Бюджет салық саясаты курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе………5

І Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық негіздері.
1.1. Қазіргі салық жүйесіне сипаттама және бюджет салық саясаты……6
1.2. Ақша айналысы және ақша жүйесі………………..9
1.3. Ақша-несие саясатының мәні мен құралдары……..13

ІІ Бюджет – салық және ақша-несие саясатының үйлестіру механизмі.
2.1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі………….17
2.2. Салық органдарының қызмет етуінің шарттары мен себептері және олардың Қазақстанның нарықтық экономикасының аяқтанудағы ролі………22
2.3. Бюджет – салық және ақша-несие саясатының үйлестіру механизмі………….30

Қорытынды…………34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………..36

Кіріспе

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажетгігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Экономика дамуының қазіргі кезеңіңде орталықтаңдырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өңдірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптас-тыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады, бюджет қатынастары мемлекеттің орталық-тандырылган ақша қорында — бюджеттік қорында затталынады.

 Курстық жұмыс / 36 бет