Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері

Бәсекелестік  жағдайындағы фирма стратегиясының  түрлері  туризмді дамыту мақсатынан  бары  туындайды. Ол  мақсаттарға  біз  келесілерді жатқызамыз:

  • сапасы, халықаралық туристік рынок жағдайында өндіруге, сатуға және бәсекелестікке төтеп беретін өнім өндіруге және сатуға қабілетті, рентабельді туризм индустриясын құру жолымен туризмді экономиканың табысы жоғары салаға айналдыру;
  • республиканың туристік әлеуетін арттыру;
  • тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
  • халықтың барлық жіктерінің туристік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету, туристік қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша қанағаттандыру;
  • тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру;
  • мемлекеттік және жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара бірлескен іс-қимылының тиімділігін арттыру;
  • шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
  • әрбір адамның демалу және бос уақытын өткізуге деген құқығын іске асыруы;
  • халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың ізгілік сипатын, бейбітшілік пен сыйластық, нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын сақтау;
  • әділеттілік пен егемендік, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесіне қарамастан, мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұқпау;
  • қоршаған ортаға және мәдени игіліктерге ұқыпты қарау;
  • әлеуметтік тепе-теңдік пен даму, жеке адам мен қоғамның игілігін арттыру;
  • туризмді тұрақты дамыту;
  • туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жандандыру;
  • туристік қызметті реттеу жүйесін жетілдіру;
  • туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін одан әрі дамыту;
  • туристік рынокты демпингке қарсы және мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын қабылдау арқылы қорғау;
  • туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • тартымды туристік объект ретінде Қазақстанның беделін қалыптастыру;
  • ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
  • туризм саласындағы ғылыми зерттеулерді тереңдету;
  • туризм саласындағы қызмет көрсетудің статистикалық есебінің әдіснама-сын халықаралық стандартқа сәйкестендіру;
  • туристік объектілерді қайта жаңғырту мен салу үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту жолымен туризм инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру;
  • туристік қызметті стандарттау, сертификаттау мен лицензиялау негізінде туристерге қызмет көрсетудің сапасын арттыру;
  • туризм саласындағы кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту;
  • туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету, теріс әлеуметтік әсерлерді бәсеңдету және мәдени мұраны сақтау;
  • туризм саласындағы келеңсіз үрдістерден арылу.