Болжам жасаудың негізгі қағидалары туралы қазақша реферат
Әлеуметтік болжам — әлеуметтік теорияға көзқарас, онда бірқатар тарихи тенденциялардың ықтимал жүзеге асуын нобайлап белгілеу әрекеттері жасалады. Мұның классикалық мысалы Даниель Беллдің “The coming of Post Industrial Society” (1973) атты еңбегі, онда “A Venture in Social Forecasting” деген тақырыпша бар. Белл өзінің батыл ойларын жекелеген әлеуметтік іс жағдайы жөнінде болжам айту ережелеріне белгілі бір пошым беру әрекеттерінен бөліп қарайды. Ал әлеуметтік болжам тек ықтималдықты нобайлауға тырысады және ол “заңдылық және оқиғалардың қайталап көрінуі” бар жерде ғана немесе бағыты “статистикалық уақыт серия шеңберінде анықталуы мүмкін” тенденциялар бар жерде немесе “олар тарихи тенденциялар ретінде тұжырымдала алатын жерде”, “оқиғаларға ықпал ететін адамдар тарапынан парасаттылықтың жоғары дәрежесін топшылауға болатын жерде” мүмкін болады. Бұл шарттарға ілуде бір ғана қол жететіндіктен, деп мойындайды Белл, әлеуметтік болжамдар көбінесе жасалатын қысымды дәлелдей түсумен шектеледі, оның шеңберінде белгілі бір шешімдердің нәтижелерін болжау емес, кейбір саяси шешімдерді ғана тиімді қабылдауға болады.
Мәселенің мәнін аша отырып, түсінік ақпаратын ажырытып алу қажет. Әлеуметтік болжау процесі өз бойына институционалдық жобалауды, болашақтағы даму мен оның салдарынан болатын ықпалды бағалауды жинақтаған.
Әлеуметтік жұмыстағы болжау – жоспарлау алдында жүргізіліп, жағдай барысында баға беруді, орындау нәтижесін, жоспарау мен шешім қабылдауға илікпейтіннің барлығын қамтып отыруы қажет. Ол кез-келген уақыт аралығын қамтуы мүмкін. Болжам, жоспар және бағдарлама келешек жайлы ақпаратар тасқынын реттеу әдістері арқылы ажыратылады. Алайда, өтпелі экономика жағдайында әлеуметтік жұмыстың болжау әдістері әлі толық зерттелмеген.