Брахмапутра өзені

Брахмапутра өзені туралы қазақша реферат

Брахмапутра өзені(жоғарғы ағысында Цангпо) Тибеттің  оңтүстігінде – 4700 м биіктіктен басталады. Оның  ұзындығы – 2900 км2, бассейнінің  ауданы – 95 мың км2 – ден асады. Брахмапутра жоғары ағысында Гималай тауларын бойлай Тибет таулы қыратының оңтүстік шеткі  аймағындағы  кең алқаппен  ағады.  Гималай  тауларының  шығыс  шеткі  маңында өзен оңтүстікке  кілт бұрылып, тауларды  жарып, жерінде  көптеген  сарқырамалары бар  шоңғалды  тар  аңғар құрайды.  Ойпатта Брахмапутра жай  ағады, тармақтарға  бөлініп, Гангпен атырауы ортақ  жерінде арнасын  жиі  ауыстырып  отырады. Брахмапутраның  суы  жер суаруға кеңінен  пайдаланылады, ол  сағасынан  шамамен  1300 км дейін  кеме қатынасына  жарамды.