Байқоныр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрым-сонды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста неше түрлі космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран-тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарының ешқандай бөлігінде кездеспейді.
Сол себептен Байқоңыр космодромы жер жүзі халықтарының назарын аударып, аландатып отырады. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне үшырау мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, өскери қару -жарақтардьщ жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Сондықтан да Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептелінеді.
Космодромда неше түрлі өнеркәсіп және шаруашылық орын-дары бар. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың. зымыран-тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептсу орталығы бар.
Космодром 1957 жылы салынған. Оның орталығы – Байқоңыр қаласы. Онда осы кезде 60 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшыру кешені, 15 зымыран ұшырататын қондырғылар бар. Ресейдің барлық космосқа ұшқан корабльдері мен зымырдандыры осы Байқоныр космодромынан ұшырылған. Зымырандарды отынмен қамтамасыз ететін 3 станция, космонавттардың денсаулығын бақылайтын мсдициналық орталық, 1-класқа жататын екі аэродром, сұйық отгек, сұйық азот өндіретін завод, электр жылу жүйесі, газ құбырлы (газ турбиналы) электр станциясы, 470 шақырым темір жол, 1280 шакырым автомобилвдер жүретін магистрал, электр, жылу, сумен қамтамасыз ететін жүйелері бар. Космодромның құрылысы алғашқы кезде тым құпия болған. Көп салынған жүйелер мен құрылыстар объектілерді жасырын түрде жүргізілген. Осы аймаққа космодром саламыз деп Ресей үкіметі ешкімнен сұраған жоқ. Қазақстан Республикасының басшыларын көздеріне де ілмеген. Мұның негізі де бар еді. Қазақ жерін олар билеп-төстеп, өздерінің меншігіне ежелден айналдырып алған болатын. Қазақ жері ашық айтылмаса да, орыс елінің бір отары (колониясы) ретіндс саналатын. Қазақ елінің жерге деген билігі жоқ болатын,
Байқоныр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын-шашын аз түседі. Небәрі 90-150 мм. Сол себептен ауа райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі-жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар болмайды. Тек қана км белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта өспейді. Өсімдіктердін систематикалық түрлері де өте аз. Көпшілік өсімдіктер ботаника тілімен айтқанда — эфемерлер. Көктем айларында құлпырып өсіп, жер-көкті жасыл түске бөліп, қызыл-жасылды бәйшешектер атып, ұрық береді дс, жаз айлары туысымен олар тіршілігін жойып қурап қалады. Дегенмен, мал жайылатын жайылымдар бұл аймақта көп. Шөбі шүйгін, жұтымды келеді. Малдар тез арада қонданып кетеді. Ол жайылымдар космодром салынуына байланысты түгелімен жойып кеткен. Малға азық болатын шөптердің барлығы құрып, уланып біткен.
Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шары шақырым. Ол солтустіккс қарай 75 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 90 шақырым қашықтыққа созылып жатыр. Байқоңыр космодромын салуға байланысы 20000 гектар жер шаруашылық айналымынан шығьш қалған. Ол жерлер не егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға жарамай, рәсуі болып қалған. Мұнда бұрынгы кездс малдар қысы-жазы өз аяғымен жайылып жата беретін еді, ұшы-қиыры жоқ сол малдардан, бір бас малды осы күндерде кездестіре алмайсыз. Зымыраңдардың қатты дыбысы малдардың, адамдардың зәресін алады. Сондықтан да малдар бұл жақта қайдан өссін. Шу – экологиялық факторлардың ішіндегі ең бастысы. Адам ағзасына, малдарға айрықша әсер етеді.
Бұл аймақта ерсілі-қарсылы соққан жел көп болады. Кейбір күндері, күшті дауыл тұрып, жердің үстіңгі қабатындағы топырақтарды ұшырып әкетіп, қара боран туғызады. Осындай қара боранды күндер бір жылдың ішінде 20-25 күн болады. Ал космодром орнағаннан кейін бұл аймақтың ауа райы мүлдем бұзылып кетті. Ауа райының мөлшерден тыс өзгеруін кейбіреулер Арал тсңізінің тартылуынан деп есептейді. Өйткені, космодром Арал теңізіне жақын жерге орналасқан. Қашықтығы 70 шақырымдай жер.
Байқоныр космодромының айналаны қоршаған ортаға ерекше әсер ететіні кейінгі кезде ғана байқала бастады. Кейінгі уақытта космодром орналасқан жердің ауа райын, табиғи биологиялық ресурстарын жан-жақты зерттегенде, космодром айналаны қоршаған ортаға айрықша әсер ететіні байқалады. Ол туралы қолымызда бірнеше ғылыми деректер бар.
Оған бір мысал:
Қарағанды облысының экологиясын зерттейтін ғалым-экологтардың жүргізген жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, космос корабльдері, космос зымырандары космос кеңістігіне ұшып кеткеннен кейін, жаз айларында 5-8 күн бойы күшті жел тұрып, қара боран соғатыны байқалады. Мұндай құбылысты Жезді ауданының жергілікті тұрғындары да растайды. Ал қыста зымырандар космосқа ұшып кеткеннен кейін 2-3 күн бойы қарлы боран соғатыны белгілі болды. Бұл аймақта жылына 40-50 күн бойы күшті жел тұратыны анықталды. Мұндай құбылыстар, бұл аймақта бұрынғы кезде, космодром орнамай тұрған уақытта болмағанын жергілікті тұрғындар жіпке тізгендей етіп айтып береді.
