БҰҰ курстық жұмыс

ЖОСПАР:

I.КІРІСПЕ

ІI НЕГІЗГІ БӨЛІМ. БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ:
2.1 БҰҰ-ның Жарғысы
2.2 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы
2.3 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы
2.4 Бірікке Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті
2.5 Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы

ІІI. ҚАҚСТАН МЕН БҰҰ-НЫҢ АРНАЙЫ МЕКЕМЕЛЕРІ
3.1 Қазақстан мен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы(ПРООН)
3.2 Қазақстан мен БҰҰ-ның ББҒММҰ (ЮНЕСКО)
3.3 Қазақстан мен БҰҰ-ның ЕЗБҚААБ (УКНСПП ООН)
3.4 Қазақстан мен АЭХА (МАГАТЭ)
3.5 Қазақстан мен БҰҰ ЖКБІБ (УВКДБ ООН)
3.6 Қазақстанмен БҰҰ- ның ӨДҰ (ЮНИДО)

IV. ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ:
3.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазакстанның қызметі
3.2 ҚР-дағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдіктері

V. ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
VI. ҚОРЫТЫНДЫ
VII. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

         Қазіргі уақыттағы ең беделді, әрі күрделі құрылымды халықаралық ұйымдардың арасында 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының саяси салмағы басым.  Қазақстан Республикасы үшін БҰҰ – мен бірлесіп әрекет етуі – еліміздің сыртқы саяси қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады сондықтанда өзімнің таңдаған жұмыстың тақырыбы өзекті әр маңызы зор деп санаймын.

АҚШ президенті Франклин Рузвельт ұсынған «Біріккен Ұлттар» атауы, алғаш рет бірінші қаңтар 1942 жылы «Біріккен Ұлттар Декларациясында» қолданылды, бұл кезде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы жиырма алты мемлекеттің өкілдері, өз мемлекеттерінің атынан соғысқа қарсы бірігіп күрес жүргізетіндерін хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы 1945 жылы 25 сәуір мен 25 маусым айлар аралығында Сан-Франциско қаласында өткен «халықаралық ұйымды құру» жөніндегі Біріккен Ұлттар конференциясында 50 мемлекеттің өкілдерімен дайындалды. Конституциялық құжат болып табылатын Жарғы — халықаралық ұйым ретіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін реттейді және әр түрлі салалар бойынша жүргізілетін барлық қатынастарда мемлекеттердің жүріс-тұрысын бақылап, қадағалауда басты роль атқарады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы –халықаралық құқықтың жалпы мақсаттары мен қағидаларын анықтайтын, әскери, экономикалық, әлеуметтік, мәдени қатынастардағы мемлкеттің жүріс-тұрысының кодексі болатын, барлық мемлекеттер үшін міндетті халықаралық құжат.

Біріккен Ұлттар Ұйымы ресми түрде 1945 жылдың 24 қазанынан бері қызмет жасайды. Оны құрып, негізін салушылар деп АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Кеңес Одағы мемлекеттері аталды. Жыл сайын жиырма төртінші қазан Біріккен Ұлттар Ұйымының күні деп тойланады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары төмендегідей:

— Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

— Халықтар теңдігі қағидасы негізінде ұлттар арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту;

— Экономикалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешуге көмектесу;

— Осы аталған мақсаттарға жетудегі ұлттардың іс-әрекеттерін біріктіретін орталық болу.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мынадай қағидаларға сай қызмет жасайды:

— Оның барлық мүшелері тәуелсіз теңдікке ие.

— Мүшелердің барлығы Жарғыдағы міндеттемелерін толық әрі дұрыс орындаулары тиіс.

-Олар өздерінің халықаралық дауларын бейбітшілік құралдарымен шешулері тиіс.

— Басқа мемлекетке қарсы қару қолдану ойынан аулақ болулары тиіс.

Бейбітшілікті қолдайтын, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысының міндеттемесін толық әрі бұлжытпай орындауға дайын кез келген мемлекет ұйымның мүшесі болып қабылдана алады. 14 қыркүйек 1999 жылғы есеп бойынша БҰҰ-ң мүшелігіне дүние жүзіндегі 188 мемлекет енген.[1] Қазақстан Республикасы БҰҰ-на екінші наурыз 1992 жылы мүше болды.

