Жоспары:
1. Балалар мекемелерін жобаудың гигиеналық негіздері.
2. Қазіргі кезеңдегі балалардың мектепке дейінгі мекемелерін салудың гигиеналық аспектілері.
3. Балалардың сауықтандыру мекемелерін жоспарлаудың кейбір аспектілері.
1. Балалар мекемелерін жобалаудың гигиеналық негіздері.
Балалар тәуліктің белсенді уақытының көбін оқу-тәрбиелеу мекемелерінде өткізеді, сондықтан олардың жоспарлануы мен гигиеналық жағдайлары оқу — тәрбиелеу процесінің оңтайлы жағдайын қамтамасыз ететін, балалар мен жеткіншектердің жан- жақты дамуына және денсаулығын нығайтуына ықпал ету керек.
Қалаларда балалардың оқу-тәрбиелеу мекемелерінің орналасуына, жоспарлануына және құрлыстарын салуға қойылатын негізгі талаптар балалар мен жасөспірімдер бойынша көптеген жетекшелері мен еңбектерінде берілген және қазіргі құрылыс нормалары мен ереже лерінде ескерілген ( Қ Е Н ).
Бірақ қалалардың дамуы, қала салу принциптерінің өзгеруі, көлік түрлерінің дамуы, тұрғын ауданда оларды орналастырудың жаңа принциптерін қолдануы, жаңа архитектуралық жоспарлау шешімдерін әзірлеуді, жаңа құрылыс материалдарын,
элементтерін және конструкцияларын, инженерлік-техникалық жабдықтарының жаңа үлгілерін еңгізуді талап етеді.
Бұл орасан жұмыс, ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалау кезеңдерінде санитарлық инспекцияның барлық сұрақтарын оперативті шешуіне шақырылған, санитарлық-эпидемиологиялық органдардың тікелей бақылауында жүргізіледі.
Балалар мекемелерін жоспарлау және салуда ескертпелі санитарлық қадағалау 4 кезеңнен тұрады:
1. Құрылысты салуға жер учаскесін таңдау және бөлу бойынша
қорытынды беру. Жер учаскесін бөлу қалалық, аудандық әкімшілік- теріндегі архитектуралық- құрлыстық басшыларымен, елді мекенді болашақта салу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Осы кезеңдегі санитарлық дәрігердің міндеті – құрылысты салуға ұйғарылған жердің жағдайлық жоспарын зерделеу және оны таңдауда, тұрғын ауданында балалар мекемелерінің әр түрлі типтерін орналастырудың қазіргі санитарлық нормаларының орындалуын тұрғысынан бағалау.
2. Балалар мекемесінің жобасын гигиеналық бағалау. Құрылысты
салуы ұйғарылған жер учаскесіне берілген жоба құжаттары келісімделуге санитарлық дәрігерге жіберіледі, оның құрамында мыналар болуы керек:
-архитектуралық- құрылыс сызбалары ( фасадтар, қабаттары бойынша жоспары және кесіктері );
-түсініктеме( хат ) жазбасы;
-салынушы объектінің санитарлық- техникалық жабдықтарының альбомдары;
Жобаны санитарлық сараптау барысында оның қазіргі санитарлық нормаларына сәйкестігі анықталады да, құрылысын салуға келісім беріледі. Міндетті санитарлық сараптауға барлық жеке жоспарлау жобалары және мекемелерді қайта конструкциялау ( реконструкциялау) жобалары жатады.
Біртипті жобалардың санитарлық нормаларына сәйкестігіне Мемлекттік
құрылыс жүйесінің жобалау институттары жауапты болады, сондықтан олар міндеттісанитарлық сараптауға жатпайды.
3. Құрылысты салу процесіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау.
Оның негізгі мақсаты – жүргізілетін құрылыс жұмыстарының жобадағы сызбаларына және жобалық-сметалық құжаттарына, және де санитарлық- гигиеналық талаптарына сәйкестігін анықтау. Тексеру нәтижелерінің және санитарлық ауытқу протоколының негізінде СЭС құрылыстың жүруін тоқтату туралы қаулыны шығара алады.
Құрылыстың салынуына бақылау барысында бекітілген жобаға өзгерістерді енгізу мүмкіндігі туралы қорытынды береді. Оларға ең алдымен, қазір-гі санитарлық нормативтерге қайшы келмейтін, жаңа, үнемділеу құрылыс материалдарын, санитарлық-техникалық жабдықтарын енгізуіне қатысты сұрақтар.
