Бастауыш мектептің ІІ –ІІІ сыныбында пейзаж сабағының мазмұны мен композициясын құрастыру жолдары курстық жұмыс

Жоспар

І. Кіріспе

1.1 Бейнелеу өнері – эстетикалық тәрбие берудің басты құралы.

ІІ. Негізгі бөлімі
2.1 Зерттеулік оқыту – тұлғаны қалыптастырудың негізі
2.2 Бастауыш сыныпта пейзаж сабағын оқытуды ұйымдастыру.
2.3 Бастауыш мектептің ІІ –ІІІ сыныбында пейзаж сабағының мазмұны мен композициясын құрастыру жолдары

ІІІ. Тәжірибелік бөлім
3.1 Жаңа педагогикалық технологияларға құрылған бейнелеу өнері сабақ жоспары

ІҮ. Қорытынды
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңашыл құрылымы бар демократиялы қоғам   құруға кіріскелі де бірнеше жылдар өтті. Еліміздің болашағын жасайтын жастар – білімімен қатар шығармашылық қабілеті жоғары, өзіндік көзқарасы бар, елге тұлға болар азаматтар. Ол азаматтарды оқытып, тәрбиелеп шығаратын негізгі орын – мектеп. Сондықтан қазір мектеп қайта құрылуларға жол беріп, көп істерде оң өзгерістерге қол жеткізуде. Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ескі жүйені бұзу үшін оқытуды жаңаша ұйымдастыру қажет. Әсіресе бастауыш мектеп білім мазмұнын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндігі зор.

Сондықтан, курстық жұмыстың мақсаты —  қазіргі бастауыш мектеп үшін Бейнелеу сауаттылығының негізгі жолдарын іздестіріп, оны мектеп тәжірибесіне енгізу. Қазіргі кезде Біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім берудің мазмұнында жаңа көзқарас жүргізілуде. Оқытудың технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Курстық жұмыстың актуальдылығы: қазіргі білім саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіби, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін — өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – бастауыш мектептегі оқу процесінде қолданылатын педагогикалық технологиялар.

Зерттеудің мақсаты – бастауыш мектептің жалпы білім мазмұнын іске асыратын жаңа педагогикалық технологияларды бастауыш сыныптарда сурет сабақтарында қолдану жолдарын және әдістерін көрсету. Бастауыш мектеп жұмыс жағдайына және мектеп тәжірибесі талабына сәйкес педагогикалық технологиялардың негізін терең оқу.

Курстық жұмысты жазу барысында алынған жаңа технологияның бірі – Дамыта оқыту технологиясын бастауыш сыныптар үшін пайдаланудың кейбір жолдары қарастырылды.

  Курстық жұмыс / 54 бет