2006 жылғы 2 наурызда Қазақстанның бүгінгі таңда 190 мүше-мемлекеттерді біріктіретін Біріккен Ұлттар Ұйымына қабыданғанына 14 жыл толды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46 сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға қабылдау жөніндегі Қарары бірауыздан мақұлданды. Біздің көпұлтты халқымыз үшін бұл оқиғаның орасан зор тарихи маңызы болды. Ол халықаралық коғамдастықтың Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танығанын көрсетіп берді.[2]

Жұмысымның мақсаты таңдаған тақырыптың – БҰҰ-дағы Қазақстанның қызметін ашу, еліміздің БҰҰ даму бағдарламаларын жүзеге асырудағы ролі, белсенділігіне қатысты өзекті мәселелерді толық қамтып оларға тоқталып кету:

Осы мақсатқа  жету барысында жұмыстың негізгі міндеттері анықталды олар төмендегідей:

— Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуына ұйытқы болған тарихқа тоқталу;

— Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамын ашып көрсету; оның қызметіне тоқталу;

— Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысының қабылдануы, бас ассамблеясының өкілеттігін көрсету, бас хатшысының  қызмет бабына тағайыналуын қарастыру;

— Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемелерінің  еліміздегі атқарып жатқан қызметі, олардың бағдарламалары назар аудару;

— Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның қызметі жайлы тарихи маңызды аспектілеріне тоқталып оларға сипаттама беру.

Тарихи деректерге сүйенетін болсақ Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметі туралы  мәселені қозғаған, арнаулы ғылым еңбектер елімізде аса көпте емес Біріккен Ұлттар Ұйымы жайлы төмендегідей ғалымдардың еңбектерінде жалпылама жарияланды. Біздің еліміздің дипломаты саяси қайраткері Қ.Тоқаевтың жазған еңбектері аса маңызды және халықаралық ынтымақтастықта атқарған қызметтері де елеулі болып келеді. Бұл проблемалар Құлжабаева Ж.О. тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде жарық көрді.

Өткен 14 жыл аса ірі оқиғаларға толы болды. БҰҰ бірнеше мәрте сынға алынды, оның әлеуеті жайлы әр қилы пікірлер де айтылды. Алайда БҰҰ әлі де бүкіл адамзаттың бейбіт дамуға және халықаралық ынтымақтастыққа деген асыл армандары мен үміттерін айғақтап келеді. Ұйымға және оның Әкімшілік басшысы К. Аннанға Нобель Бейбітшілік сыйлығын берілуі — БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталған халықаралық ынтымақтастықты нығайту ісіне қосқан үлесін мойындаудың нақты көрінісі.

2000 жылы Нью-Йоркте болып өткен Мыңжылдық Саммиті БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен принциптерінің өзектілігін қуаттап берді. Қорытынды декларацияда принциптік маңызды ережелер мәлімденген, оған сәйкес ХХІ ғасырда БҰҰ халықаралық қатынастарда көпжақты реттеудің маңызды тетігі ретінде рөлін жалғастыруы тиіс. Жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру БҰҰ Жарғысының принциптері мен халықаралық құқық нормаларына негізделуі тиіс. Белгілі дәрежеде Мыңжылдық Саммитінің декларациясы – ол Ұйымның концептуалды жаңаруына негіз қалайтын БҰҰ-ның болашаққа деген іс-қимыл жоспары.

Ұйымның ХХІ ғасырдағы міндеттеріне арналған баяндамасында БҰҰ Бас Хатшысы К. Аннан, үш ірі міндетті атады, олардың шешілуі әлемді болашақта жарқын өзгерістерге жетелейді: мұқтаждықтан құтылу, қорқыныш сезімдерден арылу және адамды қоршаған табиғатты аман сақтап қалу. Бұл принциптерді іске асыру бүкіл халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап етеді.

Қазақстан, Мыңжылдық декларациясын қолдайтынын білдірді, сондай-ақ оның бейбітшілікке, ынтымақтастық пен дамуға қатысты ережелерін жүзеге асыруға шын ниетін растады. Мыңжылдық Саммитіндегі өзінің сөзінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жаһандану процесі дүниежүзілік қоғамдастық алдында жаңа міндеттер қойып отырғанын атап өтті.[3]Жаңа қыр көрсетулер мен кауіптердің туындауы жағдайында ұлттар қоғамдастығының лайықты жауап тауып отыруы ерекше маңызды рөл атқарады. БҰҰ-ның басты міндеті жаһандану процесінің оңтайлы сипатын қамтамасыз ету. Жаһандану кең мүмкіндіктерге жол ашқанымен, сонымен бірге үлкен шығындар әкелетіне де анық. Бұл процестің пайдасы мен шығындарын біркелкі екшеп отырмау, дамушы елдер мен өтпелі экономикасы бар елдерге кері ықпал етеді. Осы елдердің қажеттіліктеріне жауап беретін кең ауқымды және қажырлы күш-жігер жұмсау және де олардың қатысуымен әзірленіп, жүзеге асырылатын тиімді шаралар қажет.

БҰҰ қатарында Қазақстан өзінің егемендігі мен халықаралық беделін арттыру үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді. 1992 жылы БҰҰ мінберінен Қазақстан Президентінің алғашқы рет Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру бастамасын көтерген болатын. Бұл бастама беделді ұйымның рухына және аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған оның іс-қимылына сай келеді.

Еліміздің осындай деңгейге жетуі – елбасымыз бен отандық дипломатияның ілгерішілді жүргізілген сыртқы саясатының нәтижесі.

 Курстық жұмыс / 41 бет