Байланыс құрылғыларының радиоқабылдағышын зерттеу курстық жұмыс

Мазмұны

1. КІРІСПЕ

2. Радиоқабылдағыштың бiр бөлiгi радиожиiлiкті алдын ала есептеуiнiң әдiстемесi
2.1 УРЧ енгізудің қажеттілігін тексеру
2.2 Төменгі диапозондардың санын анықтау және кіретін тізбектердің схемасын таңдау
2.3 Детектордың схемасын таңдау
2.4 Детектордан қабылдағыштың кіруіне дейінгі қажетті күшеюін анықтау
2.5 УПЧ каскадтар санын анықтау
2.6 ФСС схемасын таңдау және берілген жиілік талғамдылығын қамтамасыз ету
2.7 Радиоқабылдағыштың каскадтары бойынша жиілік және сызықты емес бұрмалауды бөлу
2.8 Күшейтудің автоматты реттеуін есептеу

2.9 УЗЧ құрылымдық схемасын есептеу
2.9.1 Динамикалық бастардың санын және түрін таңдау
2.9.2 УЗЧ шеткі каскадын алдын ала есептеу
2.9.3 Алдын ала каскадтардың саны мен алдын ала күшейткіштің нығаюін анықтау

Қорытынды
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Курстық жобалау дәрісханада (оқытушының кеңес беруі негізінде) да, өз бетімен де жүргізіледі.

Жоба стандартты көлемі (297*210 мм) 25-30 беттен тұратын түсініктемеден және    24 (841*594 мм.) немесе 22 (420*594мм.) форматты беттерде орындалған графикалық бөлімнен тұрады.

Курстық жобалаудың міндеті — есептеу жұмыстарын жүргізген кезде жаттығу дағдыларын дамыту, мемлекеттік стандарттардың талаптары мен ЕСКД бойынша білімін қолдану, бұрын алған теоретикалық білімді нақтылау.

Жобамен жұмыс аяқталған кезде студент оны тексеріске жібереді. Курстық жобаларды қорғау белгіленген кезеңде өтеді.

Методикалық нұсқауларда тек амплитудалық-модульденген сигналдардың  радиоқабылдағыштарын есептейді.

Курстық жобаның кіріспесінде төмендегілерді бейнелеу керек:

Есептелетін радиоқабылдағыштың мәліметтеріне талдау жасау. ГОСТ-5651-82 (ҚОСЫМША 1) талаптарына сәйкес бөлек параметрлері мен толығымен қабылдағыштар қандай топтың күрделілігіне жататынын анықтау. Талдауда тапсырмадағы параметрлердің жай аударуы рұқсат етілмейді. Анықтама бойынша қоректенудің берілген кернеуі кезінде радиоқабылдағыштың орташа шығу қуатын анықтау қажет. Егер берілген  шығу қуаты орташадан көп болса, онда қосымша схема техникалық шешімдерді қолдану қажет. Антенна түрі мен параметрлердің жиынтығы бойынша бұл қабылдағыштың (стационарлы немесе қозғалмалы) қандай түрге жататынын анықтау. Сыртқы антеннасы бар радиоқабылдағыш тек стационарлы бола алады. Магнитті және бұдырлы антеннасымен стационарлы да, қозғалмалы да бола алады. Автомобильді антеннасымен- автомобильді, яғни 13,2 В қоректену кернеуі бар автомобильде жұмыс жасау үшін керек.

Кіріспенің соңында радиоқабылдағыш түрінің болашақта жобалау кезінде негізге алынатын схемасын көрсетуге болады.

  Курстық жұмыс / 23 бет