Азаматтық құқық ғылымы

Азаматтық құқық ғылымы туралы қазақша реферат

Азаматтық құқық ғылымы азаматтық кұқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған құқық саласымен ол реттейтін катынастар, азаматтық құқықтың тарихы, оның даму келешегі мен тәжірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық құқық ұғымының өзі құқықтың саласы және заң ғылымының жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде құқықтык нормалардың жиынтығы, екіншісінде — білімнің жиынтығы арқау болады.

Азаматтық кұқық ғылымы сол кұқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепе-теңдікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар азаматтық кодексте жок бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық пәні, азаматтық-құқықтық әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім, міндеттемелер туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті.

Ғылым азаматтық құқықтың не екендігін зерттейді. Бұл орайда қоғамдық қатынастарды тиісінше реттейтін құралдар мен әдістерге ерекше мән беріледі. Әдіс туралы ілім ғылымда әдістеме деп аталады.

Заңгер үшін азаматтық-құкықтық жағдайлардан жол тауып шыға білуі үшін дағды керек. Мұндай дағдыларға ғылыми талдау жасау және азаматтық-құқықтық жағдайларды шешудің ғылыми әдістері жатады.

Цивилистикалык ғылымда жалпы ғылыми тәсілдермен катар талдаудың жеке құқықтық әдістері де пайдаланылады. Жалпы ғылыми әдіске материалистік және тарихи әдістер жатады. Жеке құқықтық әдіске азаматтык құкықта қолданылатын құқықтанудың салыстырмалы әдісі, кешенді талдау, сондай-ақ нақты социологиялық зерттеу әдістері (мысалы, статистикалық мәліметтерді сараптап бағалау) жатады.

Егеменді Қазақстанның азаматтық құқық ғылымы одан әрі творчестволық дами түсуі мақсатында және алда тұрған міндеттерді орындау үшін бүгінде зор мүмкіндіктерге ие.

Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құқықтық-нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді., яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді.

Қазақстан Республикасы азаматтық құқық жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.

Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған құқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азаматтық құқықтың тарихы, оның даму келешегі мен тәжірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық құқық ұғымының өзі құқықтың саласы және заң ғылымының жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде

 

құқықтық нормалардың жиынтығы, екіншісінде – білімнің жиынтығы арқау

болады.

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.

Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, мемлекет.

Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.

Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субъектілер, мазмұны және объектілер.

Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай пайда болғанда ғана пайда болады. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына , өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бүлінуі т.т. заңдылық фактілер болып табылады.

Кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нәтижесінде туатын құыққ қатынастарына қатысушы тұлғалардың өздерінің қалауы және ниетінен тыс пайда болады. Мұндай заңдылық фактілерді оқиға деп атайды. Адамның өлуі, белгілі бір мерзімнің өтіп кетуі фактілері – осылардың бәрі де оқиғалардың қатарына жатады.

Заңдылық салдар, яғни белгілі бір құқық қатынастарын тудыратын тұлғалардың әрекеттері де заңдылық факті болып табылады. Мысалы, мәміле жасасу, ерлі-зайыптылардың айырылысуы, біреуге әдейілеп зиян келтіру заң әрекеттері болып табылады.

Көп жағдайларда құқықтар мен  міндеттер құқық тәртібінде рұқсат етілген әрекеттердің нәтижесінде пайда болып өзгеріп немесе  қысқарып отырады. Заңмен тыйым салынбаған әрекеттер заңды әрекеттер болып табылады. Белгілі бір құқықтық нәтижелер тудыру ниетімен істелген, ерік берілген, заңды әрекеттерге мысал бола алатын, — басқаша айтқанда, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.

Мәмілелермен қатар, тікелей құқық және міндет тусын деген ниетпен істелмеген, бірақ құқық қатынастарының пайда болуына немесе оның қысқаруына негіз болып табылатын сан түрлі әрекеттер болады. Мұндай әрекеттерге мысал болатындар: некелесу, әдеби шығарма жазу, өнертабыс және т.с.с.

Кейбір әрекеттер құыққ тәртібінде тыйым салынғандықтан ғана , яғни заңсыз болғандықтан құқық қатынастарын тудырады. Мысалы:, АК-тің 917-бабында былай делінген: басқа біреудің жеке басына не мүлкіне немесе заңды тұлғаға зиян келтіруші сол зиянды толық өтеуге міндетті. Зиян келтіру болып табылатын болғандықтан, яғни зиян келтірушіні азаматтық жауапқы тарту салдарын тудыратын заңсыз әрекет болғандықтан зиянды өтеу міндеті зиян келтірушінің еркінен тыс ретте болады.