніндегі уәкілетті органдардың мәліметтер негізінде анықталады. Уәкілетті орган салық  салатын мүлік құнын анықтау үшін тұрғын үй жайлардың бір шаршы метрінің базалық құны, оның көлемі, тозу коэффиценттерімен бекітілген мөлшерлемелерді пайдаланады. Сонымен қоса, есептеу жасағанда әрекеттегі заңнамаға сәйкес берілген жеңілдіктер де есептелуі қажет. Бұл арада болжамдық түсімдер сомасы келесі формула арқылы анықталады:

См = Қнқ* Сс/100%

Көлік құралдарының салығының болжамы көлік құралдарының двигатель көлемі, жүк көтергіштігі мен отыратын орындарына  байланысты түрлері және топтары бойынша ішкі істер органдары дайындайтын олардың саны жөніндегі мәліметтері негізінде есептеледі. Осылай есептелген жалпы санынан салықтық заңнамаға сәйкес берілетін жеңілдіктері бар заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдары саны алынады. Автокөлік құралдарының әрбір түрі мен тобы бойынша салық сомасы келесі формула арқылы есептеледі:

Ск = Кс* АЕК* Сс* К/ 100%

Әлеуметтік салық мөлшерін болжамдау үшін ағымдағы жылдың осы салық бойынша салық декларацияларының мәліметтерін пайдаланады. Салық салынатын табыстың нақты көлемі мен әлеуметтік салықтың орташа мөлшерлемесі анықталады:

Со = Ән / Тн * 100%

Салық заңнамада қарастырылған жеңілдіктерді есептей отырып, жер салығының болжамдық срмасы келесі формула арқылы анықталады:

Жж =Аж * Со * К

Жж – жер салығының болжамдық сомасы;

Аж – жер  учаскесінің алқабы;

Со — әрбір жер категориясы бойынша орташа базалық мөлшерлеме;

К  — заңнамаға  сәйкес жеке төлеушілер үшін тағайындалған коэффициент.

Жер салығын жоспарлау келесі категория бойынша іске асырылады – а) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер; ә) елді мекен жерлері; б) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер.

Бірыңғай жер салығын болжамдау үшін де декларациялар мәліметтері пайдаланады. Бұл салықты есептеу базасы болып жер учаскесінің бағалау құны табылады, ал оның сомасы осы бағалау құнға заңнамада бекітілген мөлшерлемені пайдалану арқылы есептеледі.

Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының болжамдық сомасы су ресурстары жөніндегі уәкілетті органдардың мәліметтері негізі мен төлемақы төленетін объектілер бойынша және су тұтыну мен арнайы су пайдалану түрлеріне байланысты Үкімет тағайындаған мөлшерлемелерді қолдану арқылы келесі формуламен есептеледі:

Тс = Сп * С

Салық түсілдерін контингентінің есеп әдісі келесі кезеңдермен сипатталады:

  • бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы салық түсімдері бойынша барлық мәліметтерді қортындап, оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады;
  • бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган елдің орташа мерзімді әлеуметтік–экономикалық даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде салық түсімдерінің контингенттерін болжамдап, оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға жеткізеді;
  • бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісті аумақ бойынша кірістер шектелімдерін жоспарлауды іске асырады.

Бюджет кірістерінің шектелімдерін болжамдау процесінде әрекеттегі заңнамалық және нормативтік актілерге енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды есептеу қажет және түсімдер бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша кезекті жылға бекітілген республикалық бюджет жөніндегі Заңнын баптарына сәйкес болуы тиіс.

Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар түсімдерін болжау. Ішкі немесе жанама салықтар ол тауарлардың бағасы арқылы төленетін немесе тарифке енгізілетін сол тауарлар мен қызметке салынатын салықтар. Мұндай салықтардың нақты төлеушілері болып сол тауар немесе қызмет иелері салық сомаларын оларды өткізгенде алады. Ішкі салықтарға қосылған құн салығы мен акциздер жатады.

Қосылған құн салығы түсімдерін екі вариантпен болжамдау мүмкін. Бірінші варианттың есебі елдің орташа мерзімді әлеуметті экономикалық даму жоспарына сәйкес жалпы ішкі өнімнің болжамдық көлемі мен ҚҚС алуының орташа пайызына негізделеді. Екінші вариантының есебі ҚҚС түсуінің мониторинг жөніндегі салық органдарының мәліметтеріне негізделеді. Бұл арада ірі салық төлеушілер бойынша есептелген және төленген ҚҚС сомалары жөніндегі мәліметтер пайдаланады.

Қазақстан Республикасында өндірілген тауарлар бойынша акциздерді болжамдау үшін алдыңғы жылда акцизделетін тауарлардың өндірістік көлемі жөнінде мәліметтер пайдаланады. Өндіріс көлемі орташа мерзімді әлеуметтік экономикалық даму жоспарының көрсеткіштері арқылы анықталады. Тауарлардың әрбір түрлері бойынша акциз түсуінің болжамдық сомасы келесі формула арқылы есептеледі:

Аж = Өк * Са  ,    Аи = Иж * К

Халықаралық сауда және сыртқы операциялар бойынша салық түсімдерін болжау. Кедендік баждар, басқа салықтар, халықаралық сауда мен сыртқы операциялар бойынша болжамдау үшін есепті мәліметтер талдауы мен республика аумағында  ағымдағы     мерзімде   сыртқы   сауда   айналысының атқарылуы, өнімдердің экспорты мен импортталынған тауарлардың салық салынатын кедендік құны жөніндегі кеден органдарының мәліметтері және әрекеттегі кедендік баждар қолданады. Сонымен қаса, салық және кеден заңнамаларындағы өзгерістер мен теңгенің курсы есептеледі.

