Б. шығармашылығының ас көрнекті аумағын симфониялар алып жатыр. Симфонияны фәлсафа мен әдебиеттің ой деңгейіне дейін алғаш көтерген Л. В. Бетх. Оның симфониялары Гайдн мен Моцарттың шығармашылығының жетістіктерін қорытындылайды.
Б. симфонияларының әрқайсысы көпжылдық жемісі. Б. 30 жасқа дейін симфония жанрында жұмыс істемейді . Себебі оның бұл жанрға деген үміті зор болды. Бірінші симфонияда C-dur жаңа Б.-дік стиль қасиеттері әлі аз көрінеді. D-dur екінші симфонияда –ерлік, динамиканың ілгері ұмтылысы, жігерлілік сезіледі. Бірақ нағыз шығармашылық қарқын үшінші симфонияда көрінеді. Үшінші симфониядан бастап қаһармандық тақырыбы бесінші симфонияның тууына ықпал етеді. Данышпан өмірінің соңына бұл тақырып жетіліп мінсіз шеберлікпен тоғызыншы симфонияда дамыған. B-dur 4-нші симфонияның поэтикалық образдар кешені, табиғат тақырыбына арналған 6-шы «Пасторальды» симфония – жастық шақ пен көктем поэзиясын, тоқтамас әрекетті өмірге қуанышты суреттейтін туындылар. Жетінші симфонияда өмірлік құбылыстар жалпылама- билік бейнелерде көрінеді.
Б. тоғыз симфониясында композитордың ғұмыр бойындағы өмірлік ұмтылыстары көрінеді, әр туынды өзіндік қасиеттер иесі болғанмен, бірге қосылып үлкен цикл құрап тұрғандай.
Бірінші симфония C-dur (op. 21,1800) , жаңа жүзжылдық құрдасы, он сегізінші ғасырдағы вендік аспаптық музыкасының дамуын аяқтады. Жанрлық- тұрмыстық бейнелер , би элементтері, камералық мөлдір оркестр, циклдың әдеттегі «сюиталық » құрылысы – мұның барлығы 1 симфонияны вендік мектептің ерте кезеңімен туыстастырады. Бірақ, мында бетховендік ерлік біртіндеп айқындала бастайды.Мысалы бұл симфонияның менуеті онсегізінші ғасыр менуетімен стиль, жалпы рухани жағымен мүлдем ұқсамайды.
Екінші симфония D-dur (op. 36, 1802) Б-нің «Ескі әлемнің» өнерін тастағанын білдіреді. Үлкен масштаптар оған ұлылық қасиет береді, мыстылардың қатысуымен массалы, жарқыраған аспаптау- осылар әрине бұрынғы камералық сипатты бұзып жаңа симфониялық стильдің тууына куәгер. Кіріспенің дыбыстары шығарманың көтеріңкі-драматикалық атмосферасына енгізеді. Бірінші бөлім – белсенді ерік, қаһармандық көңіл, оптимизмді әшкерелейді. Оның жалғау тақырыбында Француз революциясының массалы қаһармандық марштерінің плакатты стилі ашылды, яғни «Марсельеза». Бұл симфонияның тағы бір ерекшелігі – үшінші бөлімдегі жаңа жанрдың қолданыуы- нағыз бетховендік скерцо.Жалпы екінші симфония, әсіресе оның бірінші бөлімі, Гайдн мен Моцарттың симфонизмінен үшінші симфонияда іске асырылған жаңа бетховендік стильге қарай көпір құрып тұрғандай.
Төртінші симфония B-dur (op. 60, 1806) – жаңа лирикалық –жанрлы тип. Бұл симфония романтиктердің жаршысы. Біртума образдары екі adagio-мен байланысты, кіріспе және екінші бөлім. Кірспе- әуеннің баяу дамуы, тональдық кезуле- бос импровизация сезімін тудырады. Екінші adgio –ноктюрн. Лирикалық көңіл, төгілген романстық әуен, “аккомпанементтік” фон фортепианолық кіріспе тәрізді тақырыптың алдында өтеді.
