МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті 5
1.1 Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері. 6
1.2 Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту 11
2. Бастауыш сыныпта математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері 13
2.1 Жеке тұлғаның оқуға деген ішкі ынта-күшін дамыту 13
2.2 Дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері 15
3. Бастауыш сынып математика сабағында деңгейлеп оқытудың сабақ жоспары 21
3.1 Арттыру, кеміту 21
3.2 Өткенді қайталау 22
Қортынды 24
Қолданылған әдебиеттер 26
Кіріспе
Ел дамуының ертеңгі бағыт- бағдарын саралаған Елбасының Жолдауында білім беру саласына: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» деп ерекше мән берілген. Алайда, жаһандану дәуірінде қатаң бәсекеге төтеп бере алатын мемлекет қана өркениет көшіне ілесе алады. Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік сипатымен айқындалатынын ескере келе, білім мен тәрбие беру саласының маңызы ерекше екенін мойындауымыз керек.
Адам қазіргі дамуында табиғаты мен ойының мөлшерсіз мүмкіндіктерін игеруге ұмтылуы қажет. Қазіргі таңда мұғалімдердің негізгі міндеті – ұлттық ділі жоғары, сана-сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны қалыптастыру және оқушылардың өз бетімен білім алу жолдарына үйрету.
Осыған орай оқушы оқыту үрдісінде, әрбір сабақта өзінің оқу әрекетінің мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдерімен амалдарын қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға тиіс. Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, танымдық белсенділігі қалыптасады.
Оқушыны оқу үрдісінің нысаны ретінде ғана санамай, оны сол үрдістің тең құқықты мүшесі ретінде қабылдап, оқушыға бет бұру қазіргі мектеп дамуының негізгі қарқынының бірі болып отыр. Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында «білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі, өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъект ретінде көрінумен бедерленеді» делінген. Осыдан білім беру саласында ең алғашқы орында тұрған ол-мектеп мәселесі екенін аңғара аламыз. Себебі мектеп бүкіл білім жүйесінің бастау алар тұсы, білімділіктің іргетасы қаланар сынақ алаңы.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі сапалы білім беру үшін сапалы мұғалімдер даярлау. Білімнің сапалы болуы үшін ең алдымен «Білім бұлағы-кітапта» демекші жақсы көңілге қонарлық оқулық және білімді оқушы санасына сіңіре білетін шебер мұғалім қажет.
Зерттеудің мақсаты білім беру сатылары арасындағы дамыта оқытудағы сабақтастықты талдау және тәжірибе мен теория жүзінде сабақтастықтың тиімділігін қалыптастыру. Оқытудың түрлері және әдіс-тәсілдеріндегі сабақтастықтың дидактикалық шарттарын тұжырымдау, оқушылардың үздіксіз математикалық дайындығындағы сабақтастықтың теориялық, ғылыми-әдістемелік негізін жасау.
Бастауыш сыныпта және негізгі буында математиканы дамыта оқытуда сабақтастықтың орындалу үрдісі.
Бастауыш сыныпта және негізгі мектеп математикасын сабақтастыра отырып дамыта оқытудың мазмұны арасындағы, оқыту формасы және әдіс-тәсілері арасындағы байланыс жүйесін қамтамасыз ету жолдары.
Егер сабақтастық тұжырымдамасын белгілі бір мақсатта қарастыра отырып, Бастауыш сынып оқытудың жетекші компоненттері мен мұғалімнің іс-әрекеті стиліндегі негізгі ұстанымдар мен дидактикалық шарттардағы сабақтастықты қамтамасыз етсек, онда Бастауыш және негізгі мектептерде математиканы сабақтастық негізінде дамыта оқыта отырып, оқытудың сапасын арттырып, оқушылардың білімдерін кеңейтіп, тереңдеуін қалыптастырар едік, өйткені үздіксіз математикалық дайындығында дамыта оқытудағы сабақтастық оқушылардың қабілеттілігі мен құзреттілігін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Зерттеудің міндеттері. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама-қайшылылығында ашылады. Сондықтан қарама – қайшылықты шешіп, сапалы білім беру үшін мектепте математиканы дамыта оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету қажет.
1. Үздіксіз білім беруде математиканы дамыта оқытудағы сабақтастықты анықтау.
2. Оқулықтардағы теориялық білім мазмұнындағы және есептер жүйесін қосымша құрастырылған есептермен толықтырудың қажеттілігін негіздеп, олардың негізгі міндеттерін ашып көрсету.
3. Оқулық құрастыруда тақырыптық сабақтастық мүмкіншіліктерін анықтау және мектеп оқулықтарындағы теориялық білім мен есептер жүйесін толықтыру мақсатында есеп құрасытырудың келесі бағыттарын қарастыру:
а) әр түрлі тәсілдермен берілген мәтінді есептер;
б) логикалық есептер
в) геометриялық есептер
г) ЭЕҚ –на қатысты қарапайым салу есептері
4. Қосымша есептер жүйесін және мәтінді есептерді әртүрлі тәсілдермен шығару әдістемесін мектеп практикасында қолдану әдістемесін қарастыру.
Курстық жұмыс / 28 бет