ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
I БӨЛІМ
1.1. Бухгалтерлік есептің мәні және стандарты
1.2. Бухгалтерлік есеп стандартының түрлері мен дайындау жолдары
1.3. Есеп жүйесін стандарттаудың қажеттігі
II БӨЛІМ
2.1. Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау
2.2. Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстандық біухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
КІРІСПЕ
Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі.
Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қоймай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның мыңызы мен рөлі артпақ.
Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігі ретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын жоспарлау, ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді. Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандарын жақсы менгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ.
Рефераттың мақсаты:
— бухгалтерлік есеп жүйесін халықаралық стандарттаудың объективтік қажеттілігін зерделеу;
— халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын тәжірибеде қолданудың тәртібін көрсету;
— халықаралық стандарттар негізінде қаржылық қорытынды есеп қалыптастырудың негізгі сұрақтары мен факторлары мазмұнын ашу;
— халықаралық бухгалтерлік ұйымдардың құрылу тарихы мен нысанасына шолу жасау;
— қолданудағы халықаралық қаржылық қорытынды есеп өрісіндегі стандарттарды қосымша интерпретациялау бағытын сипаттау;
— есептің дүние жүзілік модельдері ерекшеліктерін сипаттау және жағрафиялық жағынан дүниежүзі елдерінде қолданылатын стандарттарды өзара салыстырып қарау;
— Қазақстандық есеп тәжірибесінде қолданылатын халықаралық есеп стандарттарының қазіргі жағдайы мен бұларды еліміздегі есеп жүйесіне қолданудың болашағын зерделеу;
— Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары мен есеп өрісіндегі заңдар негізінде ары қарай жетілдірудің жолдарын көрсету.
курстық жұмыс / 24 бет