ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1 тарау.Білім берудегі компьютерлік технология ерекшеліктері
1.1 . Компьютерлік технологияның бағыттары…….7
1.2. «Біріктірілген сабақтарды өткізу кезінде компьютерлік технологияны қолдану әдістемесі…….18
2 тарау. Орта мектепте біріктірілген сабактарда компьютерлік технологияларды пайдалану
2.1. Электрондық кестені оқыту әдістемесі…………………………..26
2.2. Интерактивті құралдарды пайдалану ерекшеліктері……….27
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы оқу мен тәрбие жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының болашақ қарқыны мен қадамдары іздеумен және компьютерлік жүйені оқу-тәрбие үрдісіне енгізумен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жаңа технологияларымен қамтамасыз етілуі міндеттелген. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алғаннан бері мектептер аудиторияларда оқыту мәселелері терең зерттеліп, көптеген әдістемелік жаңалықтар оқыту үрдісіне енгізілді. Қазақстан Республикасының қоғамдық-әлеуметтік дамуы мен қазіргі уақыт сұранысына орай компьютерлік оқыту технолгиясының алатын орны күн өткен сайын зор.Компьтердің кең мүмкіншіліктерінің бірі – интернет жүйесі. Мектептегі оқу пәндерін оқытуды сапалы дәрежеге көтеруге ықпал ететін интернеттегі программалардың қоры оқыту үрдісіне жаңа мүмкіндіктер жасайды. Осымен бірге оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудағы компьютерлік оқыту технолгиясының маңыздылығы күн өткен сайын анық аңғарылуда. Қазіргі заманда ақпараттың көптігі мен жету жылдамдығы, осы мәселенің психологиялық ерекшелігі де мектеп қабырғасында, сабақта компьютерлік технологияны меңгерудің маңызы мен қажеттілігін дәлелдейді. Қазақ тілін мектепте оқытуда қатысымдық (коммуникативтік) бағытты ұстану басты мәселе болып табылады. Қатысымдық тұрғыдан ұйымдастырылған қазақ тілін оқыту үрдісінің тиімді болуы осы зерттеу жұмысында қатысымдық тұлға – мәтінді компьютер арқылы оқытумен тығыз байланысты. Өйткені компьютердің мультимедиалық мүмкіншіліктері оқушының тілін дамытуды жан-жақты басшылық жасай алады. Қазақстандық білім беру жүйесінде барлық пәндер бойынша электрондық құралдар жасалып жатқаны белгілі. Дегенмен практикадағы қолданыс барысы әлі мардымсыз екендігін республикалық басылымдардан да, мектептердегі қазақ тілін оқыту тәжірибесінен де көп байқауға болады. Зерттеу жұмысының өзектілігі осы айтылғандармен байланысты айқындалады.
Зерттеу нысаны – мектепте қазақ тілі мәтіндерін компьютермен оқыту әдістемесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты – қазақ тілінде еркін сөйлеу мүмкіндігін арттыру үшін қатысымдық құзыреттілігі мен қазақша сөйлеу біліктілігін жетілдіріп, қазақ тіліндегі мәтіндерді компьютермен оқытудың ұтымды әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысынын міндеттері:
— қазақ тілі мәтіндерін компьютер арқылы меңгерту әдістемесінің әлеуметтік-философиялық, дидактикалық, психофизиологиялық, әдістемелік заңдылықтарын анықтау;
— қазақ тілін оқыту үрдісін компьютерлік технология арқылы жаңашаландыру;
— оқушылардың даму деңгейіне сәйкес мәтіндер жүйесін дидактикалық тұрғыдан іріктеп, олардың мазмұнындағы дидактикалық, тәрбиелік, елтанымдық, дүниетанымдық білім ерекшеліктерін меңгерту әдістерін жүйелеу;Зерттеу жұмысының болжамы. Компьютерлік оқыту технологиясына бейімделген арнайы мәтіндерді окытуға арналған әдістеме қазақ тілін жете меңгеруге игі ықпал етеді. Мәтіндерді компьютер арқылы оқытумен байланыстыру қазақ тілін оқыту үрдісін компьютерлендіру міндетіне сай жана инновациялық әдістемелік жүйе ұсынуға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысында анализ, синтез, салыстыру, салғастыру, бақылау, сұрау әдістері қолданылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
— оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай елтанымдық, дүниетанымдық, білімдік мақсатқа сай мәтіндер жүйесі іріктеліп, лексикалық және грамматикалық жаттығулар жүйесі жасалынды;
Зерттеудің теориялық маңызы.
