Бетховен өмірбаяны

Людвиг ван Бетховен. Өмірбаян. 

Француз революциясының рухы идеялық бағыты, «Теңдік, бостандық және жақындық» ұраны өмірдің барлық қырына әсер еткені мінсіз. 18 ғасырдың екінші жартысында Германияның классикалық философиясы, әдебиеті, өнері гүлденді. Жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуарлары, халқымыздың парасат әлеміндегі ғасырлық ғажайыптар, саф таза сұлу, айырықша оқшау құбылыстар: Лессинг, Кант, Гегель, Шиллер, Гете, сонымен қатар, Глюк, Гайдн, Моцарт, Бетховен. Екі дәуірдің арасында тұрған Бетховен соны, ерекше орын алады.

Бетховен өнердің мақсатын, мәнін барлық қауымға өзінің кеудесіндегі ыстық жалынымен күйдіріп бара жатқан пендеге және бостандыққа деген махаббатын жеткізуде көрген. Бірақ оның өнерінің бүкіл адамзатқа қызмет етуі, ақиқатта зиялы қауымдағы жеке адамдар шеңберіне қызметке айналды. Бұл Бетховен өміріне азапты әсер етті.

Бонндық кезең. Балалық шақ. Людвиг ван Бетховен 1770 жылдың желтоқсанында Германияның Бонн қаласында дүниге келді. Иоганн ван Бетховен – Людвиг әкесі – капеллада қызмет етті. Әнші, скрипкашы, клавесинист, ол қабілетті музыкант болғанымен алкогольға құмарлық Людвигтық өміріне ауыр зиян келтірді. Бетховенның ерте көрінген музыкалық дарынына әкесі жаңа табыс көзіне секілді қарады.

Кейбір мағлұматтарға жүгінсек, 1778 жылы Бетховенның алғашқы қауымдық концерты өтті. Оқуының хаостығына, жүйесіздігіне қарамастан Людвиг 12 жасында клавесинде, скрипкада,органда еркін ойнады және парақтан жеңілдікпен ноталық мәтіндерді оқи алған.

Х. Г. Нефеде оқуы. Христиан Готлоб Нефе Бонндық капелланың жаңа директоры болып келді. Көптеген зингшпильдер және опералар, өз заманының сергек музыканты, көкірегі ашық, дана, алдыңғы қатарлы адам, Нефе Бетховенның ұстазына айналды. Ол жас Бетховенді гармония, контрапунктпен таныстырды. Нефеның арқасында 1782 жылы Бетховенның алғашқы туындылары: Дресслер маршы тақырыбына вариациялар, үш фортепианолықсоната, басылып шықты. 13 жастан бастап ол жанұясын қаржыландырушыға айналады. Органшы-Нефеның көмекшісі, сараймаңылық капелланың альтшысы болып қызмет жасайды. Сол кезде Бетховен қала интеллигенциясымен араласып атаққа ие болады.

Бірақ провинциялық өмірден жалығып ол 1787 жылы Венаға аттанады. Онда Бетховен Моцартпен кездесіп «Свадьба Фигароның» авторын өзінің импровизациясымен таң қалдырады. Кенеттен шешесі ауырып қалып Бетховен туған қаласына оралуға мәжбүр болады. Анасының өмірден өткенінен кейін әкесі рухани әлсіреп, төмендеген Бетховен кіші інілеріне қамқоршы болады. Сол ауыр жылдары Елена фон Брейнинг үйіне барып, ол тынығып, шығармашылық жігер алғандай болатын. 1792 жылы Йозеф Гайдн Боннға келгенде, жас композитордың (50 шақты шығарма: фортепианоға арналған кішігірім пьесалар, үш соната, түрлі құрамдық ансамбльдер, екі кантата, кішігірім балет) шығармаларына сүйсініп Бетховенды Венаға шақырады.

 

Бонндық кезең Бетховенның идеялық-көркемдік қалыптасунды маңызды рөл атқарды деуге болады. Оның динамизммен, бағыттылықпен, жігерлікпен көзге түсе бастаған. 1792 жылдың күзінде беховен жастықпен қоштасып Венаға бет алады.

 Бірінші Веналық кезең (1792 — 1802). Венада өткен алғашқы бірнеше жыл Бетховен өміріндегі ең бақытты шақ болған. Бетховен-пианисттың тамсандырарлық сәті Бетховен-композиторға сара жол ашты. Алайда өз шығармаларын басып шығарар алдында Бетховен Гайдн, Альбрехтсбергер, Сальериден дәріс алып, теориялық білімдерін тексеріп толықтырып алған. Бетховен пианист және импровизатор ретінде Венаның өнерпаздары арасында көзге түсті. 1795 жылы басылған ор. 1. фортепианолық трио Бетховенге композитор ретінде көпшілік назарын аударды. 1795-1802 жж. аралығындағыон шақты шығарманың ішнде 12 фортепианолық соната, 3 фортепиано мен оркестрге арналған концерт,екі симфония, 6 ішектік квартет ор. 18, фортепианолық және ішекті аспаптық трио, және т. б.

