Белсенді туризмде қауіпсіздікті және тамақтануды ұйымдастыру туралы қазақша реферат
Белсенді туристік саяхатта қауіпсіздікті дұрыс ұйымдастыру.Ал белсенді туризмде қауіпсіздікті дұрыс ұйымдастрыруға келетін болсақ, бұл негізгі мәселелнің бірі. Қауіпсіздікті дұрыс ұйымдастыру, яғни қауіпсіздікті қамтамасыз ету дегеніміз – ол жорық алдындағы топтың физикалық дайындығын тиімді өткізіп, алдын ала шаралар ұйымдастыру. Ондай шараларға жарыстарды ұймдастыру, туристерді жорықтарға даярлау және іртүрлі жорықтарды өткізу жатады. Қауіп – қатерлер себептеріне байланысты 4 топқа бөлінеді: 1-топ – табиғи ерекшеліктері; 2-топ – материалдық – техникалық қамтамасыздандыру қателіктері; 3-топ – саяхатты дұрыс ұйымдастыру; 4-топ – медициналық сауатсыздық, техникалық – тактикалық тәжірибенің жетіспеуі және тәртіптің сақталмауы.
Белсенді туризмнен айналысатын ұйымдар, бақылау құтқару топ болуы қажет. Бақылау құтқару топтың міндеттері: осы ұйымның маршруттары өтетін аудандарды зерттеу; іздеу құтқару жұмыстарын өткізуге арналған құрал – жабдықтар әрқашан дайын болу керек; негізгі және көмекші топтарды дайындау; алдын –ала шаралар; іздеу – құтқару жұмыстарын өткізу; қажетті ақпаратты мемлекеттік апаттан құтқару қызметіне беру.
Жорықты ұйымдастырған кезде алдын – алу шаралары: а) туристің біліктілігін арттыру; б) әрбір турист қауіпсіздік нұсқауларын тыңдағанына қол қойғанынан кейн ғана топты жорыққа шығару; с) туристің біліктілігін бақылау.
Жолға шыққандағы қауіпсіздік ережелері: маршрут туристің қабілетіне сәйкес келуі керек; алдын-ала жолды, жер бедерін, қауіпті жерлерін, су көздерін білген жөн; график, қозғалыс тәртібін әзірлеу; айындықсыз, акримитизациясыз жолға шықпау; алдын ала ауа рай болжамын біліп алу; өте қолайсыз табиғи жағдайда жолға шықпау; қараңғы уақытта тек қана жолды өте жақсы білгенде ғана жүру немесе құтқару жұмыстарын ұйымдастырған кезде жолға шығу; ұрал – жабдықтарды азық – түліктеді, туристің денсаулығын мұқият тексері қажет; жетекшісіз жолға шықпау; аяқты жара мен үсіп қалудан сақтау.
Сонымен қатар жорық немесе қозғалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау ережелері бар. Мысалы, топпен журу; тәртіп сақтау; аса жылдам жүруге болмайды; бір – біріне көмек беру; жетекшінің рұқстанысыз жолды қысқартпау; ең қауіпсіз жолды таңдау; спиртті ішімдіктер ішпеу; биік таулы аймақта әрбір турист күнне қорғайтын көзілдірігін алу; өзеннен өту тәртібін бұзбау; рюкзакті дұрыс жабдықтау сияқты. Осындай қауіпсідік ережелерін сақтамау, неменсе жорық кезінде оларды білмеу көбіне қайғылы жағдайлар мен жарақаттарға әкеледі. Сондықтан ең бірінші мақсат – жорықты дұрыс ұйымдастыру. Бірақ белсенді туризмнің әр жеке түрінің жорық сипатына қарай қаупсіздік ережелері, талаптары мен нұсқаулары әртүрлі болғандықтан жоғарыдағы ережелер жалпы болып табылады. Ал белгіті туристік саяхат түрін таңдаған кезде арнайы дайындық жүргізіп, арнайы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын қарастыру керек [4].
Белсенді туристік саяхатта тамақтануды дұрыс ұйымдастыру.Туристік саяхатты табысты өткізудің маңызды мәселесі – ол туристердің дұрыс әрі қауіпсіз тамақтануы. Тамақ дене ауыртпалығымен болған күшінінің орнын толтыру үшін қажет. Тамақтануды ұйымдастыру оны есептеуден, сатып алудан, салудан және дұрыс бөлуден тұрады.
Азық-түлікке қойылатын ең басты талаптар: жоғары калориялық, салмағының жеңілдігі, ұзақ сақталу мен суланбауға шыдамдылығы.
Азық-түлікке қажеттілікті анықтау туристік топтың тәжірибесіне, материалдық және көліктік мүмкіндіктеріне қарай есептелінеді. Тағамдар құндылығы оның калориялығымен таңдалады.