Қазақ тілін оқыту үрдісін компьютерлендіру бағдарында анықталған әлеуметтік-философиялық, дидактикалық жене психофизиологиялық негіздер қазақ тілін оқыту теориясын жаңа ұғымдармен байытады. Мәтіннің табиғатын лингвистикалық тұрғыдан талдау мәтін теориясын меңгеруге игі ықпал етеді. Мәтінмен лексикалық және грамматикалық тұрғыдан жасалған жұмыс жүйесі әдістеме ілімінің ғылыми-теориялық негізін түсінуге септігін тигізеді.Қазақ тілін оқытудың жаңа инновациялық жүйесін енгізу интерактив әдістерді мол және тиімді қолданудың компьютерлік мүмккіншіліктерін молайтады.
Зерттеудің практикалық манызы.
Мектепте қазақ тілін оқытуды компьютерлендіру жолдары мен оларды ұйымдастыру амалдары қазақ тілі сабағының сапасын арттырады.
Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді нысаны деп танылған мәтін және оны оқытуда компьютерді қолдану әдістемесі мектепте ғана емес арнаулы, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді терең үйренуге мүмкіндік береді. Комиьютерді қолдану барысында окушының өз бетімен білім алу дағдыларын жетілдіру басты мақсат болғандықтан, «субъект -объект» жүйесінің өз-өзінен ығысып, «субъект -субъект» жүйесіне көшудің оңтайлы жолы тәжірибелік курстарды өткізуге пайдалы. Мәтін бойынша жасалатын жұмыс түрлері лексикалық, грамматикалык, сөздік, тест арқылы топтастырылып, әдістемелік кешен түрінде ұсынылуы оқытушыға сабаққа қажет мәселені тандап алуға жағдай жасайды. Зерттеудің теориялық және практикалық нәтижелерін мұғалімдер оқу-әдістемелік құрал ретінде, мектеп оқушылары қазақ тілін мемлекетгік тіл ретінде оқып-үйренетін компьютерлік диск (СВ) түрінде дербес компьютер құралы ретінде қолдана алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Компьтерлік оқыту техналогияның оқушыларға маңыздылығы
Мемлекеттік тілді оқытуда мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушылары пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсатында дәстүрден тыс әдістер мен тәсілдерді іздеуде. Өйткені қызығушылық дегеніміз — үйренушілердің шығармашылық және ойлау қабілетін арттыруға септігін тигізетін ынталылық. Оқытушылық қызметте накты әдістемелік нысандарда, сонымен қатар психологиялық міндеттерде осы әдістердің ерекшеліктеріне сүйенеміз. Олар:
• оқушылардың жеке басының есте сақтау қорлары мен интеллектуалдық белсенділігін дамыту;
• психологиялық кедергілерді меңгеру;
• практикалық сабақ кезінде оқытушы мен оқушылардың белсенділігі мен оқыту әдісін бекіту; Осындай мотивацияны арттыру үшін оқу-әдістемелік жұмыс негізгі амалдар, тәсілдер және жаңа техникалар арқылы жүзеге асырылады.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланатын әдістер мен Интернет секілді қазіргі тәсілдер-жеке бағдарламалық бағытта көмегін тигізеді, курсанттардың қабілетіне қарай оқытудың дифференциациясын қамтамасыз етеді және пәнге деген қызығушылығын арттырады.Бүгінгі таңда адамзат өмірінде компьютердің қолданылмаған жері жоқ. Әр салада компьютерлік технология белсенді қолданылуда, ал интерактивті бағытта оқытушы мен оқушыға көмекші құрал. Психологиялық көзқарас тұрғысынан қарағанда компьютермен оқытудың тиімділігі мол. Оқу-әдістемелік жұмысының тиімділігін, практикалық сабақтың қызығушылығын қамтиды. Егер компьютерлік бағдарлама сауатты құрылса, онда ол оқытушыға уақыт үнемдеуге және үиретудің кейбір тиімді сәттеріне назар аудартуға көмегін тигізеді. Аталмыш технология практикалық сабақты жүйелі ұйымдастыруда маңызды. Ол әдістердің негізгі функциясы — болжамдық болып есептеледі, және негізгі қызметі — жобалау, себебі жоғары білікті мамандарды даярлауда жалпы мақсатты және нәтижелерді, негізгі кезендерді білім-тәрбие процесінің тәсілдері мен ұйымдастыру формаларын жоспарлайды. Әсіресе үйрету технологиясында қарастырылған үйрену мен дағдылану әрекеттерінің қалыптасуы әр сабақта қолданылады
Компьютермен жұмыс істеу өте қызықты. Үлгерімі нашар оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығатын болады, өйткені кейбір жағдайда компьютер оның білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Балалардың білім сапасының жоғарлауына, жекелей ерекшеліктерінің ескерілуіне ықпал етеді. Жаттығу жұмысын орындау барысында оның жауаптарына машина тура және үздіксіз серпілісті қамтамасыз етеді
Курстық жұмыс / 40 бет