Бразилияның сыртқы экономикалық байланыстары туралы қазақша реферат
Латын Америкасы елдері дүние жүзілік нарықта дамыған елдерге аграрлы- шикізат көзі болып табылады. Өнеркәсіптің дамуымен экспорт құрылымында елеулі өзгерістер болғанымен де аграрлы — шикізат мамандануы әлі де болса сақталуда. 1994 жылы экспорт мөлшерінің 60% — ын азық- түлік тауарлары мен отын шикізаттың үлесінде. Сыртқа қант, кофе, какао, банан, дәнді- дақылдар , цитрус жемістері мен ет шығарады. Ірі экспорттаушы елдер: қант — Куба, Бразилия, Колумбия; кофе – Бразилия мен Колумбия ; банан — Орталық Америка елдері, Бразилия ,Эквадор; дәнді – дақылдар мен ет — Аргентина мен Уругвай. 90 — шы жылдардың басында дүние жүзілік экспортта бананның үлесі 80%, кофе — 60%, сиыр — 10% жоғары, мақта мен какао — 20% жуық .
Латын Америкасы — шикізат тауарларының ірі экспорттаушысы, ең алдымен мұнай, қара және түсті метал кендері. Мысты шығару бйынша — Чили, қалайы — Бразилия мен боливия, боксит — Бразилия мен Ямайка, темір рудасы — Бразилия мен Ямайка, темір рудасы — Бразилия , қорғасын мен мырыш өндіру бойынша Перу ерекшеленеді. Басқа экспорт тауарларының ішінен мақта (Бразилия ), жүн және былғары (Аргентина мен Уругвай ) ерекше көзге түседі.
Индусртияландырудың дамуымен кейбір елдер, әсіресе Аргентина, Бразилия, Мексика өнеркәсіп тауарларын шығара бастады. Өңдеуші өнеркәсіптегі экспорттағы жалпы үлесі 38% — ға дейін өсті. Өнеркәсіп экспортының ½ -і Бразилияның үлесінде болса, ¼ -і Мексикаға тиесілі. Өнеркәсіп тауарларының экспортында Латын Америкасында дамып келе жатқан экспортты өңдеу белдемі, ал аймақта « индустриал макиладорас » деген атпен белгілі. Алғашқы « макиладорас » Мексикада 1965 жылы құрылды. « Макила » — көне испандық термин. Макиладорас мақсаты ірі корпорациялар елде өзінің шикізаты мен жартылай фабоикаттарын әкеліп, өңдейді және дайын өнімді алып кетеді.