- Салынған (қайта конструкцияланған) объектіні қабылдауда мемлекттік комиссияның құрамына қатысу.
Қабылдау барысында санитарлық дәрігер , ең алдымен, орындалған жұмыстардың санитарлық нормалар мен ережелеріне сәйкестігін және жасалған жұмыстардың сапасын бағалайды. Комиссиялық тексеру негізінде объектінің дайындығы және оны іске қосу туралы қорытынды шығарылады. Егер санитарлық дәрігер мемлекеттік қабылдау комиссиясының мүшелерімен келіспесе ,ол объектіні іске қосу бойынша қабылдау актісіне қол қоймауына және объекті туралы жазбаша түрде пікірін бере алады. Санитарлық дәрігердің қолысыз объектінің іске қосылуы мүмкін емес. Объектіні іске қосу сәтінен бастап,объектіні пайдалану кезінде санитарлық ережелердің орындалуын бақылауға бағытталған ағымды санитарлық қадағалау басталады.
Салудың және пайдаланудің көп жылдық тәжірибелері, және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және әр типті мекемелерінде тәрбиелеу сұрақтарын кешенді зерделеу кейбір негізгі жағдайларын тұжырымдауға мүмкіндік берді.
- Балалар мекемелерін ( бала бақшаларын, мектептерді т.б. ) салудың қазіргі дәуірі ғимараттың сиымдылығын жоғарлату тенденциясымен сипатталады. Бұл тұрғын кварталдарды, көпқабатты үйлерді салуымен туып отыр, осының нәтижесінде мөлтек аудандарда тұрғандардың тығыздығы жоғарылап, балалар мен жас өспірімдер саны көбеюде. Бұдан басқа, ол экономикалық жағынан тиімді келеді, өйткені тұрғын (селитебті) территория маңызды үнемделеді, қазіргі ірі елді мекендік территорияның І га қүны, бір ЗЗ сыныптық ірі мектептің құнымен теңбе-тең.
2. Балалар мекемелерін кварталдың ішінде (мөлтекауданның ішінде )
орналастырған оңтайлы болып келеді, мұнда тұрғын үйлер осы мекеменің барлық периметрлері бойынша орналасады, ал көлік магистралдары 100 м қашықтықта орналастырылады. Бұл балалар мекемесінің территориясындағы ауаны ластамау, шудың деңгейін төмендету сияқты жағымды жағдайлар туғызып, тұрғын массивтерімен қатынасын ыңғайлатып, көшелік жарақаттану ықтималын төмендетуге ықпал жасайды.
3. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің қайсысына болмасын ажыратылмайтын бөлімі, тағайындалуы көп жақты жер учаскесі болып келеді. Жер учаскесінің көлемі, жоспарлануы, жабдықталуы және көр- кейтілуі мекеменің сипатымен, оқу- тәрбиелеу жұмыстарының спецификалық ерекшеліктерімен белгіленеді және сәйкес құрлыс нормаларымен және ережелерімен регламенттелген
( ҚЕН ).
4. Жер учаскесінкөркейтудің міндетті элементі болып жасыл желектер саналады. Гигиеналық нормативтеріне сәйкес жасыл желек аймағы жер учаскесінің ең кемінде 50 пайызын алу керек.
5.Қоршаған объектілердің жағымсыз әсерлерінен щектеу және учаскенің периметірлері бойынша жақсы қорғаушы аймақтарды құру мақсаты- мен, балалар мекемесінің территориясында ғимаратты қызыл сызықтан ең кемінде 25 м алшақ орналастырады.
6. Бөлмелердің құрамы мен көлемдері мекеменің оқу- тәрбиелеу жұмыстарының кешеніне және құрлыстық-климаттық талаптарына байланысты белгіленеді.
7. Ғимараттың архитектуралық – жоспарлық композициясы келесі тұрғыдан шешілу керек:
— балалар ұжымдарын жас принциі бойынша бөлу;
— бөлмелерді функционалдық тағайындалуы бойынша біріктіру;
— олардағы шуды және ластанудың алдын алу мақсатымен, негізгі бөлмелерді ұтымды орналастыру;
— жүрістің қарсы ағымдарын болдырмайтын, бөлмелердің жеке топтарының араларында ыңғайлы функционалдық байланыстарды қамтамасыз ету;
— сәулелік режимді қолайлы жағдайда шешу;
— ауа- жылулық режимдерін ұтымды шешу;
8. Барлық климаттық аудандар үшін ғимараттың оңтүстік және оңтүстік- шығыс бағытталуы оңтайлы болады, мұнда күннің бірінші жартысында, яғни негігі оқу сағаттарында бөлмелер жақсы жарықтанады.
