Бунақденелілер

Бунақденелілер туралы қазақша реферат

Бунақденелілер. Ауешова Гаухар, Шымкент қаласы Қ.Сыпатаев атындағы №7 техникалық мектеп-лицейінің химия-биология пәнінің мұғалімі. 

Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқукшылардың білім, білік дағдысын  қалыптастыру. Оқушыларға бунақденелілердің сан алуандылығын олардың тіршілік ету ортасы және дамуы туралы түсінік беру.

2.  Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Оқушылардың өзін- өзі дамытуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3.  Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Графопроектор, плакаттар, кеспе қағаздар.

Пән аралық байланыс: Экология

Сабақтың әдісі: Өз бетінше оқып, танып білу.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру.

II Үй тапсырмасын сұрау.

III Жаңа сабақ.

IV Сабақты бекіту.

V Оқушыларды бағалау.

VI Үйге тапсырма беру.

I Ұйымдастыру.

 Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгелдеу. Білім алуға деген құштарлығын арттырып, жаңа сабақты бастау.

II Үй тапсырмасын сұрау.

I. Тест жұмыстары

II. Сұрақ – жауап.

  1. Жайылым кенелері туралы не білесің ?
  2.  Тайга кенесі туралы не білесің ?
  3.   Алма кенесі туралы не білесің ? 

 ІІІ. Жаңа сабақ. 

Сынып үш топқа бөлінеді.

  1. Бунақденелілер деп аталу себебі неліктен және қандай түрлері бар ?
  1. Бунақденелілердің дене құрылысы неше бөліктен тұрады ?
  2. Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің сан алуандылығы.
Шыбын Сүзіп алу

 

Маса Шаншып сору

 

Тарақан, қоңыз Кеміруші

 

Балара Кеміріп жалау

 

Көбелек Түтік тәрізді ауызбен сорушы

 

5. Бунақденелілердің көбеюі:

а) Толық түрленіп даму дегеніміз не ?

жұмыртқа→дернәсіл→қуыршақ→имаго

б) Тура даму:

жұмыртқа→имаго

в) Шала түрленіп даму:

жұмыртқа→дернәсіл→имаго

Тура даму Қанатсыз бунақденелілер

 

Шала түрленіп даму Ақпа, инелік, дәуіт, бит, қандала, шегіртке, бұзаубас
Толық түрленіп даму Қоңыздар, көбелектер, бүргелер, шыбындар, масалар, шаншарлар, құмырсқалар, баларалар,т.б.

6. Имаго дегеніміз не?

Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталынады.

Имаго ( латынша имаго- ересек құрт дегенді білдіреді ).

7. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады ?

Энтомология деп аталады ( гректің « ентома » — бунақдене + « логос » — ғылым деген сөзінен шыққан ).

8. Бунақденелілердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы.  V. Оқушыларды бағалау.

 VI. Үйге тапсырма беру.

Бунақденелілер тақырыбын оқып келу.