Азаматтық заңдардың құрамы

Азаматтық заңдардың құрамы туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары жалпы-республикалық зандар болып табылады және ол Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де зандары мен Қазақстан Республикасы Прези-дентінің заң кұші бар Жарлықтарынан, Парламенттің қаулы-ларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабы-ның 1,2-тармақтарында аталғанқатынастарды реттейтін Казак-стан Республикасы Президентінің Жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.

Азаматтық-құқықтық актілер өздерінің иеленетін заң күші арақатынасына сәйкес мынадай деңгейлерге бөлінеді:

1)   заң — қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4)-тармакдіасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын құқықтық акті;

2)   заң актісі — Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы, Кодекс, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары;

3)   заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер — ҚР Үкіметінің қаулылары, министрлердің, мемлекеттік комитеттердің және басқа да орталық мемлекеттік органдардың бұйрықтары, нормативтік қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары; мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.

Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:

1) Конституция, конституциялық зандар, кодекстер, зандар;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Презңдентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;

3) Қазақстан Республикасы Парламент! мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;

5) Конститупиялық Кеңестің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

6) ҚР министрлер мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары;

7) мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік каулылары;

8) мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

Туынды нормативтік құқықтық актілердің түрлеріне: регламент, ереже, қағида, нұсқаулық жатады.

Туынды түрлердегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрлердегі

нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен біртұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады («Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның 3-бабын қараңыз).

Қазақстан Республикасы азаматтық заңының тұғыры, арқауы Азаматтық кодекс болып табылады. Ол екі бөлімнен (Жалпы және Ерекше) тұрады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің Жалпы бөлімі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, 1995 жылы 1 наурыздан бастап, ал Ерекше болімі 1999 жылғы 1 шілдеден бастап кұшіне енді. Азаматтық кодекс бөлімдерден, бөлімшелерден, тараулардан, параграфтардан, баптардан, тармақтардан, тармақшалардан, бөліктерден құралады. Онда 62 тарау, 1124 бап бар. Жаңа Кодексте Кеңестік азаматтық заңдарда мүлдем болмаған тұжырымдар көптеп кездеседі, әрі мұндай жаңалықтар нарықтық қатынастардың ерекшеліктерін қамтуды мақсат еткен.

Азаматтық кодекстің 3-бабының 2-тармағы ерекше маңызға ие, онда былай делінген: «Осы Кодекстің 1-бабының 3-тармағында аталғандарды қоспағанда азаматтық құқықтың Қазақстан Республикасының заң актілерінде қамтылған нормалары осы Кодекстің ережелеріне қайшы келген жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады, Қазақстан Республикасынын, заңдарында қамтылған және осы Кодекстің нормаларына қайшы келетін азаматтық құқық нормалары Кодекске тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейінғанақолданылады». Демек, Азаматтық кодекс бәрін үйлестіруші міндетін атқарады екен, сондықтан да азаматтық құқық нормалары енгізілген озге құқықтық нормативтік актілер Азаматтық кодекстін, талаптарына сай болуы тиіс. Ал мұның жақсы жағы да, кемшілігі де бар. Кемшілік жағы мынада, мәселен, Азаматтық кодексте жалпы және арнайы заңдардың ара салмағын реттеуде құқықтық негіз қаланбаған деп ойлаймыз, ал мұның өзі сайып келгенде, тәжірибеде белгілі бір дәрежеде қиындықтар туғызуы ғажап емес.

Азаматтық кодекс меншіктің жеке және баска түрлеріне байланысты қатынастарын бекіте түсуге ерекше мән берген. Шын мәнінде Кодекс бұл мәселеге жаңа козқарас тұрғысынан келеді, яғни азаматтық құқықтық қатынастар қатысушылардың мәртебесін, мәміленің жалпы ережесін айқындайды, меншік құқығын алу мен қорғаудың жаңа тәсілдерін бекітеді, міндеттемелерді қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін, шарттар мен тағы басқаларының озық түрлерін қарастырады. Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексі бүгінгі заман талабына сай келеді.

Басқа да азаматтық, заңдар. Азаматтық құқық дерекнамасының ішінде азаматтық құқықтык зандар да бар. Азаматтық кодекс озінің бірқатар нормаларында осындай заң актілерін (29 заң актілерін), кодекстерді, арнайы заңдарды (мысалы, «Неке және отбасы туралы» заң, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң, «Жер туралы» заң және т.б.) қабылдауды тікелей қарастырған.

Азаматтық кодекстің 3-бабының 3-тармағына сәйкес банктерді құру, қайта ұйымдастыру, банкротқа ұшырауы және тарату, банк қызметін бақылау және оған аудиторлық тексеру жұргізу, банктік операциялардың жекелеген түрлерін лицен-зиялау Азаматтық кодекстің банк қызметін реттейтін заң актілеріне қайшы

келмейтін бөлігімен реттеледі.

Банктер мен оның клиенттерінің қатынастары, сондай-ақ банк арқылы

клиенттер арасындағы қатынастар Азаматтық кодекстің 3-бабының 2-тармағында көрсетілген азаматтық заң тәртібімен реттеледі.