Банктің қаржы ресурстарының ұлғаюы банктің активтерінң көлемінің ұлғаюына ықпал еткен. Банктің активтері 2005 жылдың 1-сәуіріне 55776,7 мың теңгені құраған. 2006 жылы 1-сәуірде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге (148,1%) артып 82594,1 мың теңгені құраған. 2007 жылдың 1-сәуіріне активтердің көлемі 160974,0 мың теңгені құрап өткен жылдың осы кезңімен салыстырғанда 1,9 есеге (194,8 %) көбейсе , соңғы 3 жылда 2,9 есеге (288,6 %) артқан. Банктің активтерінің артуы негізінен банктің несиелік операциялары мен инвестициялық операцияларының ұлғаю есебінен болған.
1-Кесте Каспий банк Акционерлік-Қоғамының қаржылық қызметінің экономикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Жылдар |
2006 жылды 2008 жылмен салыстырғанда ауытқуы |
||||
2006 |
2007 |
2008 |
+;- |
% |
||
1. |
Активтері
Оның ішінде: -несие портфелі -бағалы қағаздар |
55776,7
37705,7 10214,6 |
82594,1
55011,0 15787,6 |
160974,0
109258,3 25460,9 |
+105197,3
+71552,6 |
288,6
289,7 249,2 |
2. |
Депозиттер |
26285,3
|
31507,9
|
48133,8
|
+15246,3
|
183,1
|
3. |
Меншікті капитал |
6398,3
|
9710,0
|
13210,3
|
+21848,5 +6812,0 |
206,4
|
4. |
Таза пайда |
191,7
|
60,7
|
979,1
|
787,4
|
510,7
|
Банктің несиелік портфелі 2005 жылдың 1-сәуіріне 55011,0 мың теңгені құрап өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге (145,8%) артқан. Ал 2007 жылдың 1-сәуіріне 109258,3 мың теңгені құрап 2004 жылдың осы кезегімен салыстырғанда 2,9 есеге (289,7%), 2005 жылдың 1- сәуірдегі көрсеткішімен салыстырғанда 1,9 есеге (198,6%) өскен.
Банк өзінің қызметін жыл сайын пайдамен аяқтап отырған. 1.04.2005 жылы банктің таза пайдасы 191,7 мың теңгені құраған. 2006 жылдың 1- сәуіріне 60,7 мың теңгені құрап өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36% — ке кеміген. Ал 2007 жылдың 1- сәуіріне өткен жылдың осы кезңімен салыстырғанда 16 есеге көбейіп 979,1 мың теңгені құраған. 1.04.2005 жылы таза пайданың кемуі : 1.жалпы әкімшілік шығындарының өсуі есебінен;
1 корпоративтік табыс салығының есебінен;
2 мүмкін болатын шығындарды жабуға арналған резервке ақша аударымының кобеюі есебінен болған.
1.04.2007 жылы таза пайданың көбеюі:
1 таза проценттік табыстың артуы есебінен;
2 проценттік емес табыстың кобеюі есебінен;
3 операциялық табыстың артуы есебінен болған;