Қиын өзінің өнерінің мәдениет әлемінде орын іздеу жылдары Бетховен үлкен қасіретке душар болып қалады, ол естімейді. Музыкант қайғысына адам қиыншылығы қосылады, ол жас, зиялы қауымның қызы Джульетта Гвиччардиді сүйеді. Вегелерге жазған хаттарында өмірге қуанышты екенін айтып, тағдырдың қаталдығына мойымайтынын ұрандады. Бірақ жаңа соққы дайын тұрады, Дж. Гвиччарди ортасында Бетховен тек кедей музыкант болып саналды. Және есту қабілетінен айырылуы жақындап, біліне бастады. Емшілер кеңесімен Бетховен Гейлигенштад деген жерге денсаулығын дұрыстауға барады. Бірақ емдеу көмектеспей Бетховен өте қатты қайғыға батады. Ол трагедиялық әсері үлкен Гейлигенштадтық ақыр хат (завещание) деп аталатын ескерткішті сол ауыр күндері жазады.

1800-1803 жж. шығармаларында композитордың бастан кешіргенінің барлығы айқын көрінеді: Үшінші до-минорлық фортепианолық концерт, ор. 37 (1800ж.), жерлеу маршы бар Ля бемоль мажорлық соната,ор. 26 және «Лунная» сонатасы (1801), скрипка мен фортепианолық «Крейцерлік» сонатасы (1803), және т. б. шығармалар.

Бірақ адам қасіреті музыкант сәттілігіне әкелді. Қаһармандық симфонияда жеке тұлғалық қиыншылықтарды өмірге деген құштарлық, өнерге деген терең, ыстық махаббат жеңіп шығады.

Кемелдену кезеңі (1803-1812)

1803-1808 жж. орталық шығармалар. Бетховен түсінігінде өмір – қаһармандық күрес болды, композитор үшін бүкіл адамзатқа бақыт пен шаттық сыйлау және адамдарға үлкен махаббат міндет болғандай.

Бұл жылдары Бетховен бесінші симфонияның және «Аппасионата» сонатасының жобасы жасалды, «Қаһаямандық» симфониясын және «Аврораны» аяқтап жатқанда «Фиделио» операсымен жұмыс жасайды, кейінірек төртінші симфоияны жаза бастайды. Сөйтіп керемет жігерлі шығармашылық ізденістерде болады. Осы өмір кезеңінде скрипкаға арналған

концертін жазады, алтыншы симфония, «Кориолан» увертюрасы, фортепиано, хор, және оркестрге арналған фантазия жарыққа келеді.

Алайда «қаһармандық» кезеңге сипат беретін Қаһармандық симфония. Үшінші симфония Наолеонға арналған еді, бірақ ол өзін император деп жариялаған соң Бетховенның көзінде түсіп, өзінің туындысын композитор «Eroica», яғни  Қаһармандық деп атады. Идеясының бұрын болып көрмеген батылдығына, формалар мен музыкалық мәнерлеу әдістеріне қарай бұл симфония шынымен де революциялық акт болды. Осы шығарма алдағы симфонизмге кең өріс ашты, бұл туындыдан бастап әлем симфонизмінде жаңа эра басталды. Үшінші симфониядан кейін композитор «Фиделио» операсын жазуға кірісіп кетеді.

«Фиделио». «Фиделио» — Бетховенның жалғыз операсы. Сахналық жанрларда, және опералық формаларда Бетховен симфонияларда ұрандаған тираниямен күресу және еркіндікке құштарлық идеяларын ашады. Бұл операға француз драматургы Буйидың либреттосын алды. Онда идеалды махаббат пен отбасы беріктігі басты құндылықтар болып табылады.«Фиделионы» жазу жұмысы 1803 жылдық соңына жатады, ал 1805 жылдың күзінде опера «Фиделио» веналық театрдың сазнасында қойылды. Қоғамдағы жағдай пераның сәтсіз қойылуына ықпал етеді. Тек 1814 жылда Венада қайта қойылған «Фиделио» ыстық ықыласқа бөленді. Сәл уақыттан кейін опера Прагада және Берлинде орындалды.

1809-1812 жж. шығармалары. «Эгмонт». Бесінші концерттен кейін Бетховен бұл жанрда жұмысын аяқтайды. Композитор қаламының астынан бұл жылдары ор. 81а ми-бемль-мажорлы соната, жетінші және сегізіншеі симфониялар (1812) шығады.

