Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері туризмді дамыту мақсатынан бары туындайды. Ол мақсаттарға біз келесілерді жатқызамыз:
- сапасы, халықаралық туристік рынок жағдайында өндіруге, сатуға және бәсекелестікке төтеп беретін өнім өндіруге және сатуға қабілетті, рентабельді туризм индустриясын құру жолымен туризмді экономиканың табысы жоғары салаға айналдыру;
- республиканың туристік әлеуетін арттыру;
- тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
- халықтың барлық жіктерінің туристік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету, туристік қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша қанағаттандыру;
- тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру;
- мемлекеттік және жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара бірлескен іс-қимылының тиімділігін арттыру;
- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
- әрбір адамның демалу және бос уақытын өткізуге деген құқығын іске асыруы;
- халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың ізгілік сипатын, бейбітшілік пен сыйластық, нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын сақтау;
- әділеттілік пен егемендік, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесіне қарамастан, мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұқпау;
- қоршаған ортаға және мәдени игіліктерге ұқыпты қарау;
- әлеуметтік тепе-теңдік пен даму, жеке адам мен қоғамның игілігін арттыру;
- туризмді тұрақты дамыту;
- туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жандандыру;
- туристік қызметті реттеу жүйесін жетілдіру;
- туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін одан әрі дамыту;
- туристік рынокты демпингке қарсы және мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын қабылдау арқылы қорғау;
- туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- тартымды туристік объект ретінде Қазақстанның беделін қалыптастыру;
- ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
- туризм саласындағы ғылыми зерттеулерді тереңдету;
- туризм саласындағы қызмет көрсетудің статистикалық есебінің әдіснама-сын халықаралық стандартқа сәйкестендіру;
- туристік объектілерді қайта жаңғырту мен салу үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту жолымен туризм инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру;
- туристік қызметті стандарттау, сертификаттау мен лицензиялау негізінде туристерге қызмет көрсетудің сапасын арттыру;
- туризм саласындағы кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту;
- туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету, теріс әлеуметтік әсерлерді бәсеңдету және мәдени мұраны сақтау;
- туризм саласындағы келеңсіз үрдістерден арылу.