Банктің меншікті капиталы курстық жұмыс

ЖОСПАР
КІРІСПЕ………..3

1    ТАРАУ.РЕСПУБЛИКАНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1    Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық реформалары ……5
1.2  Қазақстан Республикасындағы салық реформасының  негізгі кезеңдері ..
1.3 Қазақстан  Республикасының салық жүйесіндегі реформалардың мәні мен негізгі мақсаттары …..12

2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Мемлекеттің салық саясатын жүргізудегі салықтық реформаның ролін талдау………16
2.2 Республика бюджетін қалыптастырудағы салықтардың қаржы-экономикалық шараларын бағалау…..20
2.3. Мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының экономикалық ерекшеліктері ….23

3     ТАРАУ.САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РЕФОРМАЛАРДЫ ДАМЫТУ ЖЕТІСТІГІНЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
3.1    Салық жүйесі реформаларын жүргізуді нарық талаптарына сай дамыту мәселесі ……….26
3.2 Салық жүйесіндегі салық саясатының экономиканы реттеудегі ролі …….27
3.3.Қазақстанның салық жүйесіндегі реформаларды  жетілдіру жолдары………29

ҚОРЫТЫНДЫ……………….30
ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ ……..33

КІРІСПЕ

Қазақстан  Республикасының салық жүйесі нарықтық экономиканың маңызды, белсенді элементі болып табылады. Шындықты бейнелейтін ғылыми негізделген жүйенің болуы экономикалық процестерге оңды әсер етіп, келеңсіз құбылыстарды жойып, өркениетті құқықтық қатынастарды бекітуе ықпал етеді.

Экономиканы мемлекет тарапынан реттеудің негізгі құралдарының бірі — салықтар. Салықтардың экономикалық категория ретіндегі маңыздылығы – ол мемелекеттің өз қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызатын мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік беруі. Сонымен қатар, ол – салық төлеушілердің мемлекет алдындағы міндеттерін айқындап, мемлекеттік бюджетті қалыптастыруға, фискалдық және экономикалық процестерді ынталандыруға бағытталған реттеушілік қызметтерін атқарады. Сондықтан да, «ҚР салық жүйесіндегі реформалар» тақырыбында курстық жұмысты таңдауыма себеп болды.

Қазақстан Республикасында салық жүйесінің проблемасы қазіргі жүргізіліп жатқан реформалар тәжірибесінде өте маңызы зор мәселелердің бірі.

Құрылымы: Бірінші тарауда Республиканың салық жүйесіндегі реформалар және оның даму кезеңдерінің  теориялық негіздері: мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының кезеңдері және экономикалық ерекшеліктері, салық жүйесіндегі салық саясатының экономиканы реттеудегі ролі, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының салық жүйесіндегі реформалардың мәні мен негізгі мақсаттары қарастырылған.

Екінші тарауда Қазақстанның салық жүйесі реформаларының негіздерін талдау: мемлекеттің салық саясатын жүргізудегі салықтық реформаның ролін талдау және Республика бюджетін қалыптастырудағы салықтардың қаржы-экономикалық шараларын бағалау сипатталған.

Курстық жұмыстың үшінші тарауында салық жүйесіндегі реформаларды дамыту жетістігіне жету жолдары: салық жүйесі реформаларын жүргізуді нарық талаптарына сай дамыту мәселесі және Қазақстанның салық жүйесіндегі реформаларды  жетілдіру жолдары баяндалған.

Мемлекет салық жүйесіндегі реформаларды қолдана отырып мынадай негізгі мақсаттарға жетуді көздейді:

— тұрақты экономикалық өсуге жету;

— жұмысқа қабілетті барлық тұрғындарды толық жұмыспен қамту;

— тұрғындардың нақты, номинималды табыс деңгейін қамтамасыз ету;

— азаматтардың әлеуметтік қорғау жүйесін игеру;

— табыс пен байлықты қайта бөлу.

курстық жұмыс / 33 бет