Басшының тәртібіне әсер ететін факторлар:
1. Басқарушы мен ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас. Мұнда бағынушылардың көрсететін сыйластық қатынастарын өздерінің басшыларына деген сенімділігін және басшының бағынушыларға жеке тұлға (личность) ретінде тартымдылығын түсіндіреді;
2. Міндеттің құрылымы, дағдылы міндеттерді түсіндіруі, оның дәл тұжырымдалуы мен құрылымдылығы;
3. Лауазымды өкілеттілік. Бұл — заңды биліктік көлемі, ол басқарушының сыйақыны қолдану мүмкіндігі — онық қызметімен байланысты және де формальды ұйымның басшыға көрсететін қолданылған деңгейін көрсетеді
Фидлердің моделі де кемшіліксіз болмаған, бірақ ол болашақ басқарудағы жағдайлық тәсілдіқ негізін қалаған.
Тағы да бір лидерліктің жағдайлық моделін, Фидлердіқ моделіне және күту теориясына да көп ұқсастығы бар, мотивацияға да қатынасы бар модельді Теренс Митчел мен Роберт Хаус жасап шығарған. Олардың «жол-нысана» деп, аталған тәсілдері басқарушыларға жағдайға байланысты қажетті басқару стилін қолдануды ұсынды.
Бұл теория сол ықпалға түсінік беруге тырысады.
Мотивацияға ықпал еткен басшының тәртібін — бұл теория түсіндіруге тырысады, яғни бағынушылардың қанағаттанушылығы мен еңбек өнімділігі. Бұл тәсілге сүйене отырып, басшы бағынушыларды ұйымның мақсатына жетуіне түрткі болуы, яғни осы мақсаттарға жетудің жолына әсер етуі мүмкін.
Осы әдістердің көмегімен басшы көздеген мақсаттарының тәсілдеріне немесе жолдарына әсер ете алады:
- Бағынушыдан күтетін нәрсенің түсініктемесі;
- Бағынушыны қолдап, оларды өздерін еркін ұстауына қол жеткізу қажет;
- Бағынушылардың күш-жігерін көздеген мақсатқа жетугебағыттау;
- Басшының кол астында тұрған және ол қанағаттандыра алатын қажеттіліктерді бағынушыларға жасау;
- Мақсатқа жеткеннен кейін бағынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру.
Бастапқы кезде Хаус өз моделінде басқару стилінің екі түрін қарастырған:
- Қолдау стилі;
- Инструменталды стиль.
Қолдау стилі — адамға бағытталған немесе адамгершілік қатынастар стилімен теңбе-тең.
Инструменталды стиль —жұмысқа немесе міндетке бағытталған стильмен теңбе-тең. Кейінірек Хаус тағы да екі стильді қосты:
— шешім қабылдауға қатысатын бағынушыларды көтермелеу стилі;
— жетістікке бағытталған стиль,
Кртисудч көтерлелейтін стильді, басқарушы өзінде бар хабарлама мен жоспарларды бағынушылары арасында бөлісіп, олардың бүкіл топ болып шешім қабылдауын сипаттайды. Консультацияға күшті акцент жасалады.
Жетістікке бағытталған стиль — бағынушыларының алдында едәуір шиеленіскен мақсат қоюмен және олар өздерінің толық мүмкіншіліктерімен жұмыс жасайтын күтуімен сипатталады.
Жағдайға көбірек сәйкес келетін басқарушылық стилі — екі жағдайлық факторға тәуелді болады:
1. Бағанушылардың жеке өзіндік қасиеті;
2. Сыртқы орта жағышан талап ету мен әсер ету. Бағынушыларда өзін сыйлау мен қатарда болу қажеттілігі байқалғанда қолдану стилі, яғни, адамға бағытталған немесе адамгершілік қатынасқа ең дәл келетін стиль болады,
Егер бағынушыларда автономиялар мен өзінше ойын жеткізуде үлкен қажеттілік бар болса, онда олар инструментальды стильді қалайды.
Басқа өзіндік сипаттамасы сәйкес келетін басқару стилін таңдауға әсері — бағынушылардың сенімі болып табылады, яғни, олардың сыртқы ортаға әсер ету қабілетінің бар екендігі. Бихевиорист ғалымдар бұл сипаттаманы «бақылау пункті» деп атайды.
Өздерінің айналаға әсер ететініне сенетін бағынушылар мынандай басқару стилін қалайды, яғни бағынушылардың шешім қабылдауға қатысуын әсер ететін бағынушылардың санауы бойынша, олар авторитарлы немесе инструментальды стильды қалайды./6,357 б./
Фидлердің моделі сияқты бұл тәсіл де қосымша зерттеуді талап етеді.
Поль Херси мен Кен Бланшар лидерліктін, жағдайлық теориясын зерттеп шығарған. Олар оны әмірлік цикл теориясы деп атаған. Осыған байланысты лидерлік стильдіқ нәтижелігі-орындаушының білімділігіне байланысты.
Жеке адамдар мен топтардың білімділігі өзінің тәртібіне деген жауапкершілікті алып жүру қабілетін, алға қойған мақсатына жетуді армандау және де білім мен тәжірибеге деген нақты міндет қатынасының орындалуын түсіндіреді.
Орындайтын міндетіне байланысты жеке адамдар мен топтар әр түрлі білімділік деңгейін көрсетеді. Басшы жеке адамдардың немесе топтардың салыстырмалы білімділігіне байланысты өзінің тәртібін де ауыстырып отыруы мүмкін.
