Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу курстық жұмыс

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
  2. Салық міндеттемесінін есебі. Міндеттеме төсілімен табыс салығының есебі.
  3. Корпоративтік табыс салығы.
  4. Жинак зейнеткерлік корға төленетін міндетті зейнеткерлік жарнасының есебі.
  5. Алынған аванс бойынша есеп айырысу есебі
  6. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
  7. Есептеу мен басқа да кредиторлық қарыздариен есептесулердің есебі
  8. Дивиденттер бойынша есеп айырысу есебі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу — ол пайыз (процент) турінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал.

Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық зандылығымен байланысты.

Несиелерді есепке алу үшін  »Несиелер» бөлімшесіне енгізілген 3010 «Банк несиелері», 3020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 «Басқа да несиелер» сияқты пассивті шоттары пайдаланылады.

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.

Несие беру және оның  операцияларын жүргізу лицензия берілген Улттык банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие неізінен оны өтеу кабілеті бар кэсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынныңөзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға  несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты аралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк  акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.

Несие мерзімділік, қайтарымдылық және төленетін жағдайында коммерциялық және келісім-шарт негізінде беріледі.

Несие беру банктердің өздерінде бар несие қорларының көлемінде жүзеге асырылады. Банк қарыздары (ссудасы) бұрындары берілген ссуда бойынша қайтару мерзімі етіп кеткен карыздары жоқ болса ғана беріледі. Банк мекемесі табысы төмен кәсіпорындарға несие беру үлкен кауіп туғызатындықтан, ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі жан-жакты зерттеледі.

Кәсіпорын несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану мақсаты, өтеу мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша турінде банкке өтініш білдіреді. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер кәсіпорынның қарызы жоқ болса және бұрындары аталмыш кәсіпорын олардың берген несиесі оқтын-оқтын пайдаланып отырған болса, болса, кәсіпорынның берген  өтінішінің оң шешімін табуы мүмкін.

Әдетте, қарыз (ссуды) шоттары банктерде есеп айырысу шоты ашылған жерінде ашылады. Бұл үшін кәсіпорын  банкке төменде келтірілгенөтініш-міндеттемесін ұсынуы керек.

курстық жұмыс / 44 бет