Қандай болмасын, ұшырылған космос корабльдері мен оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістср енгізетіні кейінгі кезде айқындала тусті. Ол өзгерістсрді арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді. Ол өзгерістер төмендегідей:
1. Ұшырылған космос корабльдері және басқадай космостық аппараттар табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режімін төтенше түрде бұып жіберетіні белгілі болды;
2. Космос корабльдерін тасымалдайтын зымырандардың пай-даланатын отындары улы (радиоактивті) қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады;
3. Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесіне айрықша әсер ететінін арнаулы түрде жүрзігілген ғылыми-зерттеу жұмыстары толығымен дәлелдейді. Биосферадағы тірі ағзалардьщ тіршілік ететін табиғи ортасы кенет бұзылып кеткендіктен, олардың биологиялық жүйелері мүлдем бұзылып кетіп, бірнеше өзгерістер, олардың ішінде өте қауіпті мутациялық (секірмелі) өзгеріс туатыны байқалды;
4. Жер бетінде зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп, оны ластайды (ол бөлшектерде де радиоактивті қосылыстар бар). Ол жер не егін егуге, не болмаса мал жаюға жарамай қалады.
Байқоңыр космодромынан ұшырылған космос корабльдерінің қалдықтарының жерге түсетін аймақтары алдын ала белгіленген. Ол Жезді және Ұлытау аудандары территорияларының 10 пайызын қамтиды. Өйткені зымырандар осы көрсетілген аудандардың территорияларының үстін басып ұшады.
Зымырандарға жағылатын отын улы (радиоактивті) және усыз қосылыстардан тұрады.
а) Усыз отынның негізгі компоненті — сұйық күйіндегі (радиоактивті) оттек пен Т-1 маркалы кәресін, сонымсн бірге сұйық оттек және сұйық күйіндегі (радиоактивті) сутек болады.
ө) Өте улы зымыран отынның құрамында – улы тотықтан-дырғыш типіне жататын (радиоактивті) “самин” және (радиоактивті) “меланж” болады. Сонымсн қатар, симметриялы емес радиоактивті — диметил гидразин (гептил) бар. Осы аталған компоненттер 1-кластағы өте улы қосылыстардың қатарына жатады. Бұл улы заттар адамзат баласының тіршілігін, әсімдік әлемін, жануарлар дүниесін айрықша улаңдырады, Олар биосферадағы барлық тіршілік иелерін жойып жіберуі де мүмкін.
1957 жылғы 1 қазан айынан 1999 жылғы 21 қаңтарға дейін, яғни 42 жыл ішінде, Байқоңыр космодромынан 1129 зымыран 1115 басқадай космос кеңістігін зерттейтін аппараттар ұшырылған. Осы көрсетілгендердің бәрі Қазақстан Республикасының экономикасына айрықша үлес қосады деп кейбір орыс зерттеушілері даурығады, Мұның бәрі, шын мәнісінде, бос сөз екенін өмірдің өзі көрсетіп келеді.
Ұлы конструктор (зымыран жасау жөніндегі әлемге әйгілі С.П. Королевтің) басшылығымен алғаш рет космос кеңістігіне ұшып шыққан ұшқыш-космонавт Ю.А. Гагарин 1961 жылы көкек айының 12 күні “Восток” атты космос кораблімен жер шарын 87 минут ішінде айналып шықты. Оның биіктікке көтерілген мөлшері 270 шақырым еді. Бұл геостанционарлық орбита болатын. Планетааралық зымырандарды ұшыру тек қана Байқоңыр космодромында сынақтан өткізіледі. Оның алдында 1957 жыл тамыздың 21 күні космос кеңістігіне алғаш рет жер серігі ұшырылған болатын. Ол ұзақ уақыт геостанционарлық орбитада ұшып жүрді де, кейіннен ұшу үрдісін тоқтатқан соң, әуеде жанып кетті.
Космос корабльдерінің, зымырандардың ұшу бағыты күні бүгінге дейін өзгертілген жоқ. Тек қана Байқоңыр космодромы қазақ жерінде болғандықтан Қазақстан Республикасына бағынатын болғаны рас. Ал шын мәнісінде, Ресей Федерациясы өздерінің білгенін істейді. Бізден сұрамайды.