Осы жылдары Бетховен Гете поэзиясымен әуес болатын. «Фауст» трагедиясының әсерімен опера жазатын ой туады. Және «Эгмонт» трагедиясына музыка жазады. Венада Бетховеннің аты әйгілі болып оған көптеген тапсырыстар беріледң. Шығармадылық өрлеу шыңдалғанмен жеке өмірі қалыптаспаған композитор жанұялық бақытты аңсайды. Ыстық сезімі жайылы ол Жозефина Деймге (Брунсвиг) хатында жазған болатын. Бетховен қаржылық тұрақтылықты мақсат етіп кнзға жұмысқы композитор болып тұруды сұраумен хат жазды. Бірақ жауап болмаған соң, ұлы композитор австриядан кетуді ойластырады. Бұны біліп қалған кейбір меценаттар сондай көрнекті композитордың оларды қалдырып кетіп қалуын қаламай, оған зейнетақы төлеп тұруға келіседі. Бірақ бұл шешімнен кейін де ақшадан көрі жұмысы көп болды.

Композитр өміріне естімеу көп қиыншылық әкелді. Ол Италияға барып концерттер беруден бас тартуға мәжбүр болды. Ақша жағынан да, қарым – қатынастар да азайып күрделі жағдай туды.

Өмірі мен шығармашылығыың соңғы кезеңі. Кризисті жылдар.

«Киелі достастық» («Священный союз»). Наполеон империясының күйреуінен кейін Еуропада күрделі саяси реакциялар басталды. Австриялық канцлер Меттернихтың қол астында «Киелі достастыққа» ең агрессивті басшылықтар еніп бірікті. Веналық конгресстың салтанатты мерекелерінде зиялы қауым байлықтарын мақтан етіп, революциялық халықтан қорыққандарын жасыруға тырысты. Сол уақытта еуропалық картаны кескіндеп, жерлерді таласып бөлу қайнап жатты.

Бетховенге бұл әрекеттер бөтен болды, композитор осы жағдайға араласпады, түсінбеді. Осыған қарамастан Бетховен көзінің тірі кезіндегі атағының шыңына тек сол уақытта жетті. Ол әйгілі механик Мельцельдың тапсырысы бойынша «Бита при Виттории» шығармасын жазды. Оның тақырыбы сол кезде модада болған әскери арнаға жататын. «Битва при Виттории» орындалған концертте жетінші симфония да орындалған мен ол біріншінің көлеікесінде қалып қойды. Бетховеннің концерттерінде короналы өкілдер келген, және атағы асқақтағасын операсы да еске түсіп қайта қойылды. Сахнада «Фиделио» орындалғанда Бетховен дириж(рлік пультте тұрды, бірақ құлағы естңмегендіктен қателіктер кетіп отырды.

Шығармашылық кризис. Зиялы қауымның еркелеткеніне қарамастан шығармашылық өмірде жаңалықтар азайды. Бетховен 1813-1818жж. ақырын және аз шығарады. Бетховенның «кейінгі стилі» фортепианоға  арналған ми минорлы ор. 90 сонатасында, виолончельге арналған сонаталарында, халық әндерінің өңдеулерінде көрінеді.

Кейінгі шығамалар. «К далекой возлюбленной» әндер циклы, 1816-1822 жж. арасында фортепианолық сонаталар, квартеттері шығады. Композициясы және музыкалық тілі жағынан күрделі болып келеді. Бетховен класикалық сонатаға сипатты формақұрау заңдылықтарының шегінен шығып, полифониялық бөлімдер қосады, тематизмде орын аустыру жаңа даму әдістеріне әкелді.

Тоғызыншы симфония. Кейінгі шығармалар арасында асқар шың болып тоғызыншы смфония тұр. Оған Қаһармандық пен Бесінші симфонияның, «Пасторальды» және Жетінші симфонияның қасиеттері келіп өрілді.Симфонияның титандық идеясы – дыбыстармен әлем халықтарының бірлігін, ағайындығын және теңдігін жеткізу – жаңа формаларды талап етті. Бетховен тек ыормалар шекарасын кеңейтіп қана қоймай, жанрдың өзінен тыс шығып кетеді. Оған миллиондарға үндеу үшін, оларды біріктіру үшін аспаптық музыка жетпей, сөз керек болды. Сондықтан Бетховен симфония финалына Шиллердің «К радости» деген одасына хор жазып қосты. Шиллердің көрсеткен ойында Бетховен армандаған гуманисттік идеалдар берілген.

Өмірінің соңғы жылдары. Композитордың соңғы жылдары өте қиын және қайғылы болды. Оны сол уақыттағы саяси жағдай шаршатып, өзін жалғыз сезінді. Ұлы композитор ештеңе естімеді.Бетховенның материалдық жағдайы бұрынғыдай нашар болып қала береді.

Бетховенның бөлесі композитордың қамқорында еді. Оны тірбиелеуге енді үлкен қиыншылықпен табылатын қаржының барлығы кетіп отырады.

Ұлы композитор 1827 жылдың 26 науырызында бірнеше ай ауырған соң өмірден өтті.