Шетке шығаратын тауарлар бойынша кеден баждарының түсімдерін болжамдау маңында салық салынатын база ретінде республика немесе аймақтың орташа мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында қарастырылған экспорт көлемі алынады.

Қол қойылатын бонус бойынша түсімдерді болжамдау жер қойнауын пайдалану жөніндегі қол қойылған өзара шарттар негізінде іске асырылады. Коммерциялық табу бонус бойынша түсімдерді болжамдау пайдалы қазбаларды өндіріп алу жөніндегі өзара шаттар негізінде жасалады.

Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің болжамдық түсімдерін анықтау үшін роялтиді есептегенде қажетті көрсеткіштер керек, бірақ роялтидің орташа мөлшерлемесі орнына өзара шартта тағайындалған өнімдер бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлес мөлшерлемесі пайдаланылады. Үстеме пайда салықтың түсімдерін болжамдау есепті жылда әрбір өзара шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың ішкі пайда нормасы 20 пайыздың үстінен алынған таза табыс сомасына байланысты.

Бюджет кірістері салық түсімдерімен қатар салық емес түсімдер арқылы қалыптасады. Олардың көбі қатаң белгіленген мөлшерлеме арқылы есептелмейді және тұрақты фискалды сипатта емес. Сондықтан басқа түсімдерге қарағанда, салық емес түсімдерді жоспарлау мүмкіндігі төмен, бірақ тәжірибеде олар өткен жылғы деңгейде болжамдалады. Сондай болжамдау негізі болып салық емес түсімдердің төлеуін реттейтін нормативті-құқықты актілер табылады. Салық емес түсімдерді болжамдау манңында олардың бірнеше жыл бойы динамика мәліметтері және болжамды жылға есептелген тұтынушылық  бағалардың индексі мен теңге курсының өзгерісі пайдаланады.

Бюджетке мемлекеттік баж  түсімдерінің сомасын болжамдауы олардың өткен жылдардағы түсімдер динамикасы анықталып, ағымдағы жылғы түсімдері бағаланып, келесі жылдағы шамаланған өзгерістерге коррекциялану арқылы жүргізіледі.

Кәсіпкерлік және кәсіптік қызметтер атқару үшін түсетінкірістердің болжамдық сомалары да олардың динамикасын талдау мен келесі жылдағы салық салынатын базаның шамаланған өзгерістеріне түзетілген ағымдағы жылғы түсімдер көлемінің негізінде есептеледі. Мұндай кірістерге мүлікті табыс, жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы, адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы, төлем көзінен салық салынбайтын басқа табыстар жатады. Мүлікті табыс жылжымайтын мүлікті, құнды қағаздарды, қымбат бағалы тастар, металлдар мен олардың жасалған бұйымдарды, өнер туындылары мен антиквариаттарды сату құны мен олады сатып алу құндарының арасындағы оң айырма арқылы қалыптасады.

Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжау. Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжамдау осы төлемдерді  төлеуді реттейтін заңнамалық актілерге негізделеді. Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті,смемлекеттің меншігіндегі материалды емес активтерді үшін ел мен аймақтардың орташа мерзімді әлеуметті экономикалық даму жоспарларының негізінде жасалған орталық, жергілікті және басқа да мемлекеттік органдардың болжамдық көрсеткіштері пайдаланылады.

Мүлік сатудан түсетін түсімдерді болжамдау олардың бірнеше жылғы түсімдері келесі жылғы тұтынушылық бағалардың индексінде түзетілген көлемінің негізінде іске асырылады. Бұл болжамдаудың ерекшелігі ол мемлекеттік мекемелер бойы бекітілген негізгі капиталды қаржыландыру көздеріне байланысты бөлу. Республикалық бюджетке осы бюджеттен қаржыландыратын мекемелердің мемлекеттік мүлігін сатудан түсетін түсімдер сомасы болжамдалады, ал облыс бюджетіне облыс бюджетінен қаржыландырылатын мекемелердің мүлігін сатудан түсетін түсімдер. Республикалық маңызы бар қала, астана, аудан және облыстың маңызы бар қалалар бюджеттеріне негізгі капитал сатудан түсетін түсімдер болжамы тиісті бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелерінің мемлекеттің мүлігі мен жер учаскелерін сатудан алынатын ақшадан есептеледі.

Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжамдаумен қатар бюджет жүйесінің барлық деңгейлерінің кірістерінде ресми трансферттердің болжамдық сомалары көрсетіледі. Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджет пен облыс, республикалық манызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемі  әрбір жылға бөлінген үшжылдық мерзімге абсалюттік сомамен республикалық бюджет жөніндегі Заңмен,ал облыс пен аудан аралығындағы ресми трансферттер көлемі облыс маслихаттары шешімдерімен тағайындалады.

Республикалық бюджеттен бөлінетін ресми трансферттерінің болжамдық көлемі мен арнауларын жергілікті бюджеттерге бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жеткізеді. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар қосымша бюджеттік тапсырыстар арқылы республикалық бюджеттен түскен арнаулы трансферттерді бюджеттік бағдарламалар бойынша бөледі.

Аудан бюджеттерінің түсімдер көлемінде облыс бюджетінен бөлінген ресми трансферттер есептеледі, ал облыс бюджетіне ресми трансферттер төмен тұрған бюджеттерден де, республикалық бюджеттен де түседі. Республикалық бюджет түсімдерінің көлемінде төменгі бюджеттер мен Ұлттық қордан түсетін ресми трансферттер есептеледі.