1994 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Байкоңыр космодромын пайдалануға байланысты және Ресей Фсдерациясына оны жалға беру үшін үкіметаралық шарт жасалынып, оған үкімет басшылары қол қойған. Жал мерзімі 20 жыл деп белгілснген. Ресей жағы Байқоңыр космодромының және сол аймаққа жақын жерлердің экологиясына зиянды әрекет етпейміз деп міндет алған. Ол міндет іс жүзінде орындалып жатыр ма, жоқ болмаса орындалмай жатыр ма, о жағы бізге беймәлім. Зымырандардың отындарының қалдықтары түскен жер арнаулы тәсілдерімсн тазартылу керск деген келісім шартта баптар бар. Тазарту жұмыстары белгілі дәрежеде жүргізілген емес. Бос сөздер көп. Зымырандардан түскен қалдықтардың бәрі тірі ағзаларға өте зиянды. Өйткені олар радиоактивті заттардан тұрады. Қазақстан жағы шамасы келгенінше, экологияны бұзбайтын тәсілдерді Ресей жағының пайдалануын қадағалап отырады. Зымыран ұшатынынан 5 күн бұрын, қай мезгілде зымыран ұшатынын Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының басшыларына алдын ала хабарлап отырады. Даулы проблемаларды дер кезінде шешіп отыратын тұрақты комиссия бар. Ол комиссия “Байқоңыр” деп аталады.
Қандай да болмасын, ұшырылған зымыран-тасымалдаушылар апатқа ұшырауы – табиғи құбылыс. Неге десеңіз, техниканың аты техника ғой, ешкім де апат болмайды деп кепілділік бере алмайды. Космос корабльдерін жасағанда, оларды космодромда ұшуға дайындағанда, бірнеше қателер кетуі мүмкін. Зымырандар жер бетінен 40-50 шақырым биіктікке көтерілгенде, бірнеше себептерге байланысы кенеттен апатқа ұшырап отыратын жайлары болады. Зымырандар апатқа ұшыраған кезде, олардың бактеріндегі улы (радиоактивті) отындардың жарым-жартысы әуеде жанып кетеді де, ал қалған аз мөлшері жерге түседі. Олар табиғи ортаны ластауы мүмкін. Ал отын төгілген жерге көресін шашып, оны өртеп жібереді. Немесе отынның улылығын жоятын бірнеше химиялық препараттар қолданылады.
Сынақтан өткізілген зымырандардың бәрі әуедегі озон қабатын бұзып жібереді. Өйткені зымырандардың отьшның қалдықтары озон қабатына айрқыша әсер ететіні кейінгі кезде байқала бастады. Зымырандар пайдаланған отындарынын өте улы қосылыс — көміртектің радиоактивті элементтердің қос тотығы көп мөлшерде бөлініп шығады. Ол биосферада тіршілік ететін барлық тірі ағзаларға өте улы әсер етеді. Ауадағы және жердің үстіңгі бетіндегі радиациялық тепе-тендікті бұзып жібереді. Егер ауада көміртектің қос тотығы молаятын болса, онда күн сәулесі жерге түспей, мәңгілік қараңғылық басады. Көне заманда мұндай көріністер болғаннын ғалым-биологтар жақсы біледі Күн сәулесі жерге түспегендіктен жердің үстіңгі қабаты жылынып, тау шыңдарындағы мәңгі қар мен мұздар еріп кетіп, теңіз және мұхит суларының деңгейін көтереді. Құрғақ жерлерді су басып, “топан суы” қаптауы сөзсіз деп ғалымдар дәлелдейді.
Ақырзаман боларда топан суы қаптайды екен деген қағидалардың бар екенін қазақ елі жақсы біледі. Ауа райының жылыныи келе жатқанын, халық сезеді. Өйткені бұрынғы кездерде болатын аяздар осы уақытта аз болады. Бір ғана РН – “Протон” зымыранын космос кеңістігіне ұшырғанда, ауаға 200 тонна радиоактивті көміртектің қос тотығы, ал РН “Союз” зымыранын ұшырғанда, атмосфералық ауаға 133 тонна көміртектің қос тотығы келіп қосылып отырады. Қазақ жерінің атмосфералық ауасына қосылған радиоактивті көміртектің қос тотығының мөлшері, кейінгі кездегі жүргізілген ғылыми деректердің қорытындыларына қарағанда, 221478 миллион тоннаға жеткен. Бұл цифр аз ба, жоқ болмаса көп пе, өздеріңіз есептеп байқаңыздар, Мұндай зымырандардың ашық түрде, жасырын жағдайында Байқоңыр космодромынан ұшырылып жатқан санын бір құдайдың өзі ғана біледі. 1955 жылы Байқоңырдан ұшырылған зымырандардың саны 19-ға жеткен. Олардың ішінде өте улы радиоактивті отынмен ұшатын 8-РН “Союз”, 8-РН “Протон”, 2-РН “Циклон”, 1-РН “Зенит” зымырандары бар еді. Олардан бөлініп шыққан көміртектің қос тотыгының молшері 2965 тоннаға жеткен. Алайда, оны ешкім де өлшеген жоқ. Тек теориялық жолмен есептеп шығарылғаны белгілі, бәлкім бұл мөлшерден көміртектің қос тотығы көп болуы да, немесе аз боулы да мүмкін.
