Бизнесті қаржыландыру көздері курстық жұмыс

Мазмұны.

Кіріспе

1. Шағын және орта бизнесті қаржыландырудың орны мен маңыздылығы.

1.1. Шағын және орта бизнесті қаржыландырудың кажеттіліктері мен маңыздылықтары………..6

1.2. Шағын және орта бизнесті қаржыландырудың жолдарының ерекшеліктері…..10

1.3. Шағын және орта бизнес субъектiлерiн қаржыландырудың  алғышарттары……16

2. . Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қаржыландырудыңді ұйымдастыру.

2.1. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын коммерциялық банктердiң қаржыландырудың процесiн  ұйымдастыру….23

2.2. Қазақстандағы микрокредит ұйымдарының дамуы және бизнестің дамуына өз үлесін қосуы…..34

2.3. Қазіргі кезеңдегі шағын және орта бизнеске қаржыны тартудағы кездесетін мәселелер………40

3. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қаржыландырудың мәселелерін реттеу.

3.1. Шағын және орта бизнесті қаржыландырудың-жетістікке жету жолдарының …49

3.2. Шағын және орта бизнесті қаржыландырудың аймақтық деңгейдегі даму мәселелерін реттеу жолдары…….60

3.3. Шағын және орта бинесті қаржыландырудағы мәселелерді мемлекттің бақылауы………70

Қорытынды

Әдеби оқулықтар тізімі

Қосымша

Аннотация

    Курстық жұмыстың     тақырыбы:     Бизнесті қаржыландыру көздері

Зерттеу жұмысының объектісі – Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы

Курстық      жұмыстың       мақсаты — ОҚО      нарық жағдайындағы  кәсіпорынның  бизнес жоспарын жасау ерекшеліктерін, көлемдеріне талдау және оны жоғарлату жолдарын анықтау.

Курстық жұмыс кіріспеден, 3 тарау, 8 параграф, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Анықтамалар

Коммерциялық несие ─ бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді. Комморциялық несие вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикада несиелік қатынастардың алғашқы формасы.

Банктік несие ─ бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несие.

Стандартты несие – қайтару уақыты жетпеген, бірақ қайтуында күмән жоқ несиелер;

Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер;

Үмітсіз несиелер – қайтарылу  уақыты кешіктірілген мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.

Тұтыну несиесі – жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие;

Ипотекалық несие – қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала отырып ұзақ мерзіиге берілетін несие;

 

Кіріспе

        Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақты дамуына, ең алдымен мемлекет тарапынан қабылданған және жүзеге асырылған реформалар нәтижесінде қол жеткізуге болады. Отандық тәжирибе көрсетіп отырғандай, ел экономикасының дамуы тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстың нәтижесін көрсетеді.

Кез-келген қоғамда қаржы несие жүйесі экономиканың дамуы мен нығаюының негізі болып табылады.  Нарықтық экономика жолын ұстанған Қазақстанда шағын және орта бизнесті (ШОБ) қаржыландырудыңді  дамыту, қазіргі таңда жүргізіліп отырған экономикалық реформаның басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан елімізде  шағын және орта бизнестің  даму барысына кедергі келтірмей, керісінше даму барысына ықпал ететін икемді қаржы-несие жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелердің қатырында болып отыр. Осы тұста мемлекеттің атқаратын рөлі зор. Нарықтық экономикалы елдерде мемлекет экономикаға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызмет барысына заң кесімдері, салықтар, несиелер тәрізді құралдар арқылы араласады. Бұл өз кезегінде, ел экономикасының дамуына, ЖІӨ ұлғаюына, шағын бизнес субъектілері мен әртүрлі қаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер арасында нарықтық қарым- қатнастың нығаюына әкеледі. Шағын  және  орта бизнесті  дамытуда Үкімет тарапынан қабылданған заңдар мен нормативтік актілердің үлесі айтарлықтай, бұған қарамастан әр қабылданған заң өз орнын таппай отыр. Мысалы, 1990 жылдарды бүгінгі күнмен салыстыратын болсақ, екінші деңгейлі банктер ұлттық заң жүйесінің қалыптасуына қарамастан, отандық кәсіпкерлермен қарым – қатынасқа бармады, керісінше олар шетел қаражат есебінен қаржыландырып отырды. Уақыт өте келе аталған мәселелер өз шешімін тапты. Бұған бірден бір дәлел, жыл сайын өтететін Қазақстандық кәсіпкерлер форумы және ҚР Президентінің қолдауымен өтеді.

Шағын және орта бизнес, макро экономикалық деңгейде көптеген мәселелерді шешеді. Айталық, жұмыссыздықтың алдын алады, жаңа жұмыс орнын ашады, жылдан-жылға ЖІӨ қатысты өнім көлемін ұлғайтады, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерге өз үлесін қосады т.б.

Шетел қаржы ұйымдарының, шетел банктерінің Қазақстан нарығына қызығушылық тудыруы, ел экономикасының тұрақты дамуын және жаңа жобаларды жүзеге асыруға сеніммен қарайдыЕлiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуiнiң өзi,  қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен өзгерiстер алып келдi. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн, келесi жағдайлардың болғаны  дұрыс:

конструктивтiк бизнес-идея;

тиiмдi басқару (менеджмент);

қаржы жеткiлiктiлiгi.

Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыру кезiнде қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтанда, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыспен қамтамасыз етiлу немесе жобаның әлеуметтiк мәнi болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын бизнес дамыған нарықтық шаруышылықтың бөлінбес бір элементі болып табылады. Шағын бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңа қосымша жұмыс орындарының ашылуын құру сияқты дәйекті мәселелер оның актуалдылыгын көрсетеді және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.

Сондықтан, бұл жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы шағын  және орта бизнестің даму сипаты мен ерекшеліктері және оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни оның даму үрдістерін және проблемаларын айқындау және оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау болып табылады.

Аталған  курстық жұмыс  негізгі  үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде – шағын және орта бизнесті қаржыландырудың орны мен маңыздылығы  туралы қарастырылған.

Екінші бөлімде – Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қаржыландырудыңді ұйымдастыру  туралы жағдайын талдадым.

Үшінші бөлімде – Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қаржыландырудың  реттеу  туралы өзекті  мәселелеріне тоқталдым.

курстық жұмыс / 70 бет