Бетонның сульфатқа тұрақтылығы курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе

I Негізгі бөлім
1.1Әдеби шолу
1.2 Бетон коррозиясының III түрі
1.3 Бетонның сульфатқа тұрақтылығы
1.4 Бетон мен темірбетонды конструкциясының сульфатты коррозия кезіндегі қызмет ету мерзімін есептеу
1.5 Бетонның ұзақ тұрақтылығын арттыру әдістері
Техника қауіпсіздігі
Еңбекті қорғау

Қорытынды
Қолданылғын әдебиеттер

АННОТАЦИЯ

Бұл курстық жұмыста кафедрадан берілген тапсырма » Бетонның сульфатқа тұрақтылығы» тақырыбы бойынша мәліметтер берілген. Оның ішінде бетон коррозиясының III түрі, бетонның сульфатқа тұрақтылығы, бетонның ұзақ тұрақтылығын арттыру әдістері келтірілген. Сонымен қатар адам еңбегін қорғау және техника қауіпсіздігі қарастырылған.

Курстық жұмыс 29 беттен, 3 кестеден, 2 суреттен құралған.

КІРІСПЕ

Еліміздің жобаланған әлеуметтік, экономикалық дамудың негізгі бағыттарында, құрылыс материалдары мен бұйымдарының аса тиімді және үнемді түрлерін дамыту көзделінген. Атап айтқандай құрылыстың көлемін төмендетіп, сапасын арттырып, мейлінше аз шикізат жұмсайтын, олардың жалпы салмағын азйту арқылы жылу тоғарылау қасиеттерін жақсартып, құрылыста жүргізілетін көптеген қосымша құрылыс және өрлеу жұмыстарын өндіріс жағдайында тындырып, құрылыс алаңына көбінше дайындығы жоғары сапалы бұйымдар мен конструкцияларды апару қазіргі уақыттың басты тілегі болып отыр.

Құрама темірбетон қазіргі кезде индустриалды құрлыстың негізі болады. Бұл ең негізгі құрлыс материалы болып толық құрамды тұрғын үйлерде және мәдени — тұрмыстық құрлыста пайдаланылады. Сонымен қатар өндірісте, транспортта, энергетикалық гидротехникалық құрлыста және санитарлы-техникалық және ауыл шаруашылық ғимараттарды құруда қолданады.

Қазақстан Республикасында құрастырмалы және құймалы темірбетон бұйымдарын ХХ ғасырдың 50-жылдарында гидротехникалық құрылыстардың салынуына орай шығара бастады.

Темірбетонның даму оның, өндіріс көлемінің жоғарлауы және елімізде қолданылуы ғылым мен техника салаларындағы  жетістіктерімен, құрылыстың жоғарғы дәрежедегі индустриалды базасының құрылуымен тығыз байланысты.

Қазіргі заманның құрлысында жылына 4 млрд.м3-тан аса бетон мен темірбетон қолданылады. Бетон мен темірбетон ХХІ ғасырдың ең бір негізгі құрлыс материалдарының бірі болып табылады.

Бетон мен темірбетон конструкцияларына қоршаған ортаның әсері көп жағдайда агрессивті болып келеді. Бұл жағдай темірбетон конструкциясының эстетикалық бейнесін нашарлатып қана қоймай, конструкцияда пайда болатын коррозиялық процесстердің нәтижесінде  уақытынан бұрын бұзылу қаупін туғызады.

Осы жағдайдың барлығы жобалаушылар мен темірбетон конструкцияларын өндірушілерді, оларды өндіру кезіндегі барлық циклдерге (жобалаудан эксплуатацияға дейін) әртүрлі әсерлерді есепке алуды және сапасын жақсарту, сенімділік пен оның ең басты қасиеті – ұзақ өмірлілігін жоғарлату бағытында жұмыс істеуге мәжбүрлейді.

Атмосфералық және өндірістік ортаның бұзғыш әсеріне құрлыс конструкцияларының 75%-ы ұшырайды. Сондықтан ұзақ мерзімділігін арттыру проблемасы құрылыс әлемінде маңызды орын алады. Көптеген ғалымдар осы проблемалардың шешімін табуда аса зор жұмыстар атқарған. Француз ғалымы Виканың «Гидравликалық құрамның теңіз суымен бұзылуының химиялық себебін және оның осы әсерлерге қарсыласуын анықтаудың әдістерін зерттеу » жұмысын бетонның коррозияға ұшырауын зерттеудегі бірінші ғылыми зерттеу жұмысы деп санауға болады.

Бірінші рет темірбетон конструкцияларынан өнеркәсіптік ғимараттар мен үймереттер салынғаннан бастап, олардың коррозияға тұрақтылығы зерттеле бастады. Олар Р. Грюн, Э. Рабальд және А. Клейнлогель, Ф.М. Ивановтың және т.б. ғалымдардың жұмыстарында берілген. Олар ғимараттардың осы жағдайлардағы әрекеттері жайлы сенімді ақпарат алуға және бетонның тұрақтылығын арттырудың тәсілдерін ойлап табуға көмектесті.

Бетон және темірбетон конструкцияларына әсері күш арқылы (механикалық) және күшсіз болады. Олар:

  • Механикалық күштің әсері;
  • Климаттың әсері;
  • Агрессиялық әсер;

Коррозия – бетон және темірбетонның агрессиялық ортаның әсерінен бұзылуы. Коррозияның 3 негізгі түрі бар.

І түрдегі коррозияға бетонға сұйық ортаның әсері кезінде пайда болатын процесстер жатады. Олар цемент тасының компоненттерінің еруіне әкеледі. Бұл процесс суды бетон денесі арқылы фильтрлеу кезінде өтеді.

ІІ түрдегі коррозияға алмасу реакциясына алып келетін процесстер жатады. Нәтижесінде байланыстырғыш қасиеттеріне ие емес заттар пайда болады. Олар тез еріп кетеді немесе бетон кеуектерінде аморфты масса түрінде қалып қояды. Коррозияның бұл түрі бетонға қышқыл және басқада тұздар ерітінділерінінің әсері кезінде пайда болады.

ІІІ түрдегі коррозияға бетон кеуектерінде, сызаттарында және каппилярларында қатты фазаның немесе заттардың көлемін үлкейту реакциясы бар аз еритін заттардың жиналуына әкелетін процесстер жатады. Коррозияның бұл түріне сульфаттың,мономерлердің полимеризациясы әсерінен пайда болатын коррозия жатады.

курстық жұмыс / 28 бет