БЕТОН КОРРОЗИЯСЫНЫҢ III ТҮРІ

БЕТОН КОРРОЗИЯСЫНЫҢ III ТҮРІ туралы қазақша реферат

Коррозияның III түрінің негізгі белгісі болып бетонның кеуектері мен капилярларында тұздардың жиналуы және кристалдануы нәтижесінде қатты фазаның көлемінің көбеюі. Белгілі бір даму кезеңінде кеуек және капилярлар қабырғасында бетонның күйреуіне әкеп соқтыратын маңызды тарту күші пайда болады.

Коррозияның III түрі кезінде кеуектер мен капилярларда тұздардың жиналуы кезінде бастапқыда бетон тығыздалады және егер осы процесс баяу өтсе, онда бастапқы кезеңде «жалған берктік» пайда болады. Яғни бетон кеуектері мен капилярлары кристалдармен толтырылып, «жалған берктік» кезеңі пайда болып бетон тығыздалады. Ал ары қарай кристалдану нәтижесінде жинақталған тұздар  әсерінен  кеуектер мен капилярлар қабырғасында қысым пайда болып, бетон күйрейді. Беріктігінің төмендеуі бетон түріне, оның тығыздығына және басқада факторларға байланысты.