Жоспар.
Кіріспе……3
1 бөлім. Кірістер туралы жалпы түсінік……4-15
1.1. Кіріс бюджеттік есептің ең маңызды объектісі
1.2. Бюджеттік құрылым және түсімдерді бюджет деңгейлері арасында бөлу
2 бөлім. Табыстар есебінің мәні, ұймдастырылуы ……..16-22
2.1. Кірістердің түрлері және олардың мәні
2.2. Кірістер есебінің ұйымдастырылуы және кірістер бойынша толтырылатын құжаттар
3 бөлім. Кірістер есебінің жүргізілуі……..23-26
3.1. Табыстар (кірістер) бойынша жүргізілетін операциялар
Қорытынды……..27
Қолданылған әдебиеттер…….28
Қосымша материалдар…….29
Кіріспе
Республикалық бюджет әрқашан экономика мен әлеуметтік ораны дамытуға ықпал жасайтын маңызды құралдар мен экономикалық иін болып табылады. Осындай ықпалдар мемлекеттің басқарылуымен берілетін ақша құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ақша құралдарының түсімдері мен қолданулары айрықша экономикалық форма, яғни бюджеттің кіріс бөлігі жалпы мемлекеттік салық есебінен құралады. Олардың Қазақстан Республикасында 5 түрі бар. Олар: қосымша құн салығы, акциздер, жеке және заңды тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық және жер қойнауын қолданушыларға арналған салықтармен арнайы төлемдер. Республикалық бюджеттен 1997 жылғы барлық кірістер, сондай-ақ кеден төлемдері де «Салықтың түсімдері» деп аталатын категорияға біріктірілді.
Бюджеттік табыстар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік органдардың қарауына түсетін және Қазақстан Республикасының субъектілерімен жергілікті басқару кезінде өздеріне жүктелген функцияларды атқаруға арналған ақша қаражаттары.
Мемлекеттік кірістер арқылы материалдық базаның атқарылуын қамтамасыз етілуіне арналған мемлекеттің меншігіне түсетін барлық құралдар процестері, яғни экономикалық жүйе қатыстары көтерілді.
Кірістер – кәсіпорынның коммерцияның делдалдық және басқа да мақсатты қызметтердің, сонымен қатар туарлардың және қызметтердің қайта өңделуінің белгілі бір дәреженің қортындысы болып табылады.
Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар бюджет табыстары болып табылады.
Кірістер қаражаттармен тығыз байланысты болатын, күрделі экономикалық санат (категория) болып табылады. Кірістер – бұл құралдардың шығындарымен байланысты белгілі бір қызметтердің қортындысы болып саналады. Жергілікті салықтар мен түсімдер бюджеттің кіріс көздері болып саналады.