9. Балалар мен жасөспірімдерінің барлық мекемелерінің қабаттығы шектеліп жобаланады: мектепке дейінгі мекемелері – екі қабаттан жоғары емес, ал мектептер – үш қабаттан биік емес.
Жеке мекемелерді жобалауына гигиеналық талаптарды қойғанда осы
принципиалды жағдайларда арнаулы сипатты мәліметтермен толықтыруға және нақтылауға болады.
Гигиеналық нормалаудың маңызы тіршілік жағдайының тұрғындардың денсаулығына әсерін зерделеуге ғана арналған емес, сонымен қатар оны жақсартушы және нығайтушы шараларды әзірлеуші ғылыми пән ретіндегі гигиена түсінігінің өзімен анықталады. Тап сол, гигиеналық нормативтер организмнің қоршаған ортамен ең жағымды өзара қатынасын, адамның денсаулығына және іскерлігіне қолайсыз факторлардың рұқсатталатын әсер етпеуші деңгейін қамтамасыз етуші жағдайларын сипаттайды.
Гигиеналық нормалау қоршаған ортаның факторларының организмге әсер етуіндегі физиологиялық реакцияларды зерделеуіне негізделген.
Шет елдерде көптеген ғалымдар осы күнге дейін нормалау деп «норма және патология» шекарасындағы организмнің қалыпты функцияларын қамтамасыз етуді санайды. Осындай көзқарасқа біздің гигиеналық ғылым қатаң қарсы шығуда. Біз, гигиеналық нормалау критериясы ретінде осы немесе басқа факторлардың зияндығын анықтау емес, оның зияндығын анықтау емес, оның зиянсыздығын анықтау және оның дәрежесін градиациялау деп санаймыз. « Норма » функционалдық жүйелерге сәл ғана күш түсіріп, барлық тіршілік функцияларының жайлы етуімен сипатталатын организмнің «оңтайлы» (қалыпты) жағдайын қамтамсыз ету керек.Соның өзінде, гигиеналық нормалау жеке факторлардың параметрлерінің « рұқсатталған » шекараларын белгілейді, бірақ олар организмнің патологиядан алшақ жағдайын қамтамасыз ету керек. Бұл шекара маңызды, бірақ олар қайтымды физиологиялық өзгерістер аймағына белгіленеді, яғни оңайлы және рұқсатталған параметрлерінің айырмашылығы тек функционалдық жүйелеріне күш түсу дәрежесімен ғана анықталады.
Гигиеналық нормалауға осындай көзқараспен келу, әрине, құрылыс- тардың қабаттығын көбейтеді, олардың салу мерзімдерін ұзартады, балалар мекемелерін қатаң режимде ұстауына мәбжүр етеді.
Келесі жағдайға ерекше көңіл аудару керек, егер қоршаған ортаның бірқатар табиғи факторларының ( температураның, ылғалдықтың, ауа қозғалысының, жылу және көрінетін ультракүлгін радиациясының ) оңтайлы параметрлері жастық дифференцировканы қажет етпейтін болса, онда олардың ауытқуларының рұқсатталған щектері баланың жасы төмен болған сайын, оларда төмендей түсіп, «норманың өзіне» жақындай түсуі керек. Осы жағдай балалар бойынша факторларды тым қатаң режимде гигиеналық нормалауына келтіріп отыр.
2. Қазіргі кезеңдегі балалардың мектепке дейінгі мекемелерін салудың гигиеналық аспектілері.
2030 – шы жылға дейінгі болашақтық жоспарында 6 жасқа дейінгі балалардың 98-100 % мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету ұйғарылып отыр, оның ішінде 80- 85% жалпы профильді МДМ (зерделік және дене дамуы қалыпты дамыған балалар үшін ), 12 – 15% шипажайлық- сауықтандырушы МДМ ( естуінде, көруінде, тірек – қимыл аппаратында т.б. ауытқулары бар балалар үшін).