Тамақ калориялылықпен қатар, тамақ құрамындағы негізгі компоненттерінің дұрыс қатынасымен де сипатталады. Саяхатқа алынған тағамдар ішінде құрамында көміртегі бар азық-түліктер болуы тиіс. Адамға орташа бұндай өнімдерден 500-800г қажет етіледі.
Тағамның келесі энергетикалық көзі – бұл майлар. Салмағына қарай олар көп калориялы болып келеді. Адамға күніне 70-100г әртүрлі майлар қажет. Қатты ыстық кездерде ағзаның көміртекке қажеттілігі төмендейді және калория жетіспеушілігінің орнын майлар толтырады. Майлы, құнды тамақтарды қыс уақытында көп қолданады. Көміртек пен майлар қандай да бір деңгейде бір-бірінің орнын толтыра алады.
Ақуыздар (балық, жұмыртқа, сүт өнімдері) негізінен ағза жасушаларын орнына келтіру, гармондар мен ферменттердің жасалуы үшін қажет. Адамға күніне 70-100г ақуызды өнімдер қажет, оның айтарлықтай бөлігі сүт ақуыздарынан болуы тиіс.
Тамақ ағзаны әртүрлі витаминдермен қамтамасыз ету керек. барлық витаминдер ағза үшін жеткілікті түрде жеміс-жидектер құрамында болады.
Минералды тұздарды ағза көкөністерімен және ішетін сумен бірге алады.
Ас тұзы ағза үшін жеткілікті нан құрамында болады. Тағамдарды тұздауға кеткен тұз мөлшерін есепке алсақ адам күніне 20-30г тұз қолданады. Ыстық күндері бұл мөлшер 40г-ға дейін өседі.
Су туристік саяхат кезінде өте маңызды орын алады. Тамақтан қарағанда судың жетіспеушілігі ағзаны тез әрі қатты әлсіретеді. Туристке күніне 3л су қажет болады.
Асқазанды ауруға шалдықтырмас үшін суды қайнатып ішу керек. Судың құрамы нашар болса, оны қайнатар алдында марганцовкамен тазалау процедурасын жүргізу керек. Суды жағалауда кішірек шұңқыр қазып, сонда тұңдырып алуға болады.
Ыстық күндері суды жиі ішпеген жөн.Себебі, денеден термен қоса ағзаға қажетті тұзды алып кетеді. Ағза тұздық тепе-теңдігін орнына келтіру үшін суға қажеттілік білдіреді. Сол үшін туристік жорықтар кезінде суды таңертең ішіп алып, ал түскі аста 0,5л сұйықтыққа есептеген дұрыс болады. Жол үстінде су ішпеген жөн, ыстық болған жағдайда 1-2 рет қана аздап ішу керек.
Күн тәртібі үш уақытты ыстық асты қарастыруы тиіс. Құрғақ тамақтануға болмайды. Бұл ас қорыту жүйесінің бұзылуына, асқазан ауруына әкеліп, адамның жұмысқа қабілетін төмендетеді. Жорықтар кезінде азық-түліктер тез ластанады, яғни ағзаға инфекция түсіруі мүмкін.
Ыстық кездерде саяхаттарда тамақтану үлесі бойынша түскі ас – 40%, таңғы ас – 35%, кешкі ас – 25% құрайды.
Ал қысқы мезгілдерде таңғы және кешкі ас құндылы болып, ал түсте жеңіл тамақ ішкен жөн.
Жорықтар кезінде ішімдік қабылдамау керек. ішімдік адамды әлсіретіп, жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді. Ол уақытша қоздырып, артынша күшін азайтады. Қысты күні тонған кезде бір стақан шайға бір шай қасық арақ қоысп берсе, ол адамды жылытады.
Жорық үшін азық-түліктерді алған кезде баратын алуға болатын өнімдер алмай-ақ қойса да болады. Ол үшін алдымен жорық жерден нелерді алуға болатынын біліп алу қажет. Әдетте маршрутта болатын өнімдер болмай қалуы да мүмкін. Азық-түліктер мөлшерін сол жердегі аң, балық, саңырауқұлақ, жеміс-жидек сияқтыларға есептеп азайтуға болмайды. Әр жылы өнімділік әр қалай болады.
Саяхат алдында барлық азық-түліктерді жинап пакеттерге дұрыстап салу қажет. Азық-түліктер суланбауы үшін оларды судан қорғайтын орамаларға салу керек. жаяу турист үшін әдетте үлкен бір мықты су өткізбейтін астары бар рюкзак болғаны жөн. Бұндай рюкзакқа азық-түліктерді жай орамалармен салуға болады. Байдаркалармен болатын саяхаттарда азық-түліктерді жеке су өткізбейтін пакеттерге салу ұсынылады [5].