Алтыншы симфонияны F-dur (op. 68, 1808) Б. бесінші симфониямен бірге аяқтад. Бұл авторлық бағдарламамен шыққан жалғыз шығарма болып табылады. «Адам мен табиғат » деген руссолық тақырыпты ашады. Бірінші бөлім-«Ауылға келлгендегі сергектіктің пайда болуы»,екінші бөлім –«Бұлақ басында»-музыкалық бейнелеу үлкен рөл атқарады. Соңғы үш бөлім тоқтаусыз орындалады. Үшінші бөлім «Ауыл адамдарының көңілді жиыны»- халықтық музыкаға жақындық көрінеді. Төртінші бөлім- «Күн күркіреу сахнасы», бесінші бөлім «Бақташылар әні. Дауылдан кейін нұрлы сезімдердің көрінісі»
1812ж. композитор би стихиясы ашылған екі симфонияны дүниеге әкелд: Жетінші A-dur (ор. 92) сегізінші симфонияЛя мажор (ор. 93)1 бөлімде Гайдн симфонияниясының ерекшеліктері бетховендік мәнерге өзгертіліп жазылған. Және бұл симфонияда лирикалық бөлім жоқ..
Үшінші симфония (ор. 55,Es-dur, 1804) — революциялық күрес және жеңіс образын даныщпандықпен ашқан шығарма. «Каһармандық» интонациялық құрылысы, формақұрау принциптерімен, сұлулық пен әуезділіктен алыс, бірақ өте бай мәнерлеу әдісімен аса жаңашыл, еріксіз таңқалдыратын туынды болған. Оның әр бөлімі бір драманың, соңында шарықтау шегі бар сахналары тектес.
Бірінші бөлімде, Allegro con brio, Б. титандық күрестің суретін салады.Екі қуатты аккорд бұл бөлімге күңіренген, әрі ілгері ұмтылған кіріспе жасайды. Негізгі тақырып фанфарлы бейнелі, ол тікелей әдеміліктен, интонациялық және құрылыстық тамамдаландықтан айырылған. Бүкіл сонаталық экспозиция ретпен өсіп кележатқан толқындар тізбегі сияқты көрінеді. Өңдеу бөлімінің ең соңында дыбыстар тына қалады. Скрипкалардың тремолосымен негізгі тақырып келеді, кенеттен реприза басын жыриялайтын екі тутти аккордтары соғылады. Репризада негізгі тақырып бұрынғыдай дамымайды, керісінше онда пасторальдық элементтер естіледі. Үлкен кода екінші өңдеу бөлім боп табылады. Мұнда күрес шешіледі, тек соңында ғана өткір дауыстар орнына жағымды, ашық әуендер келеді. Күрес жеңіспен аяқталды.
Екінші бөлім (adagio assai) — әлемдік фәлсафа-трагедиялық лирикадағы ең көрнекті туындылардың бірі. Б. оны жерлеу маршы деп атады. Бүкіл бөлімнің дамуы котрастты салыстырымдар мен толассыз дамуға негізделген. Б. қаһарман адамды жерлеуге бара жатқан бүкіл адамзатты суреттеу мен жеңіске қуану бейнесінің арасына айқын скерцоны интерлюдия ретінде орнатқан.
Скерцо әрең естілген сыбдыр сияқты басталып, кейін негізгі тақырып қуанышты фанфарға дейін өсіп жетіледі. Бұл жанрлық трионы дайындайды.
Финал — қоғамдық шаттықты көрсету. Оны тек 9 симфонияның соңымен салыстыруға болады. Финал «остинатты бас» пен вариацияларды біріктірген ескі формада жаылған. Оның драматикалық толықтығы, дәстүрлі формасы, шаттықтылығы алдағы бөлімдердің трагизмімен тепетеңдік жасайды.
«Қаһармандық» симфония композитордың ең сүйікті туындысы. Кейін басқа симфонияларын жазса да, бұл шығарма Б. үшін ең қымбат, жақын еңбегі ретінде қала берді.