Бүгінгі таңдағы күші бар нормативтер:
— құрылыстануы қалыптасқан қалаларда жалпы рофильді МДМ үшін 1000
тұрғынға 100-110 орын және 120 орын – жаңа салынушы қалаларда;
— естуінде ауытқулары бар балалар үшін 200 мың тұрғынға – 72 орын;
— көруінде ауытқулары бар балалар үшін 600 мың тұрғынға – 96 орын;
— тірек – қимыл аппаратында ауытқулары бар балалар үшін 600 мың
тұрғынға – 100 орын ;
Қазіргі таңдағы өмірлік сынаудан өтіп жатқан тенденцияның бірі жалпы типті МДМ «жол – жөнекей бару» принципі бойынша орналастыру болып келеді, яғни көлік аялдамаларына қарай жаяу жүрушілердің жолы бойында. Бұл тенденция қала сал тәжірибесінің бір бағытын – яғни тұрғын массивтерді қала маңайындағы жасыл желек аймағына шығаруды ескеріп отыр. Бұл жағдайда аялдамаға дейін жаяу жүру уақыты 15 минуттан көп болмау керек.
Болашақ тенденцияның бірі – МДМ–ні тұрғын үйлердің бірінші қабат- тарында орналастыру, ол селитебті территорияны едәуір үнемдеуге және халыққа қызмет көрсету ыңғайлығын жоғарлатуға мүмкіндік береді.
МДМ учаскесін жобалауда және салуда балалардың жан-жақты дамуы-на ықпал етуші, олардың әр түрлі ойындарына ( автомобильдік, ертегілік, құрылыстық, теңіздік және т.б. ) арналған тақырыптық алаңдарды ұйымдас-тыру тенденциясы ұйғарылуда. Балалардың осы алаңдарда болуын мезгіл- -мезгіл ауыстырып тұру (топтарды бір алаңнан екінші алаңға ауысулары) балалардың қиялын маңызды әртүрлендіріп, олардың бос уақытын көңілді то-лықтырып, көңіл-күйін жадыратады. Жазғы уақытта МДМ барлық сауық-тандырушы және тәрбие жұмыстарының бір бөлігі ашық алаңдарда жүргізі-летінін ескерсек, оның маңыздылығы арта түседі.
Қазіргі уақытта балалар мекемелерін салуға МДМ 140-160-230-320 орындық (біртипті номенклатура) жобалары қабылданған. Одан ірі кешен-дер(560-640 балаға) Республиканың білім Министрлігінің рұқсатымен экспе-римент ретінде салынады.
Мектепке дейінгі мекеменің жаңа құрылысын салуда немесе барын қайта қайта конструкциялауда ведомстволық құрылыс нормаларының талаптарын орындау керек. ВҚН – 49-86. «Мектепке дейінгі мекемелер. Жобалау нор-малары».
Ауылдық елді мекендердегі бала-бақшаларды, жазғы уақыттарда оларда-ғы орындардың санын көбейту перспективасымен салынады.
Осындай бала-бақшалардың біртипті номенклатурасына енгендері:
— 50 орындық – 95 орынға дейін көбейтілетін бала-бақша;
— 90 орындық – 180 орынға дейін көбейтілетін бала-бақша;
Кішігірім елді мекендерде бала – бақшаны бастаушы мектеппен бірлестіріп
жобалауға рұқсат етілген : бала — бақша 25 орынға және мектеп 40 орынға
немесе бала-бақша 50 орынға және мектеп 80 оқушыға.
МДМ – нің ерекше түрі – қала сыртындағы жазғы саябақтар. Олар қаладан
көлікпен 2 сағатта жетуге болатын, ең жағымды табиғи- климаттық жағдайда
орналасуы керек. Қала сырты саябақ ретінде, ең алдымен, жыл бойы пайдалана тын ғимараттарды пайдалану ұсынылады ( орман мектептері, пансионаттар т.б.). Арнаулы МДМ осы профильді арнайы мектебіне жақын орналастыру ұсынылады, бірақ оқушылар МДМ балаларынан толық оқшаулануы керек.
Сәби үйлерін және балалар үйлерін кішігірім қалаларда немесе ірі қала маңайында орналастырған дұрыс; балалар үйлерін қарттар үйлерінің жанында, ал сәби үйлерін – балалар ауруханаларының, босанатын үйлердің және жалпы типті клиникалардың жанында орналастырады, өйткені, бұл жастағы балалар дәрігердің тұрақты бақылауында болуы керек.Келешекте универсалды ғимараттардың құрылымын белгілейтін болады.
