Бухгалтерлік есептегі есеп саясаты курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе…………………3

1  Бухгалтерлік есепте есеп саясатының түсінігі және оған қойылатын талаптары…………………………………6

1.1  Есеп саясатының мазмұны………………………………..6

1.2  Есеп саясатын дайындау…………………………………………….9

1.3 Есеп тіркелімдері, жазбалары және оның нысандары…………………………….10

2  Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер мен қателер….18

2.1 ҚЕХС бойынша есеп саясатын таңдау және қолдану……………………………..18

2.2 ҚЕХС бойынша есеп саясатындағы өзгерістер және оларды қолдану…….20

2.3 ҚЕХС бойынша есеп саясатындағы қателер…………………………………………..26

Қорытынды…………………………………30

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………..32

Қосымша…………………………………….33

Кіріспе

«Есеп саясаты» термині ресми түрде Қазақстан Республикасы бухгалтерлерінің іс тәжірибесіне, кезіндегі Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық Комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №2 қаулысымен енгізілді. Толық түрде есеп саясаты №1 «Есеп саясатының маңызын ашу» жөніндегі №1 бухгалтерлік есеп стандартында танылып, меншік түрі мен қызмет ерекшеліетеріне қарамастан барлық ұйымдарда міндетті түрде жасалынатыны болды. Әрбір ұйым өзінің есеп саясатын қалыптастырып, мұның өзін ішкі шаруашылық өрісінде және бухгалтерлік есеп жүргізу ісіне қолданатын мүмкіндікке ие болатын болды.

Есеп саясаты – деп ұйымдарды іс-тәжірибе қолданылатын бухгалтерлік есеп объектілерін жіктеп, жүргізуге арналған өрісі кең ережелер жүйесін айтады.

Ұйымдар мен кәсіпорындарда жасалынып қалыптасатын есеп саясаты бухгалтерлік есеп жөніндегі принциптерден, ереже – нұсқаулардан, әдістер мен әртүрлі ішкі операциялар маңызынан құрылады. Мұның барлығы қаржылық есеп жүйесін жүйелеп тапсыру мақсатындағы шындық көрсеткіштерді дәлелдеу мақсатында іске асырылады.

Қаржылық жағдай мен мұндағы болып тұратын өзгерістерді, шаруашылық қызметінің жағдайын дәлелді түрде іске асырып, алдын-ала қойылған талаптарға жауап беру үшін ұйымдар басшылары бухгалтерлік есеп жөніндегі көпсатылы принциптер мен әдістер ішінен ең қажеттіліктерін таңдап, бұларды қолдану жөніндегі тұжырымдама (концепция) дайындауға міндетті.

Есеп саясатының түпкі мақсаты – нарық пен базарлы саудаға түсетін ұтымды жолдарды анықтау, өндірісті ары қарай модернизациялау, жаңа және сапалы өнімдер өгдіруге ықпал ету, қаржылық күйреу  жағдайын болдырмау, материалды активтер мен басқа да құндылықтарды дүрыс бағалау мен есептен шығару, резервтік қорлар көздерін көбейту өндірістік тиімділігін ұтымды басқару болып табылады. Түпкі мақсаттың ең дәлелдісі ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз ету.

Сондықтан, қандайда болмасын ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқарып, жұмыс істеуіне ең әуелі ұйымдардың өзі, үлес қосушы акционерлер мен қаржы салымшы инвесторлар, дайын өнімдерді сатып алушылар, несиелендірушілер мүдделі болып табылады.

Есеп жүйесін ұйымдастыру ұйымдар мен кәсіпорындарда әр түрлі жағдайда қалыптасады, мұның үшін технологиялық бағытпен техникалық жағдайларды толық меңгеру негізінде көп варианттар есе саясатының ішінен ең қажетті және тиімді жолдарын жасау қажеттілігі туындайды. Есеп саясатының оптималды және бір бағытты типтік варианты болмайды. Есеп саясаты негізінен қаржы есебінің өрісінде жасалынады. Алайда қаржы есебі басқарушылық және салық есебімен тікелей байланыста болатындығын, және есептің бұл ьүрлері арасында гармониялық үйлесімділіктің сақталуын есте сақтаған жөн. Бухгалтерлік есептің жоғарыда айтылған әрбір түрлерінің өз ерекшеліктері мен жүргізу әдістері болатындықтан, қаржылық есепті қорытындылау қызмет қолданбалы негізі бағыттан ауытқымауы керек.

