Бухгалтерлік есеп пәні

Бухгалтерлік есеп пәні туралы қазақша реферат

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үрдістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады. Қандай да болмасын шаруашылыққа қажетті күнделікті қолданылатын есеп жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп ұйымның есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы жене қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске асырылады. Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін ұлғайту мақсатында бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен экономикалық талдау әдістерін кеңінен қолдана отырып, кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген резерв қорларын анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленді. Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметгері мен көрсеткіштеріне сүйене отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды құжаттары мен мәліметтеріне қарай әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы-қызметкерлердің материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады. Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі сол, ол тек қана бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң төртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті- халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объекгивті экономикалық зандылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты — ұйымның өз экономикакалық және саяси жағдайына тән шаруашылық істің тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету. Қорыта келгенде, бухгалтерлікесептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы мен табыс (пайда) табуы жатқызылады.