Қазақстанның атмосфералық ауасына болініп шыққан көміртектің қос тотығының көлемі 0,001 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш өте көп сан, өйткені ауадағы көміртектің қос тотығының мөлшері 0,003 пайыз. Атмосфералық ауаға бөлініп шығатын өтс улы қосылыстардың бірі — радиоактивті көміртек тотығы (СО), оны иіс тигізетін газ ретінде қазақ елі жақсы біледі. Тек қана бір РН “Протон” зымыранын космос кеңістігіне ұшырған кезде, атмосфералық ауаға 17 тонна көміртек тотығы қосылады. Ал автомобильдерден 1 тонна бензин жаққанда 0,42 тонна гана көміртек тотығы бөлінеді. Бір жылда 40-50 автомобильдер небөрі 4-5 тонна көміртек тотығын беледі. Бұл сан РН «Протон» зымыранының бөліп шығаратын көміртек тотығынын, мөлшерінен әлде қайда аз екенін көрсетеді, Сонымен зымырандарға пайдаланылатын отын көміртек тотығының Гюлініп шығуының қайнар көзі деп есептеуге болады.
Сондай-ақ, өнеркәсіп орындары отқа таскөмір жағатыны белгілі, одан да айтарлықтай мөлшерде көміртек тотығы бөлініп шығып, ол атмосфералық ауаға қосыльш жатады. Сөйтш ауа режіміне айтарлықтай өзгерістер енгізеді.
Ал стратосфера қабатына өзгеріс жасайтын тек қана космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар. Олар стратосферадағы су молекулаларына әсер етеді. Сондықтан да озон қабаты тез бұзылып кетеді де, жер бетіндегі тіршіліктің жойылуына себепші болады.
Радиоактивті азот тотығы да озон қабатын бұзушы фактордың бірі болып ссептелінеді. Ол өте үлкен қысыммсн жоғары температураның әсерінен үнемі стратосферада пайда болып отырады. РН “Протон” зымыраны космос кеңістігіне көтерілгенде, зымыран артынан шыққан оттың әсерінен радиоақтивті азот тотығы көп түзілетінін арнаулы зерттеулер анықтап берді. 20-30 шақырьш биіктегі озон қабаты зымырандардың әрекетінен көп мөлшерде бұзылатыны анықталды. Зымырандарды ұшырауға гептил отынын пайдаланғанда, озон қабаты адам айтқысыз болып бұзылатынын арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап шықты.
Озон қабатын тез арада бұзып жіберетін улы қосылыстардың бірі – хлор. Оның бір молекуласы, озонның жүз мың молекуласын жойып жібереді. Хлор зымыран отындарының басты компоненттерінің бірі. Әсіресе, “Спейс-Шатл” зымыранына пайдаланатын отынның ішінде ол көп болады. Бұл зымыран Америка Құрама Штаттарында жасалынады. Сол елде космос кеңістігіне ұшырылып отырады. Өте қуатты зымырандардың қатарына жатады. Бұл зымыранды космос кеңістігіне ұшырганда, ол 180 тонна хлор және хлорды сутекті атмосфералық ауаға бөліп шығарады. Олар атмосферада неше түрлі реакцияға түсіп, аса қауіпті қосылыс – метаболиттер түзеді. Бұл метаболиттер стратосфераға айрықша әсер етеді де, тропосфсраға онша зиянды әрекет жасамайды. Хлор және хлорды сутектің зиянды әрекеггеріне кейінгі уақытта кең көлемде зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Айта кететін бір жәйт, 1999 жылы жүргізілген арнаулы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары мынаны көрсетті: Байқоңыр космодромынан ұшырылған космостық аппараттар қазақ жерінің ауа райына, климатына оншама өзгеріс енгізе қоймағаны белгіленеді. Өйткені, бұрынғы 50 жылғы ауа құрамы ешбір өзгеріссіз сол күйінде сақталып тұрғанын көрсетті. Мұның өзі дәтке қуат қағидасы ғой. Зымырандар ауа-райына ерекше әсер ететінін РН “Протон” зымыранының бірінші бөлігі жұмыстан шыққаннан кейін жерге түскен кезде, ондағы жанбай қалған радиоактивті отын мен тотықтакдырғыштардың мөлшері 2-3,5 тоннаға дейін жетеді. Егер зымыранның отыны құйылған ыдыстары оқыс жарылатын болса, онда ауада көптеген қауіпті радиоактивті бұлттар кенеттен пайда болып, аспанда біраз жүзіп жүргеннен кейін жауын-шашынмен жерге түседі. Бұлттар аса үлкен аймақты қамтып, сондай аймаққа зиян келтіреді. Әсіресе, ауыз су қатты уланады. Радиоактивті улы қосылыстар неше түрлі метаболиттер туғызуы мүмкін. Ол метаболиттер жинала-жинала келе улылығын күшейте түсетін жағдайлары да байқалады. Бұл радиоактивті метаболиттер биосферадағы барлық тіршілік иелеріне үлкен қауіп тендіреді. Улы қосылыстардың ішіндегі ең қауіптісі – гептил және оның туындылары болып есептелінеді.
