Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану әдістері курстық жұмыс

Жоспары

Кіріспе…….3
I-тарау. Бастауыш мектеп оқу жұмысындағы көрнекілік принципінің талаптарын жүзеге асырудың дидактикалық негіздері
1.1. Педагогика тарихында оқыту принципінің зерттелуі жайлы…….5
1.2. Бастауыш мектептің оқыту процесінде көрнекілік принципін тиімді қолданудың шарттары……13
II-тарау. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік принциптерін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі
2.1. Қазақ тілін оқытудағы көрнекілік түрлері…..21
2.2. Қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік принципін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі…..34
Қорытынды……43
Әдебиеттер тізімі……..45

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру, алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына қосылу, үдемелі ақпараттар ағыны, ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіруіне, жаңарып тұруына икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр. Осы күні мектепте әлеуметті жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім өскелең оқытуға негізделген жаңа бағдарламамен оқыту қажет.

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту оқушыларды сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойын, пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу» — деп атап көрсеткен.

Оқу сапасын, оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін, логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту мақсаттарында сабақта көрнекі әдістерді пайдалану оның уақыта талабына сай  түрлерінің жаңаруымен баса назар аудартады.

Зерттеу нысаны.  Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында  көрнекі құралдарды қолдану  арқылы ынталандыра оқыту  үрдісі.

Зерттеу пәні. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану.

Зерттеу жұмысының мақсаты.  Бастауыш сыныптың  қазақ тілі   сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану  әдістемесін ұсыну.

Зерттеу міндеттері.

1. Психология, педагогика, әдістеме саласындағы әдебиеттерді талдау.

2. Бастауыш сыныптағы оқыту үрдісінде  көрнекіліктің маңызын  анықтау.

3. Көрнекілік  ұғымын ғылыми негіздеу, оның сабақтағы рөлін анықтау.

4. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдарын түрлеріне сипаттама беру.

5. Қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік принципін жүзеге асыру     жолдарының тәжірибесін талдау.

    Зерттеу болжамы. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану тиімділігі  мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: сабақта көрнекі  құралдар жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшелігіне, материал мазмұнына сәйкес іріктелініп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамиды. Уақыт талабына сай көрнекі құралдар (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы т.б.) оқушылардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігін  қамтамасыз етеді, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады.

Зерттеудің жетекші идеясы. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту үрдісінде интерактивті әдіспен  оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады. Мультимедиялық тақта сабақты электронды түрге айналдырып, көрнекті түрде өткізуге мүмкіндік береді. Сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.

      Зерттеу әдістері:

– Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; олардағы зерттеу мәселесіне қатысты негізгі ұғымдар, көрнекілік ұғымының  мәні, мазмұны, түрлері, оқыту әдістері мен талаптары контент-анализ (материалдардың мазмұнын талдау) әдісін қолдану   арқылы анықталды;

— әлеуметтік-педагогикалық әдіс (озат мұғалім тәжірибесін зерттеу); эксперимент әдісі (анықтау, оқыту, бақылау); оқушы әрекетін талдау (салыстыру, жіктеу).

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі – 46 бет.

  Курстық жұмыс / 48 бет