Есеп саясаты екі жағдайда – «жоғарыдан»және «төменнен» реттеледі. «Жоғарыдан» реттеу кезеңінде есеп қызметін жүргізу жөніндегі заңдар мен нормативтік актілер, сондай-ақ бекітілген бухгалтерлік есеп стандарттары, салық заңдылығы т.б. ресми құжаттар басшылыққа алынады. Екінші жағдайда «төменнен» реттеу кезеңінде ұйымдардағы технологиялық ерекшеліктер, салалық құрылым, табыс келтіру жолдары т.б. ішкі ерекшеліктер басшылыққа алынады. Есеп саясатын қалыптастыру үшін есеп жүргізу әдістерінің ішінен, осы кәсіпорынға тән қажетті әдістер мен ережелерді таңдап алып, есеп саясатының маңызын ануға болатындығын тағы да айта кеткен жөн.

Есеп саясатын ресмилендіру үшін осы ұйымдар мен кәсіпорындарда қолданылған ішкі әдістемелер мен ережелерді ұсыну кезінде жалпы бухгалтерлік есеп объектілерін жүргізу жөніндегі қойылған талаптардан, принциптер мен қаржы есебінің элементтерін тану бағытынан ауытқымау керектігін түсіну қажет.

Егер жан-жақты және сапалы дайындалған немесе қабылданған шешімдер ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз етпеген жағдайда, есеп саясатын жасаудың қажеттігі болмайды. Сондықтан есеп саясаты ұйымдар қазметінің тиімділігіне, ақша қаражатының өсуіне және іске асырылмай келген резерв көздерін ашуға тікелей әсер етеді. Мысалға, ұзақ мерзімді жалға беру объектісі таза пайда мен ақша қаражаттарының көбеюіне тікелей әсер ететіндігін басты бағыттың бірі деп түсінген жөн. Яғни қаржылық тұрғыдан қарағанда ұзақ мерзімге жасалған келісім-шарт бірден таза пайдакелтірілмегенімен, біртіндеп таза пайданың белгілі бір бөлігін қамтитындығын білген жөн. Есеп саясатын жасауға тікелей басшылық жасаушы басшылар мен атқарушы бухгалтерлер осы ұйымның таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз ететін есеп әдістерін зерттеп, қолдану жолдарының ең тиімді бағытын таңдауы қажет.

Бір типтік және барлық кәсіпорындар қызметіне тән есеп саясатын жасау мүмкін емес, мұның өзі өте қиын және болмайтын әрекет. Дей тұрғанмен есеп саясатын танып білу, мұның маңызын сапалы жасау, өз бетінше тиімді шешім қабылдау, қаржылық қорытынды есеп жасап дәйекті бағытпен қойылған бағдарды іске асырудың маңызы зор.

Есеп саясатын қалыптастыру мен іс-тәжірибеге енгізу үшін бухгалтерлік есеп принциптерін, мұның қолданбалы әдіснамаларын, салық жүйесін, қаржылық менеджментті (басқаруды) т.б. көптеген мәселелерді жоғары және терең түрде білуі қажет. Нарықтық қатынастардың қыры мен сырын, ұтымды бағытын, базарлы сауда өрісін терең түрде біле білу бағытында, бас бухгалтердің атқаратын рөлі өте зор.

Есеп саясатын жасаушылар мен қатысушы мамандар осы ұйымда қолданылатын бастапқы құжаттардың маңызы мен өрісіг, бухгалтерлік есеп счеттарының типтік жоспарын, активтерді бағалау, міндеттемелерді бағалап, қайтару, негізгі құралдардың тозу нормалары мен сомаларын белгілеу, аяқталмаған өндірісті бағалау, құжат айналысы ережесін белгілеу, ақпараттар жүйесін өңдеу технологясын, аудиторлық тексеру мен қорытындылау әдіснамаларының маңызы мен мақсатын іс-тәжірибеде жақсы қолдана білу тиісті біліктілікті қажет етеді.

Есеп саясатын қалыптастыру үшін:

  1. Құрылған ұйымдар мен кәсіпорындар активтері мен міндеттемелері меншік иелері, қатысушылар мен инвесторлар, басқа да ұйымдардың активтері мен міндеттемелер тізімі жеке көрсетіледі. Ресми тіркелген ұйымның шаруашылық қызметі ешкімге де тәуелді емес және дербес жүргізілетіндігін (дербестік принцип) түсінген жөн;
  2. Ұйымдар өз жұмысын ары қарай тұрақты бағытта жалғастыра береді, бұлар ұйымды жоймайды, немесе өз қызетін қысқартпайды (үздіксіздік принципі);
  3. Таңдап алынып жасалған есеп саясаиын бір жылдан бастап келесі жылдарда да сабақтастық түрде қолданылы береді (сабақтастық принципі);
  4. Ақшаның түсуі немесе түспеюіне қарамастан шаруашылық қызметінің  фактілері орын алған осы есепті кезеіге жатқызылып есептелінеді (сату немесе есепке жатқызу принципі).

курстық жұмыс / 33 бет