Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті.
Белсенділік — адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі — қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардық әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрдегі мұндай әрекеттерін ырықтм немесс ерікті белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қарым-қатынас жасауға еліктеуі рөлге құрылған ойындарды атқару барысында байқалады. Ойын барысында балалардың құрдастарымен өзара қатынасы өзгереді. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді.
Әр түрлі ойын баланың дүниетінымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.
Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (қайырымдылық, қамқорлық, т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың даму барысында таным белсенділігі артады.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу-тәрбие жұмысының барысында сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету — мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін жұмыстардың тақырыптарын ақыл-ой, құлық, еңбек, эстетикалық тәрбиесімен ұштастырып алады. Баланың өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады. Мысалы: сынып старостасы, тазалық комиссиясының төрағасы болу, т.б. Осындай тапсырмаларды сапалы дер кезінде орындап отыруға балаларды үнемі жаттықтыру мен дағдыландыру мұғалімнің және тәрбиешінің төл ісі. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, барлығын тапсырмалармен, яғни, түрлі қоғамдық іс-әрекеттермен қамтамасыз ету керек. Егер тапсырма балаға бұйрық есебінде немесе көтеріңкі дауыспен берілсе, онда ол іштей наразылық білдіріп, тапсырманы орындамай аяқсыз қалдыруы мүмкін. Сондықтан мұғалім әр уақытта өзінің ілтипатты және ұстамды болуын естен шығармай, тапсырманы тыңғылықты орындау үшін балаға рухани күш беріп, сенім білдіреді. Кейбір баланың еріктік қасиеттері тұрақсыз болады. Ол бірінші қиыншылықты сезісімен-ак; қоғамдық тапсырманы орындаудан бас тартады. Мұндай сангвиник балаға көмек бере отырып, оның намысына тимей, тапсырманы орындауын табандылықпен талап ете білу керек. Сонда ғана ба-ланың ісінде жаңа қарқын туып, ол алдына қойған мақсатын орындаудық қажет екенін сезінеді.
Адамның еңбекте және адамдармен қарым-қатынаста көрсетсен белсенділігіне қарап оның қоғам және ұжымға жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті.
Бала туралы синтездік, комплекстік ғылым болып табылатын педогогия ғылымының басты «айыбы»- балалар мәселелері мен әр типті мектептердегі шәкірттердің жан жүйесін өрттеуде сауалнама мен тест әдістерін шамадан тыс пайдалануы, сондай-ақ осы ғылымның «Бала ой-өрісінің дамуы түрліше болып, әлеуметтік ортасына қарай олардың ойы, зердесінің деңгейі біреуде жоғары, біреуде төмен болады,» — деген тұжы-рымдарды жалған деп есептелуі.
Педогогия бала туралы ғылымдарды: психология, педагогиясы, физология, психотехника, т.б. комплексті түрде біріктіретін, баланың жан-жүйесі жайлы жан-жақты мағлұмат беретін синтездік ғылым болып табылады. Х.Досмүхамедұлының педогогия саласында жүргізген іс-әрекетіне де ғылыми әділеттілік тұрғысынан қарасаң, оның пікірінше, қазақ баласының шыр етіп жерге түскеннен бастап кәмелетке толғанға дейінгі тыныс-тіршілігі ән-жырдық құшағында өтеді, әдетте оның бірінші еститін үні — анасы айтқан бесік жырының әуені. Қазақ баласын тәрбиелеуде дыбыстың ырғақтардың басты орынға шығуына қазақтардың өмірін кез келген жағдайында өлең шығарып, ән ай-туы себеп болған.
Сондай қысылтаяқ кезеңде қазақ педогогиясының бірнеше жыл басы-қасында жүрген Х.Досмұхамедұлы осы саладағы еңбектерін қорытындылап үлгермеді.
Ғұлама ғалым өз еңбектерінде бала психологиясының қалыптасу жолдарын, қазақ халқының үлттық ерекшеліктерін негіздей отырып түсіндіреді. Сол кездегі көрнекті кеңес психологтары П.П.Блонский мен Е.С.Выготскийлер де өз зерттеулерінде педогогиялық тұжырымдарға жүгініп отырған.