Радиоактивті гептил — суда ерімейтін қосылыс. Ол жер бетіне көп жиналып, улылығын жоғалтпай ұзақ уақыт сақтай алатын ғажан қосылыс. Тез арада тотығып кетеді де, кез келген денелермен реакцияға түседі және неше түрлі өнімдер түзеді. Олардың ішінде концерогеңді түрде әсер ететін заттар болады. Олар адам ағзасында неше түрлі қауіпті ісіктер туғызып, рак дертін дамытады. Зымыравдар апатқа ұшырағаңца ондағы гептилдің 90 пайызы ауада жанып кетіп, ал қалған 10 пайызы жерге келіп түседі, тіпті түспеуі де мүмкін. Ал жерге түскен гептил ұзақ уақыт топырақта сақталынып, улылық қасиетін жоймай жата береді.
Арнаулы түрде жүргізілген зерттсу жұмыстарының қорытын-дыларына қарағанда, жерге түскен гептил жер бетіне, жердің үстіндегі және оның астындағы суларына тарап, оларды уландырады. Ондай сулар технологиялық үрдістерге, сонымен қатар, зымырандарға, қажетті су ретінде басқадай космостық аппаратураға қолданылмайды. Гептил қалдықтарын арнаулы тәсілдерді пайдаланып жағып жіберуге болатынын ғалымдар дәлелдеп отыр. Осындай әдістерді пайдаланған кезде гептил ауаны, суды, жерді, тіпті биосфераны көп көлемде ластамайтыны анықталды. Су зымырандардан бөлініп шыққан бөлшектсрцен де ластанады. Әсіресе РН “Протон” зымыранының отыны улы қосылыстар, оның ішінде гептил де бар. Гептилдің жерге, суға түскен мөлшерін анықтау үшін жетілдірілген әдістерді қолдану керек. Сонымен бірге гептилді анықтау үшін көп уақыт пен қаржы қажет. Өйткені оны анықтауға пайдалатын реактивтер өте қымбат тұрады.
Байқоңыр космодромындағы әскери бөлімшелер зымырандарды ұшырған кездс халықаралық келісім шарттардың түгелдей болмаса да, көпшілік талаптарын сақтауға тырысады. Қазақстан Республикасы Байқоңыр космодромына байланысты заңдарын орыңдауға колдан келген мүмкіншіліктерін түгелдей жасайды. Қазақ жеріне, жердегі тіршілік ететін өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесіне зиянды әсер еткізбеудің тәсілдерін жетіддіреді. Әсіресе адамдардьщ денсаулығына зиян келтірмеудің жоддарын іздестіреді. Байқоңырда тұратын халықтардың денсаулығына қатер төңдірмейді. Сол себептен космодром орналасқан аймақтарға улы қосылыстарды түгелдей жойып жіберетін шаралар қолданылады. Гептил төгілген немесе шашыраған жерлер мұқият түрде залалсыздаңдырылады. Залалсыздандыру үшін хлорлы тотықтырғыштарды паңдаланады. Термикалық әдістерді де қолданады, гептил төгілген немесе шашыраған жерлерге кәресін шашып, ол жерлерде түгелдей өртеп жібереді. Сонда гептилдің улылығы жойылып кетеді. Сонымсн бірге, жерді өртеген кезде, жердің үстіңгі қабатындағы пайдалы микроағзалар түгелімен жойылып кететіні сөзсіз. Сөйтіп топырақ құнарлығынан айырылып қалады. Ондай жерлерге өсімдіктер өспейді.
Осы кезде гептилдің улылық қасиетін тез арада жоюдың жетілдірілген тәсілдері қарастырылуда. Бұл проблема кезек күттірмейтін проблемаларға айналып, күн тәртібінің басты мәселелерінің бірі болып отыр, Зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектерінің аспаннан жерге құлап түсетін жерлерінде адамдар тұратыны белгілі. Оларды басқа жаққа кешіріп әкету мемлекетке оңайлыққа соқпайды. Тек зымырандардың қаддықтары құлап түскеннен кейін олардың улы қалдықтары орасан көп аймақтарға тарайтынын арнаулы зерттеулер анықтап отыр. Осы қайғылы оқиғаны болдырмау үшін Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арнаулы экологиялық мониторинг жүйесін пайдаланады. Әсіреее РН “Протон” зымыранынан бөлініп шығатьш улы қосылыстардың зиянды әрекетін азайту жолдары көзделуде. Неше түрлі жетілдірілген технологиялық үрдістер пайдаланылады. Осының нәтижесіңде РН “Протон” зымыраны улы қосылыстарды қоршаған ортаға аз мөлшерде бөліп шығаруда мұның өзі кейінгі кездегі ғылым мен техниканың жетістігі екені өзінен-өзі белгілі. Экологияны мөлшерден тыс бұзбайтын РН “Протон” зымыранының отыны ретінде КБ “Салют” деп алатын отын қолданады. Ол отынды ойлап тапқан Ресей ғалымдары. Олар М.В. Хруничсв атындағы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері. Егср РН “Протон” зымыраны ұшырай қалған кезде, ондағы гептилдердің барлығы жерге түспей, әуеде жанып кетеді. Ал жерге түскенде, оның көлемі айналаға онша көп тарамайтыны байқалады.
Зымырандарды ұшыру әсерінен Қызылорда облысының жерлерінде көптеген қауіпті оқиғаларды тек Арал теңізінің тартылуымен байланыстырудың қажеті аз секілді. Ешқандай шындыққа жанаспайтыны белгілі болып отыр.