3. Балалардың сауықтандыру мекемелерін жоспарлаудың және салудың кейбір аспектілері.
Біздің елде балалардың курорттық- сауықтандыру мекемелерінің мағыналы тізбегі бұл. Бұл тізбек балалардың денсаулық жағдайына байланысты барлық жастағы балаларға қызмет көрсетуші, бірін бірі өзара толықтырушы емдеу-профилактикалық және курорттық- сауықтандыру мекемелерінен тұрады.Осы тұйық тізбектің негізгі бөлімдері: « Балалар емханасы – балалар ауруханасы –- шипажайлар ».
Балалардың курорттық – сауықтандыру мекемелерінің номенклатурасына кіретіндер:
- балалар шипажайлары, демалыс үйлері және пансионаттар;
- 1 – 8 сынып оқушыларының шипажайлық – орман мектептері – туб- инфицирленген балаларға және туберкулез бойынша реконволесценттерге арналған жыл бойы пайдаланатын оқу–сауықтандыру сипатындағы интернаттық мекемелер;
- шипажайлық- сауықтандыру лагерлері;
- науқас және әлсізденген балаларды шипажайда емдеу және сауық тандыруға арналған стационарлық емдеу – профилактикалық мекемелері; шипажайлық- сауықтандыру лагерлеріндегі және орман мектептеріндегі орындардың жалпы саны балаларды сауықтандыру мекемелеріндегі орындардың барлық санының 0,5 % көлемінде жоспарланады.
- сауықтандыру лагерлері – балалардың демалуы үшін ең көп тараған
мерзімдік типті мекемелері.2000- шы жылға дейінгі перболашаққа 1000 тұрғынға 40 орын жоспарланған.
- балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің қала сыртындағы саябақтар Негізгі жоспарлау талабы– балаларды сауықтандыру мекемелерін жергілік- ті курорттық факторларды барынша пайдаланып қала сыртындағы курорттық аймақта орналастыру.
Сонымен,балалардың тәрбиеле-білім беру және сауықтандырушы мекемелерін жоспарлау және салу гигиеналық нормативтері тұрақты болмайды.Олар мына жағдайларға байланысты өзгеріп отырады:
— бала организмнің функционалдық мүмкіншілігі туралы біздің түсінігі- мізді өзгертуші және « норма » критериясына коррекция енгізуші ғылыми білімнің деңгейі;
— осы мекемелер ғимараттарының комфорттық дәрежесін қамтамасыз етуіне ықпал жасайтын құрылыс және санитарлық технологияның және техниканың дамуына;
— еліміздің экономикалық мүмкіншіліктеріне;
— елді мекендерді жоспарлау және салу принциптерінің өзгеруіне;
— педагогикалық процестің, білім беру құралдары мен тәсілдерінің жетілуіне.
Әдебиеттер:
1. Гигиена детей и подростков. Руководство для санитарных врачей. Под. ред. Академика АМН Сердюковской Г. Н. И проф. А. Г. Сухарева, М. Медицина, 1986г. стр.183
2. Гигиена детей и подростков. Учебник для студентов мед.институтов. Под ред. В. Н. Кардашенко. М. Медицина,1983-стр438.
3. Жасқа сай физиология жєне мектеп гигиенасы. Авторы К.Дуйсембин, З. Алиакбарова Алматы 2002 ж.
4. Гигиена детей и подростков. Учебник для студентов медицинских вузов . Под ред. В.Р. Кучма Москва « Медицина» 2001 г.
5. Избранные лекций по гигиене детей и подростков. Метод. Пособие для студентов медико-проф. и педиатрического факультета.(МЗРК, КГМИ, сост. А.Г Швецов-Караганда, 1997-151с.
6. Санитарные правила и нормы «Санитарноµэпидемиологические требования к устройству и содержанию дошкольных учреждениях» от 4 июля 2003 года №2.01.017.03.
7.Санитарные правила и нормы «Санитарноµэпидемиологические требования к устройству и условиям обучения в лбщеобразовательных и интернатных организаиях» №2.01.017.03. от 25 июля 2003 года № 57.
8. Санитарные правила устройства ,содержания и организации режима детских оздоровительных учреждении.№201.006-97 от 24.03 97