IX симфониямен d-mol – D-dur (ор. 125, 1822-24) алдағы симфониялардың арасында 10 жыл жатыр. Бұл, Б. аспаптық музыкасындағы ең улкен, әрі соңғы шығармасында Б. қаһармандық тақырыпта соңғы рет жазған болатын. Симфонияның Шиллер «Қуанышқа» одасының текстіне хорлық финалы туындының идеясын ашады.
Бірінші бөлім, legro/да композитор мұңдылық пен түнекті ғана суреттемей, сонымен қатар ынтымен қарсы тұруды әшкерелейді. Оның даму бөімінде мотивтік және полифониялық өңдеу әдістері қатар. d-moll мен D-dur/дың арасында ладтық конфликт бүкіл симфонияда өтеді.
Екінші бөлім – алып размерлі скерцо. Өткір ритмдік пульсация, мелодиялық дамудағы фугато әдістері, шекке дейін динамизацияланған форма, мұның бәрі зор үдеу сезімін тудырады.
Үшінші бөлім –adagio molto ecantabile –Б. лирикалық шабытының шыңдарына жатады. Оған екі контрастты тақырыпты салыстыру сай: квартеттік стильдің көптеген мәнерлеу әдістері бар шоғырланған мәнді си бемоль мажор, және «вальсті», әуезді ре мажорлы тақырып.
Финалда симфония аспаптық жиектемеден шығады, кульминация сәтінде Б. хор мен дауыстар енгізеді.
1806-1808ж. Аралығында Б. үш шығарма жазды. Арасындағы ең көрнектісі қаһарман/ трагедиялық 5 симфония, c — mol – C – dur (op. 67, 1805 — 1808).Онда Б. тақырыбы – қаһармандық пен күрес трагедиясы. Б. симфониясында адам тағдырмен жекпе – жек күресте жеңіп шығады. Драматикалық конфликт түнектен – жарыққа деп біртіндеп дамиды. Төрт бөлімді цикл бір бутінді құрап, тек драматикалық даму жүріспен ғана емес, нақты бір лейтритммен де байланысқан. Ең бірінші дыбыстардан бастап финалға дейін тиышсыз, құлақ тұндыратын тағдыр мотиві сақталады. Симфонияның сонаталық аллегросы – қобалжыл, екпінді – негізгі мотивтің ритм –интонациясымен біріктірілген. Өңдеу бөлімінде шарықтау шегі кішірейген септаккордтың екі фортеға тутти орындалынуынан кейін тағдыр мотиві қайтадан естіледі. Өңдеу бөлімінің шарықтауы реприза басымен сәйкес.Динамикалық реприза мен үлкен өңдеуіш кода трагикалық пофоспен ерекшеленеді.
Andante con moto Б. азаматтық лирикасы үлгілі. Сабырлы, декламациялы бірінші тақырыпқа, қаһарлы, маршты, іштей динамикалы екінші тақырып қарсы қойылады.
Скерцо немесе үш үлесті аллегро — да Б.тағдырмен трагедиялық күрес суретіне оралды. Екі пианоға ішектілердің төменгі регистрінде до минорлы тақырып – диалог естіледі. Кенеттен өзгерген, беделді тағдыр тақырыбы келеді. Мұңаю мен қорқыныш тақырыбы тағдырмен үш рет кезектеседі. Трионың мажорлы фигуралануы – жарқын интерлюдия – репризаның мұңды тақырыбына құйылады. Күрес тоқтап қалғанда драматикалық күшімен, оригиналдылығымен ерекшеленетін финалға дайындық басталады.
Финал – мажорлы, ол драма шешімін білдіреді.Алғашқы рет симсимфониялық музыкада тромбон, пикколо, контрафагот енгізілді. Сонаталық формада драматикалық котрастты элементтер жоқ. Кең тақырыптар жалпылауыш мінезді – маршты, би жанрлы, салттанатты – музыка характерін анықтайды. Отыз такттың бойында до мажордың аккордтары дыбысталып, симфонияның соңында тынышсыз тағдыр тақырыбы жеңістің салтанатты музыкасына айналып орындалады. Сөйтіп, түнектен жарықтыққа деген драматургиялық даму өзінің мәресіне жетеді.