Жоспар:
І.Кіріспе…..3
1.1 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру….4
1.2 Бухгалтерлік есепті жүргізу……7
ІІ. Бухгалтерлік баланс ,оның мәні мен құрылымы ….8
2.1 Бухгалтерлік баланстың құрылысы мен мазмұны…..9
2.2 Бухгалтерлік шоттардың құрылымы активті және пассивті шоттар.….9
2.3 Синтетикалық талдау есебінің шоттары…..11
III. Екі жақты жазу жүйесі…..14
3.1 Екі жақты жазудың мәні мен маңызы…..17
3.2 Ағымдағы есеп мәліметтерін орытындылау……18
3.3 Екі жақты жазу принцип жөніндегі ұғым…..22
IV.Қорытынды…..26
Қолданылған әдебиеттер……27
I. Кіріспе
Кәсіпорын мүлкінің қандай қалыпта екенін және қандай дәрежеде пайдалынып отырғандығын анықтау үшін, нақты бір жүйеге келтіріп отыруға бухгалтерлік есепте әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бухгалтерлік есеп пәнін зерттеп білу үшін, оны бір тиянақты жүйеде жүргізу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер тобы, басқа ғылым бухгалтерлік есеп пәнінің әдіс-тәсілдері сияқты, диалектикаға негізделген. Бухгалтерлік есеп өзінің әдіс-тәсілін қолдануда, есеп-қисап ілімінің даму, зерттеу жолында диалектика тәсілін әр уақытта басшылыққа алады. Осы орайда, әрбір зерттеу әдіс-тәсілі кез-келген адам атының туындысы болуға тиіс емес. Ол зерттелетін пәннің негізгі мазмұнына сәйкес және сол пәннің негізгі мазмұнын дәлелді түрде бұлжытпай анықтайтын болу керек.
Әрбір пәннің әдіс-тәсілі, сол пәннің ерекшелігіне сәйкес, алдына қойылатын мақсатын орындауға, ғылыми негізін анықтауға бейімді болуы керек. Сондықтан әрбір пәннің әдіс- тәсілінің өзіндік ерекше мағына – мазмұны болуға тиіс. Оған жататындар: құжаттау, түгендеу, калькуляция, шоттар жүйесі, екі жақты жазу, бухгалтерлік баланс, есеп беру, бағалау.
Бухгалтерлдік есеп кәсіпорында күнделікті болатын шаруашылық процестерді түгелдей есепке алады. Ал ол шаруашылық процеске: сол кәсіпорындардағы барлық кәсіпорын мүлкі, қорлары және қаржыландыру қорлары қатысады. Бухгалтерлік есеп теориясында шаруашылық процесі – «шаруашылық операциясы» деп атау қалыптасқан. Былайша айтқанда, шаруашылық процестерін есепке алу үшін нақты бір әдіс керек. Ол бухгалтерлік құжат.
Құжат дегеніміз – ол шаруашылық операцияны бірінші тіркеуге алатын бухгалтерлік әдіс. Тек құжат арқылы ғана әрбір шаруашылық операция есепке алынады. Яғни, бухгалтерлік құжатта шаруашылық операцияның мазмұны толық көрсетеледі де, ол есеп-қисаптың негізі ретінде саланады. Құжат заң талабына сай толтырылып, бухгалтерлік есептің дәлелі болуға тиіс.
Курстық жұмыс / 28 бет