Арал теңізінің бұрынғы түбінде қалың қабат-қабат болып жатқан тұздар су тартылғаннан кейін күн көзінің жылуымен құрғап, желмен бірге аспанға көтеріліп, Арал теңізінің жақын жеріне (70 шақырым) орналасқан Байқоңыр космодромында әсер етуі де, етпеуі де мүмкін. Теңіз түбіндегі тұздар аспанға көтеріліп, желмен бірге және алыс аймақтарға таралып жатқанын ғалымдар жақсы біледі. Осының салдарынан Қызылорда облысының ауа райы және климаты үлкен өзгеріске ұшырап отырғаны жасырын жағдай емес. Бұл үрдіске қарсы тұратын қүдіретті күш жоқ. Адамзат баласының қолынан келмей отыр.
Зымырандарды жасаған кезде, оларға экологиялық мінездеме беріледі. Ол зымырандарды ұлшырған кезде айналаны қоршаған ортаға өте көп зиян келтірмейтіні ғылыми басшылыққа алынады. Ал зымырандар экологияны бұзатын болса, онда қауіпті зымырандар ұшырылмайды, Осы жоғарыдағы айтылған мәселелерді қорыта келе, Байқоңыр космодромы қазақ жеріне орасан зор бақытсыздық әкеліп отырғаны сөзсіз. Ауа райы бұзылып, климат өзгеріп кеткенін айтпай кетуге болмайды.
Дегенмен, кейінгі кезде Байқоңыр космодромының пайдасыз жағын жан-жақты зерттеу — келешек жас ғалымдардың міндеті деп есептейміз. Байқоңыр космодромын салғанда қисапсыз көп қалдықтар болғаны жасырын емес. Олардың ішінде металл сынықтары, темірбетон қалдықтары болған. Бұл қалдықтарды пайдаланып әр түрлі құрылыс жұмысын жүргізуге болатыны анықталып отыр. Байқоңыр космодромының экологиясын қатаң бақылауға алған мекемелердің бірі – Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстары мен табиғат қорғау министрлігі. 1996 жылдан бастап зымырандардың улы қалдықтары азайып, тек азғантай жерлерге түсетін болды. Айналаны қоршаған ортаға ұзақ мерзім әсер етпей, тез арада ыдырап кететіні байқалады, медициналық белгілерден аспайтыны белгілі болды. Мұның сол аймақтардың тұрғындарына дәтке қуат әкеліп отырғаны сезсіз. Олар өздерінің ата мекенінен қай жерге безсін, әйтеуір, елмеген соң, қоныс теуіп, тіршілік етіп, мал өсіріп, егін егіп отыр ғой. Барлық жақсылықты бір алладан күтеді.
1999 жыл апатқа ұшыраған зымыран-тасығыш РН “Протонның қазақ еліне әкелген зиянына тоқталайық. Зымыран-таситын зымырандар апатқа ұшырағанда, айналаны қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретіні айтпаса да түсінікті. Қаншама жуып-шайғанмен апаттың аты апат ғой. Апатқа ұшыраған зымырандар қоршаған ортаға зиянын тигізбей қоймайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.
1996 жылы 14-ші мамыр күні РН “Союз” атты зымыран-тасымалдайтын зымыран апатқа ұшырап, бұрынғы Торғай облысы Амангелді ауданына қарайтын Сары-Торғай жылқы заводының территориясына құлап түскен болатын, Арнаулы түрде жүгізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, жердің, судың, ауаның агрессивті улы қосылыстарымен ластанғаны анықталған. Олардың тірі ағзаларға тигізетін зиянды әсері орасан күшті екені. байқалған. Зымырандардың пайдаланатын отындары өте улы қосылыстардан тұратыны белгілі. Олардың ішінде гептил және азот тетроксиді бар еді. Зымыраның апатынан 810 шаршы шақырым жер зақымданған. Бұл апаттан келген зиянның өзі ақшаға шаққанда 1395,6 мың теңгеге жеткен. 1997 жылы 20-ші мамыр күні РН “Зенит” атты зымыран 49 секундтан кейін апатқа ұшыраған болатын. 8 шақырым биіктіктен зымырандағы космостық аппарат жерге құлап түсіп, кенеттен жарылып кетксн. Бақьтгқа орай, зымыран апаты космодромның адамдар тұрмайтын бос аймақтарына құлап түскен. Сондықтан да адамдар шығаны болмаған, улы отының негізгі бөлігі аспанда жанып кеткен Дегенмен, 80 тонна кәресін, 200 тонна сұйық оттек жерге түскен. Бұл жанармайлар зымыран құлаған 300 шаршы шақырым жердің өсімдіктерін мүлдем жойып жіберген. Жарылған зымыран корпусының жарылғанынан шыққан металл сынықтары Дюраль 1 гектар жерге шашылып кеткен. 1999 жылы 5-ші шілде күні және 27-ші қазан күні Қарағанды облысына қарайтын Қарқаралы ауданының территориясына зымыран-тасымалдаушы РН “Протон” зымыран 90 шақырым биіктікте апатқа ұшырап, жерге құлап түскен. Сол жердің тұрғындарына әсер етті ме, жоқ болмаса етпеді ме деген мақсатпен арнаулы түрде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліл, судан, топырақтан, өсімдіктерден үлгілер алынып, олар лабораторияда анализден өткізілген. Зымыранның құлап түскен жері — “Карбышевка” деп аталатын елді мекен. Ол жерде Беталыс көлі де бар болатын. Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінен арнаулы құрылған комиссиялар жұмыс істеп, зымыранның келтірген зиянын анықтады. Ол үшін жерден 195 үлгі, судан — 61, өсімдіктерден 101 — барлығы 357 үлгі алынып, Қарағанды қаласының санитарлық эпидемиялық станциясының, әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық мемлекеттік университетінің кафедрасында, Ресей Федерациясының Биофизика институтының лабораторияларында анықтадды. Суда, өсімдіктерде, малдардың сүттерінде гептил байқалған жоқ. Топырақтың 3 үлгісінен гептил табылған, оның концентрациясы ете аз болған. Экологиялық зерттеулер күні бүгінге дейін жүргізіп келеді. 2187 адам медициналық бақылудан өткізілген. Олар Карбышевка, Ақжол, Қоянды жене Матак. елді мекендерінің тұрғындары болатын. Химиялық және иоңдалған радиоактивті элементтердің әсері тиді ме екен деген мақсатпен 501 адам, олардың ішінде, 201 бала арнаулы түрде анализден өткізіледі. Бұл адамдар Корнеевка елді мекендерінің тұрғындары болатын. Олардың денелерінен ешқандай гептил болмағаны анықталды. Осыған орай адамдардың денсаулығына ешқандай зиян келмегені байқалады. Тек бұрын әр түрлі сырқаттарға шалдыққан адамдардың ескі ауруларды қозғаны анықталды.
Зымыранның улы жанармайларынан айналаны қоршаған ортаға. адамдардың денсаулығына келтіретін зиян байқалмады деген қорытындыны арнаулы түрде тағайындалған комиссия жасады. Бұл шешім жергілікті тұрғындардың қозған жүйке жүйелерін басуға мүмкіншілік туғызды. Мезгіл-мезгіл бойы, яғни 3, 6, 12 айлар арасында, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданның территориясы, ондағы тұрғын халықтар арнаулы бақылаудан өткізіліп отырады.
1999 жылы шілде айының 5 күні болған РН “Протон” зымыран-тасушының зымыран апаты неден болғаны анықталды Апатың себебі: зымыранның 3-ш бөлігінде отын жанбай қалған. РН «Протонң зымыраны апатынан болған зиянның көлемі 37 миллион 947 мын, теңге екенін комиссия анықтап шықты. Бұл шығынды Ресей Федерациясы төлейміз деп уәде берді. Ол шығын төленді ме, жол болмаса, ана-мынау сылтаулар айтылып төленбей келе ме ол туралы қолымызда нақтылы деректер жоқ.
1999 жылы 27-ші қазан күні ұшырылған РН “Протонң зымыраны екінші рет апатқа ұшырап, Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданның орталығы Атасу елді мекенінің шығыс-солтүстіктігінің 25 шықарым келетіп жеріне құлап түсті. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының басшылары арнаулы комиссия құрып зерттегенде, комиссия мүшелері жерден зымыранның 129 бөлшектерін тауып алды. Оларды арнаулы өңдеуден өткізіп, ұшақпен Мәскеу қаласына зерттеу жүргізу мақсаты үшін алып кетті. Алатқа ұшыраған зымыранның тигізген әсерін білу үшін жерден, судан, өсімдіктерден, азық-түліктен, кейбір биологиялық материалдардан 562 үлгі алынып, зерттеуден өткізілді. Зерттеу қорытындысы мынаны көрсетті: Гептил судан алынған үлгінің біреуінен, топырақтың бір үлгісінен табылған. Ондағы гептилдің мөлшері өте аз болғанын көрсетті. Айналаны қоршаған ортаға онша зиян келтірмейтіні анықталды.
Мал дәрігерлері үй малдарының 150090 басына зерттеу жүргізді. Олардың ішінде 20011 ірі қара малды, 7173 шошқа, 528 ит, 2080 қүс болган. Олардың ішінде апатқа ұшыраған зымыран әсерінен пайда болған аурулар жоқ екені; мал дәрігерлері анықтап берді. Қарағанды облысындағы орман, балық, аң шаруашылығының қызметкерлері зымыран апатқа ұшыраған аймақтарға арнаулы түрде экологиялық мониторинг жүргізгенде, олар зымыран салдарынан зардап шеккен өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін кездестіре алмаған. Зымыранның апат болған ;жерінде тұратын 22605 халықтың 20011 адамына арнаулы түрде медициналық бақылаулар өткізгенде, өте жоғары улану адамдар арасынан кездеспеген, зымыранның бірінші және екінші апаты болған жерлерде тұратын адамдардың ескі дерттері қозғаны ғана байқалды. Зымыран отындары мен радиационды сәулеленудің әсері адамдар денесіне ешқандай әсер етпегені анықталды. Адам-дардың көп ойлағандықтан психоэмоциялық сезімдерді артқан.
