1 Барлық азаматтық – құқықтық санкцияларға мемлекеттік мәжбүрлеу белгісі тән. Алайда, бір санкциялар ешқашан теріс мүліктік салдарларға және кей кездерде кінәлі құқық бұзушыны айыптауға әкелмейді, ал басқа санкциялар әрқашан мүліктік сипаттағы теріс салдарларға және кінәлі құқықбұзушыны айыптауға әкеледі.
Жоғарыда аталған санкциялар қалай аталады? Азаматтық-құқықтық санкциялардың бір немесе бірнеше түрлеріне мысалдар келтіріңдер.
2 Азаматтық – құқықтық жауапкершілік бірнеше қызметтер атқарады, оған нақты бір қағидаттар тән.
Сіздің ойыңызша азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің ұғымы қалай анықталады? Қағидаттар, функциялар дегенді қалай түсінуге болады? Осы қағидаттар мен функциялар қандай? Олар ерекшелене ме әлде құқықтың басқа салаларымен салыстырғанда бірдей бола ма? Қандай жағдайларда азаматтық – құқықтық жауапкершілік пайда болады?
3 Зиян мен кінә жауапкершіліктің пайда болуының маңызды, бірақ, жалғыз емес шарттары болып табылады.
«Зиян» және «кінә» ұғымдарын, олардың түрлерін анықтаңыз. Кінәсіз жауапкерпшілік туындауы мүмкін бе? Егер туындаса, қандай жағдайларда болуы мүмкін? «Моральдық зиян» дегеніміз не? Қай жағдайларда моральдық зиян өтелуге жатады? Жауапкершілік туындау үшін қандай жағдайлар болуы керек? Азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің нысандары қалай сипатталады?
4 Шығынның орнын толтыру кезінде жәбірленуші тұлғалар «залал», «шығын», «тұрақсыздық құны», «өсім», «айыппұл»,«сынақты тұрақсыздық» деген ұғымдармен кездеседі.
Сіз берілген ұғымдар бойынша клиенттерге қандай кеңес берер едіңіз? Олардың құрамы мен арақатынасын анықтаңыздар.
5«Азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің түрлері» кестесін оған деликтті, келісім-шартты, үлесті, ортақ, субсидиарлы, регрессті жауапкершілікті қосып, құрастырыңыз.
6 Мысал ретінде 5 тапсырмадағы ұғымдар қолданылатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің баптарының нөмірлерін келтіріңіз.
7 Ф. Окуневтен И. Журкиннен арендаға алған қойма ғимаратына арендаға алушының кінәсінен ақау келтірілген. Ф. Окунев И. Журкинге келесі залалдардың орнын толтыру туралы талап-арыз қояды:
– өрт нәтижесінде қойма ғимаратына келтірілген залалдар сомасы;
– қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мерзіміне арендалық төлемін;
– құрылыс ұйымы құрастырған сметаға сай қалпына келтіру жұмыстарының бағасы;
– аренда алушы шартқа сай өзіне жүктелген міндетін, яғни, аренда берушінің пайдасына қойма ғимаратын сақтандырған жағдайда, аренда беруші алатын сақтандыру сомасы.
Қандай сомалар сіздің ойыңызша өтелуге жатады.
8 Балық қонсерві зауыты мен сауда үйі арасында балық консервілерін тасымалдау туралы шарт жасасқан болатын. Алайда, зауыт күздің екі айы ішінде консервілерді жеткізбейді, сондықтан сауда үйі оны тұрақсыздық құнын өтеуге міндеттейді. Сотта консервілерді мерзімінде жеткізбеу созылмалы су тасқынына байланысты болғаны анықталады, сол себептен балықаулаушы кемелер теңізге балық аулауға шыға алмаған.
Талапкер жауапкердің дәлеледерін, олар тек зауыт пен балықаулаушы шаруашылықтар арасында мәнге ие деп, танымады. Сіздің ойыңызша, зауыт консервілерді жеткізбегені үшін сауда үйінің алдындағы жауапкершіліктен босатыла ма?
9 Мектеп – интернатта кеш мезгілінде балалар төбелес ұйымдастырады. Нәтижесінде тоғыз жасар Дамир Бекшеновтың аяғы сынады. Ол өзін осы халге жеткізген деп он жасар Талғат Тұртұловты айыптайды. Жәбірленушілердің ата-аналары заң факультетінің студенті Олжас Сарсеевтің кеңесін басшылыққа алып, Т. Тұртұловтың ата-аналарына, оларға және олардың ұлына келтірілген моральдық залалды әрі емдеуге келтірілген шығындарды өтету мақсатымен талап-арыз жасады.
Болашақ заңгердің кеңесі орынды ма?
10 Төменде келтірілген жағдайлардың қатысушылары азаматтық – құқықтық жауапкершілікке тартыла ма? Егер тартылса, кім, қандай нысанда және неге?
– Семей қаласынан Павлодар қаласына су кемесімен теледидар партиясын түсіру кезінде, қатты су тасқыны болып, теледидардың үштен бір бөлігінің кинескоптары сынып қалады.
– Жол бойымен келе жатқан хирург Клюев, жол жиегінде соғылған автокөлігінің жанында отырған, оған бейтаныс 23 жасар Нефедоваға автокөлігінен шығып, оның өміріне қауіп – қатер жоқ деп есептеп, ауруханаға жеткізбей қояды. Бірнеше сағаттан кейін ол автокөлік апатында алынған жарақаты нәтижесінде іш құрылысына қан құйылуынан қайтыс болады.
– «Ақ Бота» лагерінде демалыста болған 40 бала, тәрбиешілері Д. Сүйімбаев ұйымдастырған суға шолмылудың нәтижесінде қатты суық тигеннен ауырып қалады.
– Қарағанды қаласының тұрғындарына арналған, қораптарға бөлшектеп салынған құрғақ шай бар қапқа, ұшақпен жеткізу кезінде кептірілген балық салынған қағаз қораптардың жанына қойылуы нәтижесінде балықтың иісі жұққан.
– Е. Рогов, автокөлік сатып алғанының екінші күнінде асырауында екі кішкентай баласы мен зайыбы бар, мас күйдегі жаяу жол жүруші, А. Некрасовты соғып кетеді. А. Некрасов алынған жарақаттарынан, сезіміне келмей қайтыс болады.
– Ет сақталатын вагон – рефрижераторда суыту құрылғысы сынып қалады. Бұл жағдай Ақсу қаласынан Шымкент қаласына беттеген пойызда орын алған. Ауа – райы өте ыстық болғандықтан ет бұзылып кетеді.