Авторлар орындаушының нақты білімділік деңгейіне сәйкес келетін лидерліктің төрт стилін атап көрсеткен:
1. Нұсқау беру;
2. Сату;
3. Қатысу;
4. Бөлу.
Бірінші стиль — басшының үлкен дәрежесін міндетке бағыттап және азын адамгершілік қатынасқа үйлестіруін талап етеді. Бұл стиль — «нұсқау беру» деп аталады, ал ол төменгі деңгейлі білімділігі бар бағынушыларымен сипатталады.
Бұл стиль бағьшушылардың нақты міндетке жауап бергілері келмейтінімен, не қабілетсіз болуымен орынды. Осыған байланысты оларға сәйкес нұсқаулар, басқарушылық және бақылау да орынды.
Екінші стиль — «сату». Басқарушының стилі тек және жоғары дәрежеде міндетке де, қатынасқа да бағытталған болып табылады. Ал, ол бағынушылардың орта деңгейлі білімділігі бар жағдайға тәуелді. Бағынушыларға жұмысты қалай істеуіне байланысты нақты нұсқаулар беріп, басшы міндетке бағытталған тәртіптерін таңдайды.
Үшінші стиль — жоғары дәрежелі білімділігімен (М з) сипатталады, Бұл жағдайда міндеттің орындауына бағынушылардың шамалары жетсе де, жауап бергілері келмейді.
Төртінші стиль, жоғары дәрежелі білімділікпен (М 4) сипатталады. Бұл жағдайда жауапкершілікті бағынушылар ала алады және оны алып жүргілері келеді. Мұнда бөлу стилі сәйкес келеді. Басшылық тәртібі төменгі дәрежені міндетке және де адамгершілік қатынасқа бағаттап үйлестіруі мүмкін.
Тағы да бір басқарушылықта, жағдайлық моделін Виктор Врум мен Филип Иеттои жасап шығарған.
Врум-Иеттонның басшымен шешім қабылдау моделі — шешім қабылдау процесіне айтарлықтай көп көңіл бөледі, Бұл модельге сәйкес басқарудың, бес стилі бар. Бағынушыларға қандай дәрежеде шешім қабылдауға, қатысуына, рұқсат етуіне байланысты басшы бұл стильдерді қолданады.
А і — Қазіргі кездегі бар хабарламаңызды пайдаланып, сіз мәселені өзіңіз шешесіз немесе шешім қабылдайсыз.
А п — Сіз өзіңіздің бағынушыларыңыздан керекті хабарламаны алып барып, сонан соң сол мәселені шешесіз.
С і — Сіз мәселеге қатысы бар бағынушыларға жеке-жеке түсіндіріп, олардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдайсыз, бірақ олардың бәрін топқа жинамай, түсіндіресіз. Сонан кейін барып шешім қабылдайсыз, ал ол өзіңіздің бағынушыларыдыздың әсерін тигізуін немесе тигізбеуін көрсетеді.
С п — Сіз мәселені өзіңіздің бір бағынушыларыңызға айтып түсіндіресіз және бүкіл ұжым барлық айтылған идеялар мен ұсыныстарды тыңдайды. Сонан соң шешім қабылдайсыз, ал ол өзіңіздің бағынушыларыңыздың әсерін тигізуін немесе тигізбеуін көрсетеді
С ш — Сіз мәселені өзіңіздің бір топ бағынушыларыңызға айтып түсіндіресіз. Сонан соң барлығыңыз бірге баламаны тауып, бағалап және де сол баламаны талдауда бір келісімге келуге тырысасыздар.
Басшыларға жағдайды бағалауда көмек ретінде Врум мен Иеттон жеті белгі ойластырып шығарды. Сол белгілерге байланысты жағдай және бағынушылар — басқарушы болып сииатталады.
Врум — Иеттонның апталығы бойынша мәселенің белгілері:
1, Сапалы шешімнің мағынасы;
2, Жергілікті хабарламаның бар болуы;
3, Мәселенің құрылымдылымдық дәрежесі;
4. Бағынушылардың ұйым мақсаттарымен келісу мәні және олардың шешімді тиімді орындауға қатынасуы;
5. Басшының автократиялық шешімінің бағынушылар арасында қолдауға ие болуынық ықтималдылын өткен тәжірибе негізінде анықталған;
6. Бағынушылардың мотивациялық дәрежесі — ұйымның мақсаттарына жету, яғни, мәселе айтылғаннан кейін олардың тұжырымдалған міндеттерін орындауы;
7. Баламаны таңдау кезінде бағынушылар арасындағы даудың ықтималдылық дәрежесі
Стильдіқ орнықтылығы ауысатын айнымалылары жағдайының шешім қабылдауына тәуелді.
Лидерліктің жағдайлық тәсілі — басқарушылықтың тиімділігін көтерудің бірнеше түрін ашып көрсеткен:
1. Топтарды қайта құру;
2. Міндеттемелерді қайта жобалау;
3. Лауазымды өкілеттіліктің түр өзгерушілігі.
Өте нәтижелі жұмыс істегісі келетін басшы бағынушылардан көздеген мақсатының бәріне к.ол жеткізеді, ал өзінің барлық қызмет істеген кезінде ол қандай да тек бір ғана басқару стилін қолдана алмайды.
Басшы барлық стильді қолдана білуді және нақты жағдайға сайкес келетін әсер ету әдістері мен типтерін тезірек үйренуі керек. Нағыз нәтижелі немесе тиімді стиль ретінде үйреншікті стиль немесе шындыққа бататталған стиль саналады.