Зымыран-тасымалдаушы РН “Протон” апатқа ұшыраған аймақтар ерекше ссепке алынып, үнемі экологиялық мониторинг жүргізіліп отыратын болды. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының тұрғындары 6 ай сайын жыл бойы арнаулы түрде құрылған медициналық бақылаудан өткізіліп отырады. Мұның бәрі еріккеннің еңбегі емес. Қазақ жеріне келтірілген зиянның бәрін Ресей Федерациясы төлейді деген ойлар бар. Бірақ әлі бір тиын ақша төлеген жоқ. Апатқа ұшыраған зымыранның салдарынан халықтың арасында өлім-жітім болған жоқ. Мемлекет мүліктері де бүлінбеген, зымыранның улы отыны әуеде жанып кеткен. Ал Қазақстан Республикасы ғалымдарының болжауы бойынша, олар зымыран апатынан әуде неше түрлі бұлттар пайда болып, қазақ жеріндегі ерсілі-қарсылы соққан желмен бірге, басқа аймақтарға ығысып кеткен. Ол бұлттар улы деп топшылайды. Мұндай болжауды анықтау үшін, ұзақ жылдар бойы арнаулы түрдс ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Оған қыруар қаржы керек. Ол қаржы қайдан табылсын!
1999 жылы шілденің 5 күні болған РН “Протон” зымыран тасымалдаушының апатынан кейін Қазақстан Республикасы мемлексті мен Ресей Федерациясы арасында 1999 жыл қарашаның 18 күиі келісім шарт жасалынып, оған қол қойылады. Ол келісім шарттан кейінгі уақыта Байқоңыр космодромын қалай пайдаланудың жолдары көрсетілген. Зымыран апатқа ұшырай бірлесіп отырып жұмыс жасау жолдары көрсетілген. Зымыран апатының салдарын бірлесе отырып жою мәселелері жазылған.
Байқоңыр космодромының болашагы жөнінде бір-екі ауыз сөз. Байкоңыр космодромы айналаны қоршаған ортаға зиян келтірсумен қатар адамзат баласына пайда келтіретіні де ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр.
Байқоңыр космодромын Ресейге жалға бергенде, Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасына жылына 115 миллион АҚШ долларын береді. Космодромды жөндеу үшін, онда неше түрлі құрылыстар салу үшін Ресей Федерациясы жылына 25-40 миллион АҚШ долларын жұмсап отырады. Космодромда өндірілетін электр қуатын сатқанда, одан 17 миллион доллар кіріс кірсді. Бұл кіріс қазақ елінің әр түрлі мұқтажына жұмсалатыны сөзсіз. Осы кезде Байқоңыр қаласында және оның серігі Төретам мен Ақай елді мекендерінде 60 мың адам тұрады. Олар түгелдей жұмыспен қамтамасыз етілген. Белгіленген мерзімде жалақыларын ай сайын алып отырады. Ресей Федерациясы үздіксіз қаржылан-дырып тұрады. Қалада осы кезде 13 жалпы білім беретін мектеп, оның 5-уі қазақ балаларына арналған, біреуі ғана аралас мектеп. Халықаралық космостық мектеп, Мәскеу авиация институтының бөлімшесі бар. Онда 83 қазақстандықтар оқып білім алады. Ден-саулық сақтау орындарын, білім беретін мекемелерді, қарттарға зейнет ақыны Ресей Федерациясы қаржыландырып отырады.
Ал егер Байқоңыр космодромын жауып тастаған күнде Қазақстан Республикасы көптеген қолайсыз жағдайларға ұшырайтыны сөзсіз. Біріншіден, жергілікті халық жұмыссыз қалады. Екіншіден, Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғаудан айырылып қалады. Қазақстан Республикасы көптеген мүмкіншіліктерден айырылып қалатыны байқалып отыр. Экономикалық және әлеуметтік даму болмауы да мүмкін. Байқоңыр космодромы жер жүзіне белгілі болғандықтан көптеген көмектер әр түрлі мемлекеттерден келіп тұрады. Космодромда экологиялық өзгерістердің болмауын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау министрлігі бақылау жасап отырады.
Байқоңыр космодромы болуына байланысты Қазақстан Республикасының беделі күннен күнге арта түсуде. Байқоңыр космодромында келешек ұшқыш-космонавттар іріктеліп алынады. Оның ішінде көптеген қазақ елінің жастары бар.
Байқоңыр космодромы келесі мыңжылдықта ең басты космодромында аппараттар мен космос корабльдерін космосқа ұшырау және космос кеңістігін зерттеуде айрықша рел атқаратыны сөзсіз. Ол космосты зерттейтін ғылыми-техникалық орталығы болып қала берстіні айдан анық, оның келешегі зор, берері мол. Оған бірді берсең онды, онды берсең жүзді, жүзді берсең мыңды, миллионды аласың. Дегенмен, батыстағы Байқоңыр космодромы қазақ еліне не әкеледі деген сауалға жауап табу саласында жұмыс істеудеміз.