Банк депозиттері және олардың құрылымы курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ
Кіріспе

1 БАНК ДЕПОЗИТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банк депозиттері және олардың топтарға жіктелінуі
1.2 Депозиттік саясаттың экономикалық мәні

2 БАНКТІК ДЕПОЗИТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасы депозит нарығының құрылымы
2.2 Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің құрылымын талдау

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҰЛҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын жетілдіру бағыттары
3.2 Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесі және оны дамыту бағыттары

ҚОРЫТЫНДЫ 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Аннотация

Депозит – бұл клиенттің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты, банктердің депозиттері және олардың құрылымы, оны талдау болып табылады. Банктің тартылған қаражаттарының ішінде ең көп бөлігін құрайтын депозиттер. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады. Сондықтанда депозиттің екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі рөлі жоғары.

Жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде банк депозиттерінің құрылымынң теориялық негіздері, екінші бөлімде банк депозиттерінің құрылымына талдау жасалған, үшінші бөлімде банктердің депозиттік операцияларын ұлғайту жолдары қарастырылған.

Белгілеулер мен қысқартулар

ҚР – Қазақстан Республикасы

ҰБ – Ұлттық Банк

СМА — cash management account (қолма-қол ақшаны басқару шоты)

ATS — automatic transfer service (ақша қаражаттарын автоматты түрде аудару шоттары)

NOW — negotiable order of withdrawal (айналыстағы алынып тасталу туралы шығарылатын бұйрықтарға қарсы шоттар)

ЕО – Еуро Одақ

ДСЖ – депозиттерді сақтандыру жүйесі

ЖІӨ — жалпы ішкі өнім

ЖҰӨ — жалпы ұлттық өнім

АҚШ – Америка Құрама Штаттары

ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

АҚ – акционерлік қоғам

KASE – Қазақстан қор биржасы

ЕДБ – екінші деңгейлі банктер

ДКБЖ – депозиттерге кепілдік беру жүйесі

Кіріспе

Нарық жағдайында банктік қызмет өте үлкен мәнге ие болып отыр. Себебі, банктік қызметтердің дамуы халық үшін, тіпті жалпы экономикалық қатынастар үшін оң әсерін тигізеді. Ал банктік қызмет түрлерінің әр алуан болуы заңды және жеке тұлғаларға өздерінің қажеттіліктеріне сәйкес солардың арасынан қызықтырғанын таңдап алуға мүмкіндіктері бар.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

Коммерциялык банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Сол операциялар ішіндегі депозиттік операциялар – коммерциялық  банктің ең маңызды операцияларының бірі болып келеді. Депозиттік операциялар негізінде банктердің депозиттік портфелі қалыптасады.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты, банктердің депозиттері және олардың құрылымы, оны талдау болып табылады. Банктің тартылған қаражаттарының ішінде ең көп бөлігін құрайтын депозиттер. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады. Сондықтанда депозиттің екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі рөлі жоғары.

Жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде банк депозиттерінің құрылымынң теориялық негіздері, екінші бөлімде банк депозиттерінің құрылымына талдау жасалған, үшінші бөлімде банктердің депозиттік операцияларын ұлғайту жолдары қарастырылған.

 Курстық жұмыс / 41 бет