Бағалы қағаздардың экономикалық тиімділігін арттыру жолдары курстық жұмыс

КІРІСПЕ
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы
1.2 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
1.3 Бағалы қағаздарды дамытудағы шетелдік тәжірибені пайдалану және
оны жүзеге асыру.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ.
2.1 Бағалы қағаздар нарығының даму динамикасын талдау
2.2 Бағалы қағаздардың заңнамасындағы өзгертулер мен толықтырулар
және компаниядағы кездейсоқ тәукелдер

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

         Зерттеу тақырыбының өзектілігі.  Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының бірі ретінде тануы қазіргі уақытта осы нарыққа деген ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.

Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды.

ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.

ҚР Президентінің кезекті жолдауында ұлттық бағалы қағаздар нарығын дамыту бағыттары мен міндеттері айқындалды. Соған қарамастан, бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін факторлардың болуы тұтастай қаржы нарығының даму серпініне әсер ете алмайды.

Жоғарыдағы факторларды ескере отырып, бағалы қағаздар нарығы, оның мәселелері жөніндегі зерттеулердің қажеттілігі, таңдалған тақырыптың өзектілігін сипаттайды.

Курстық жұмыстың тақырыбы: Бағалы қағаздардың экономикалық тиімділігін арттыру жолдары.

Курстық жұмыстың мақсаты: Зерттеудің мақсаты ретінде Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының теориялық-әдістемелік және тәжірибелік жақтарын зерттей отырып, бағалы қағаздар нарығының даму бағыттарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдында келесідей міндеттер анықталған:

— бағалы қағаздар нарығының теориялық пен тәжірибелік мазмұнын қарастыру;

— әлемдік және ұлттық бағалы қағаздар нарықтарының үлгілерін, оны құрушы факторларды зерттеу;

— бағалы қағаздар нарығының дамуы жағдайында Қазақстанда мемлекеттік реттеудің сипатын айқындау;

—  ҚР эмиссиялық бағалы қағаздар нарығының жағдайына талдау жүргізу;

— ҚР бағалы қағаздар нарығындағы қатысушылардың өзара байланысының механизмін және олардың қызметіне бағалау жүргізу;

— бағалы қағаздар нарығының даму бағыттары бойынша ұсыныстар беру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

— ҚР-дағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы мен оның құрылымын зерттеу;

— Бағалы қағаздарды шығару механизмін қарастыру;

— Бағалы қағаздар және олардың түрлерін зерттеу;

— ҚР-дағы бағалы қағаздардың даму деңгейіне талдау жүргізу;

— Бағалы қағаздар нарығын дамытудағы шетелдік тәжірибені пайдалану және оны жүзеге асыруын айқындау;

Курстық жұмыстың зерттеу объектілері. Зерттеу жұмысының пәні ретінде ҚР бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік органдар мен  бағалы қағаздар нарығы қатысушылардың арасындағы экономикалық қатынастары алынады.

Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы саналады.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен  тұрады.

 курстық жұмыс / 35 бет